link9922 link9923 link9924 link9925 link9926 link9927 link9928 link9929 link9930 link9931 link9932 link9933 link9934 link9935 link9936 link9937 link9938 link9939 link9940 link9941 link9942 link9943 link9944 link9945 link9946 link9947 link9948 link9949 link9950 link9951 link9952 link9953 link9954 link9955 link9956 link9957 link9958 link9959 link9960 link9961 link9962 link9963 link9964 link9965 link9966 link9967 link9968 link9969 link9970 link9971 link9972 link9973 link9974 link9975 link9976 link9977 link9978 link9979 link9980 link9981 link9982 link9983 link9984 link9985 link9986 link9987 link9988 link9989 link9990 link9991 link9992 link9993 link9994 link9995 link9996 link9997 link9998 link9999 link10000 link10001 link10002 link10003 link10004 link10005 link10006 link10007 link10008 link10009 link10010 link10011 link10012 link10013 link10014 link10015 link10016 link10017 link10018 link10019 link10020 link10021 link10022 link10023 link10024 link10025 link10026 link10027 link10028 link10029 link10030 link10031 link10032 link10033 link10034 link10035 link10036 link10037 link10038 link10039 link10040 link10041 link10042
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Спорт жеңімпаздары

Казахстан, г. Семей

КГУ СОШ №10

Учитель казахского языка и литературы

Амренова Гульдана Сапаргалиевна

Сабақтың мақсаты: Еліміздің спорт жеңімпаздарымен таныстыра отырып, спорт ойындарына қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік:Оқушыларға реттік сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіру;
  2. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
  3. Тәрбиелік:Оқушыларға еліміздің спорт жеңімпаздарымен таныстыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс,деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі:

Спортшылардың суреттері, кестелер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

- Сабаққа дайындықтарың қалай?

- Бүгін кім кезекші?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Сыныпта кім жоқ?

( Кезекшімен сұхбаттасып,оқушылардың көңіл-күйлерін байқау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

- Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау, 162 бет, І деңгей жазбаша орындау. Берілген сөздермен мәтін құрап жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ: Спорт жеңімпаздары( лексикалық тақырып )

Реттік сан есімдер ( грамматикалық тақырып)

Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп,нешінші? Деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімге- ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы : екінші, он бірінші, т.б

Сабақтың тақырыбын,мақсатын оқушыларға айтып кету

-Балалар, бүгін біз сендермен спорт жеңімпаздары туралы өтеміз.

-Еліміздің қандай спорт жеңімпаздарың білесіңдер?

-Олар қандай спорт түрлерінен жеңімпаз атанған?

(Оқушыларға спортшылардың суретін көрсетіп,кімнің қандай спорт жеңімпазы екенін көрсетіп, айту).Айтылым.

Сөздік жұмысы:

Жел- ветер Жүйрік — быстрый

Қозғалыс — движение Саты- уровень

Үштік — тройной

Берілген жаңа сөздермен сөйлем құрып, тақтаға жазып, талдау.

1-тапсырма .Сөйлемдерді аяқтаңдар.

1.Қазақстан –

2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін …

3.1996 жылы Атлантада …

4. 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында өткен олимпиадада …

1..... Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды.

2.... ежелден спорттық дәстүрі бар ел.

3.... боксшылар

Б.Саттарханов ,Е.Ибраимов, желаяқ О.Шишигина чемпион болды.

4.... палуан Ю.Мельниченко, боксшы В.Жиров чемпион атағын алды.

2-тапсырма. Деңгейлі тапсырмаларды орындау. Жазылым.

3-деңгей.

1) Тіркесті сөздер деген не? Олар қандай сөз таптарынан жасалған?Мысал келтір.

2) Реттік сан есімдердің жасалу жолдары қандай? Мысал арқылы түсіндіріңдер.

2-деңгей

1) Ортақ етіске бірнеше мысал келтіріп,жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

2) Спорт терминдерін пайдалана отырып, сөйлемдер құрааңдар.

І-деңгей

Тіркесті сөздер мен реттік сан есімдерді пайдалана отырып, ұнататын спорт ойындары ,спортшылар туралы хабарлама дайындаңдар.

ІҮ . Бекіту:

Сабақты бекіту мақсатыда оқушыларға үлестірме карталар тарату,тапсырмалар арқылы меңгергенін анықтау.

Тапсырма: Тиісті жұрнақтарды қой. Жазылым.

Майра жетін … сыныпта оқиды. Әмір үш… курста оқиды. Әсем үш жүз он екін .... үйде тұрады. Николай бес… қабатта тұрады. Виктория қырық тоғыз .. бөлмеде отыр. Бекзат саттарханов екі мың .... жылы сидней қаласында өткен олимпиада ойынында алтын медаль алды.

Ү. Қорытыңды : Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсытында оқушыларға сұрақтар қою. Айтылым. Тілдесім.

- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік? Не білдік?

- Тағы қандай спорт жеңімпаздарымен таныстық?

-Олимпиада жеңімпаздары туралы не білдік?

- Қандай боксшылармен таныстық?

- Бүгінгі тақырып арқылы не түйдіңдер?

ҮІ . Бағалау : Оқушыларды сабаққа қатысқаны ,берген жауаптары бойынша бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:

Ереже, жаңа сөздерді жаттау, 3-тапсырма,163 бет. Сочи қысқы олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан спортшылар туралы мәлімет жинап әкелу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности