Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі

Казахстан, г. Семей

КГУ СОШ №10

Учитель казахского языка и литературы

Хасанова Маржан Амангельдиновна

Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесін жан –жақты талқылау.

1. Білімдік міндеті: Оқушылардың әдебиеттен алған білімін тиянақтау. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын меңгерту, әңгімені талдау.

2. Дамытушылық міндеті: Логикалық ойлау қабілетін дамыту; Әңгіме арқылы көркем шығарманы талдау біліктігін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік міндеті: Педагог — жазушының халыққа берген бағыт — бағдарын оқушылар бойынша дарыту, үлгі ету, оқушыларды еңбекорлыққа баулу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, тірек схемалар, болжау кестесі.

Сабақтың әдістері: СТО әдістері: терминдермен болжау әдісі, әңгіме кестесі. Сұрақ — жауап, баяндау әдістері.

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  1. Оқушылармен сәлемдесу.

Өқушыларды сабаққа дайындау.

  1. Жаңа сабақ

Кіріспе. (Мұғалімнің сабақтың мақсатын, міндеттерін түсіндіреді, ақынжазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды).

1. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысының Затабол ауданында туған. Ы. Алтынсариннің өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан атасы Болғожа бидің тәрбиесінде болған. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде орысша білім алуын жақтаған адам.

Ы. Алтынсарин балаларға арнап 1864 ж. 8 қантарда мектеп ашадыү Оған 14 бала оқуға келеді (1841-1889 ж.)

Ы. Алтынсарин балалар білім алса, еңбекқор болса деп армандаған. («Кел, балалар оқылық»). Осы шығармалардың негізгі тақырыптан алсақ.

«Адамгершілік»

«Жақсылық пен жамандық»

«Жастарды жақсы мінезге баулу»

«Білімге, өнерге шақыру»

«Еңбекке үндеу»

«Жаман әдеттен бойын аулақ ұстау»

Өнер — білім бар жұрттар

Кел, балалар, оқулық

Бақша ағаштары

Өзен

Әке мен бала

Жаман жолдас

Оның әрбір әңгімесінің соңында ұлағатты сөз айтылады.

Мысала: «Жаман жолдас» әңгімесінде: «Тар жерде жолдас болма» деп аяқталады.

  1. Ал, енді оның «Әке мен бала» атты әңгімесі не жайында екенін бірінші болжау жасау арқылы білейік. Сонан соң әңгімесі не әңгімелеріңді шығармамен малыстырамыз. «Терминдермен болжау жаса» - әдісі тақтаға әке мен бала, таға және шие суреттері ілінеді. Осы суреттерге қарап әңгіме құрастырып көріңдер.

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

а) әңгмені жазу (немесе ауызша)

ә) оқыту (немесе айтқызу)

б) әңгіменің 1-бөлімін оқу

  1. III. 1-бөлім

ӘКЕ МЕН БАЛА

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Не болады?

Что будет?

Дәлелің

Доказательство

Не болады?

Что было?

Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі не жайында.

2-бөлім.

3-бөлім.

- Көрдің бе, бағана тағаны жаман сынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңекеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласыңү азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың, - деді мәтін аяқталды.

  1. IV. «Әке мен бала» әңгімесі.

- Осы әңгіменің кейіпкерлерін ата.

- Негізгі және қосалқы кейіпкерлер кімдер?

Мазмұндаудың алдында сұрақтарға жауап беріп көрейік:

  1. Әкесі мен баласы қайдан келе жатты?
  2. Әкесі мен баласы егін басыан қалай келе жатты?
  3. Әкесі жолда не көрді?
  4. Әкесі баласына не айтты?
  5. Баласы қандай жауап берді?
  6. Тағаны кім иіліп алды?
  7. Әкесі тағаны не істеді?
  8. Әкесі не істеп алды?
  9. Әкесі баласын қалай ақылға шақырды?

10. Әкесі баласына қалай ақын айтты?

  1. V. Балаға мінездеме беріңдер.

Жаман қасиеттер

Жақсы қасиеттер

Еріншек

Еңбексүйгіш

Жалқау

Еңбекқорлық

Жанын қинамайды

Елгезек

Жай басар

Жүйрік

Салғырт

Сезімтал

Жатып ішер

Пысық

  1. VI. Мәтінді мазмұндау.
  2. VII. Қорытынды
  3. – Қалай ойлайсындар әкесі шиені сатып алысымен неге бірден баласына бермеді? Онда қандай мән бар? Ойларыңды қорытып айтыңдар.
  4. – Әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде түйіні әкесінің қай сөзінде тұр.

- Аз жұмыысты қиынсыңсаң, көп жұмысқа тап боласың?

- Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қалларсың.

  1. Дәптерлеріне жазып алыңдар.
  2. VIII. Бағалау.
  3. IX. Үйге тапсырма «Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын айту.
Комментарии пользователей /1/
  1. Saken1977
    Сабақ құрылымы өте қызықты, маңызды. Өзім де 10 сыныптарда осы Сіздің жоспарыңыз бойынша өткіздім. Рахмет! Сізге тілейтінім шығармашылық табыс.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности