Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Барыс септігі

Казахстан, г. Алматы

ОШ №32

Учитель казахского языка

Тастаганова Гульзагира Сарсенбаевна

Сабақтың мақсаты:өтілген тақырыптарды тиянақтап алу,хат туралы жалпы мәлімет беру,үлгі бойынша хат жазып үйрету;білімділік — қарапайым және шығармашылық түрінде жазылған хат үлгілірі бойынша оқушыларды достарына хат жазып үйрету.Грамматикалық тақырып бойынша сөйлемдегі сөздерді байланыстыру қызметін атқаратын септік жалғауларын дұрыс жалғауға үйрету;тәрбиелік-әңгіме,хат үлгілері,сөйлесу арқылы оқушылардың достық ұғымы туралы түсініктерін кеңейту,тереңдету.Достықты қадірлеуге,мемлекеттік тілде сөйлесуге тәрбиелеу;дамытушылық-оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту,дүниетанымын кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын байыту,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі:хат үлгілері,Венн диаграммасы,достық туралы нақыл сөз жазылған плакат.

Әдістері: сөздікпен жұмыс,сұрақ-жауап,сөйлем құрастыру,оқу,аудару,әңгімелер,ойландыру,рөлдік ойын.Сабақтың барысы:жаздыру,кластер құру,Венн диаграммасын толтыру,рөлдік ойын.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Сәлемдесу,түгелдеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

б)Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

-Балалар,біз қандай модульді өтіп жатырмыз?

-V модуль.Менің достарым.

№1 тапсырма.1 қатардағылар,осы V модульдің кластерін құрастырыңдар.

№2 тапсырма.2 қатар, «достар» сөзіне тірек-сызба құрастырады.

Достар

1.Адал,сенімді адамдар.

2.Сырласады.

3.Достықты бағалайды,сақтайды.

4.Бір-біріне көмектеседі.

5.Қуаныштарымен,реніштерін бөліседі.

1.Жаңа сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

2.Сөздік жұмысын өткізу

3.Жаңа сөздерді қатыстырып,сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыру.

4.Мәтінмен жұмыс.

а)аудару,оқу

ә)белсенді етістіктерді аудару,сөйлем құрастыру.

б)мәтінді талдау.Хатты жазған кім?Болат деген кім?Хат не туралы?Василий хатты қандай мақсатпен жазған?

Диалог бойынша сқйлесуді жалғастыр.

Мәтіннен барыс септігінде тұрган сөздерді табу.

Сөйлесуден барыс септігінде тұрған сөздерді табу.

Ал,енді тақтадағы сөздікке назар аударайық.

а)ауызша,дауыстап оқылады.

ә)дәптерге жазылады.

Еркін-свободно;

Сауатты-грамотный;

Елші-посол;

Қызметкер-служащий;

Дымқыл-влажный

«Skype» бағдарламасы арқылы- по программе «Skype».Қиял қолданамыз.

Дима Астанада Хат жазды. Артем Лондонда

ҚР елшісі мемлекет қызметінде

Ұ.Қ.Қ

Мәтінді аудар.

Сәлеметсің бе,қымбатты досым,Артем?Қалың қалай?Денсаулығың жақсы ма?Лондонның дымқыл ауа райы жақты ма?Сені елші болды деп естідім?Құттықтаймын.мен де мемлекет қызметкерімін.Жуырда Лондонға барамын.Досың-Дима.

Сұрақ-жауап.

-Хат деген не?

-Хаттың қандай түрлерін білесіз?

-Не үйрендік?

А)Мұғалімнің қорытындылау сөзі.

Ә)Бағалау

Б)үйге тапсырма.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности