link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379 link7380 link7381 link7382 link7383 link7384 link7385 link7386 link7387 link7388 link7389 link7390 link7391 link7392 link7393 link7394 link7395 link7396 link7397 link7398 link7399 link7400 link7401 link7402 link7403 link7404 link7405 link7406 link7407 link7408 link7409 link7410 link7411 link7412 link7413 link7414 link7415 link7416 link7417 link7418 link7419 link7420 link7421 link7422 link7423 link7424 link7425 link7426 link7427 link7428 link7429 link7430 link7431 link7432 link7433 link7434 link7435 link7436 link7437 link7438 link7439 link7440 link7441 link7442 link7443 link7444 link7445 link7446 link7447 link7448 link7449 link7450 link7451 link7452 link7453 link7454 link7455 link7456 link7457 link7458 link7459 link7460 link7461 link7462 link7463 link7464 link7465 link7466 link7467 link7468 link7469 link7470 link7471 link7472 link7473 link7474 link7475 link7476 link7477 link7478 link7479 link7480 link7481 link7482 link7483 link7484 link7485 link7486 link7487
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Оқушыларды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

ГУ «Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами»

Заместитель директора по методической работе

Куспанова Айнур Оразовна

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатының бірі — жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отан сүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Елбасы өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм — біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» дей келе, «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» деген болатын..

Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі — Отан. Оны таратып айтсақ, бұл — туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы — патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: “Бұл сезім әркімге әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады” деп жазады.

«Отан — отбасыдан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау — уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп керегесінен де басталады. Ендеше, жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу - басты парызымыз.

Негізінде, Отан деген киелі ұғымды санаға сіңіру әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен астасып жатқан ұғымдар. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік тұғырда ұстайды. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адам баласы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпақпен тұтасып, байланысып жатады. Барлық жағынан қалыптасқан ұлттың санасында, түсінігінде, болмысында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген. Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру — қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. Демек, бала тәрбиесі — Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі. Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету — бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады. Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ — ұлттық сана — сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс. Мектептегі өскелең ұрпақтар — болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт. Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің тірегі — білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы керек. «Патриотизм» — ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес. Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен -өзі ,не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының 12 бағытқа негізделген кешенді бағдарламаның 1 бағыты -қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруды көздеген - Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік бағыт. Мектептерде осы бағытта іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сай көптеген шаралар өткізіледі.Атап айтсақ: Тәуелсіздікке қол жеткізудегі қазақстандықтардың сіңірген еңбегін, елдің қазіргі дамуындағы Қазақстан Республикасы Президенті — Елбасының басты рөлін насихаттауға, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған сыныптық сабақтар өткізілді. «Менің туған өлкем» тақырыбында оқушыларға өлке тарихы, тарихи ескерткіштері, белгілі азаматтары туралы мағлұмат беретін стенд жасақталды. «Біздің ортақ үйіміз -Қазақстан», «Қазақстанның болашағы балалар көзімен» тақырыптарында сурет байқаулары, «Бабалар мұрасын сақтаймыз» атты ұлттық қолөнер көрмесі, Халықаралық тілдер фестивалі, «Мемлекеттік нышандар тарихын білесің бе?», «Тіл — достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы», «Тәуелсіздік туы желбірей берсін», «Алтын теңге», «Қазақстан — менің мақтанышым, «Кітап - білім бұлағы», «Ата Заң», «Бейбітшілік белдері» тақырыбында сынып сағаттары , 7-мамыр ҚР қарулы күштерінің құрылған күніне арналған ерлік сабақтары, патриоттық әндер байқауы т.б. игі шаралар өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруда «Жас ұлан» әскери-патриоттық ұйымының рөлі ерекше. Мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі жетекшілік ететін бұл ұйым жоғары буын оқушыларымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.Ұйым мүшелері жыл сайын өткізілетін қалалық, облыстық «Алау» патриоттық ойынына қатысып, жүлделі орындарыди иеленіп жүр.Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы жастардың тағдыр-тәлейінің қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге де оқу орындарының басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі. Ендеше, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға жұмыла атсалысайық, әріптестер!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности