link6360 link6361 link6362 link6363 link6364 link6365 link6366 link6367 link6368 link6369 link6370 link6371 link6372 link6373 link6374 link6375 link6376 link6377 link6378 link6379 link6380 link6381 link6382 link6383 link6384 link6385 link6386 link6387 link6388 link6389 link6390 link6391 link6392 link6393 link6394 link6395 link6396 link6397 link6398 link6399 link6400 link6401 link6402 link6403 link6404 link6405 link6406 link6407 link6408 link6409 link6410 link6411 link6412 link6413 link6414 link6415 link6416 link6417 link6418 link6419 link6420 link6421 link6422 link6423 link6424 link6425 link6426 link6427 link6428 link6429 link6430 link6431 link6432 link6433 link6434 link6435 link6436 link6437 link6438 link6439 link6440 link6441 link6442 link6443 link6444 link6445 link6446 link6447 link6448 link6449 link6450 link6451 link6452 link6453 link6454 link6455 link6456 link6457 link6458 link6459 link6460 link6461 link6462 link6463 link6464 link6465 link6466 link6467 link6468 link6469 link6470 link6471 link6472 link6473 link6474 link6475 link6476 link6477 link6478 link6479
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
"БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ."

Казахстан,Кызылординская область,ст.Казалинск

Казалинский гуманитарно-технический колледж

Учитель физики

Каракулова Роза Тыныштыкбаевна

"БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ."

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.Қазакстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Қоғамды ақпараттандыру экономиканың,ғылымның,мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру-жауапкершілік сезімі мол,терең білімді,жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді.Қоғамды ақпараттандыру негізгі бөлігі-білім беруді ақпараттандыру.Олай болса,ол-білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметіне пайдалануға жан-жақты дайындауымыз қажет.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал.

Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап,керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану,ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады.Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен,тірек сызбалармен,кестелермен меңгертуге жол ашады.Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар,қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады.Электрондық оқулықтарды еңгізу уақыт үнемдейді,мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі.Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге,оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға,оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге,оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдермен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады.

Информатика-іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және ақпараттық технологияның базасы ретінде,адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді.Ақпараттандыруда-білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады,нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсері мен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді.Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.

Ақпараттық технолгия-обьектінің,процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау,өңдеу,жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Компьютерлік технология-компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология.

Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:

-қоғам мүшелері әрекеттерінің тұрақты кеңейетін баспа түрінде жинақталған ғылыми,өндірістік интеллектуалдық потенциалын белсенді пайдалану;

-қоғамдық өндірістің барлық сфераларының дамуын іске асыратын ғылыми және өндірістік ақпараттық технологияларды интеграциялау;

-пайдаланылатын мәліметтердің нақтылығын,бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын,қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді ақпарат көздерін пайдалануын,ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.Олай болса,білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға,Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңестікті әлемдік білім беру кеңестігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:

-ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

-білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап,жүзеге асыру;

-оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

-мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;

-білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды,электрондық оқулықтарды жасақтау;

-педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру;

Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:

-қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

-жеке тұлғаның интелектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-білім мен тәрбиенің бірізділігі;

-жалпы компьютерлік сауаттылық;

-оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы (интенсификация).

Білім беруді ақпараттандыру,білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.Мамандардың біліктілігін көтеру міндеттерін шешуде оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесі мүмкіндіктері ұсынылады:

-ақпараттық мәдениет элеменеттерін қалыптастыруда білім мекемелерінің мамандарының қажеттілігін қанағаттандыру:информатика,ақпараттық және желілік технологиялар саласы бойынша жаңа білімдер алу;

-білім беру жүйесін басқару мамандарын және пән мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге үйрету (buy essay papers online);

-қашықтықтан оқыту формаларына мұғалімдердің қызметін бағыттау;

-облыстағы білім беру мекемелерін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік бағыт бойынша жетекшілік ету;

-облыстық біртұтас білімдік желісінің ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;

-оқу процесі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негізінде олардың озық тәжірибелерін тарату;

-білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің жаңа ақпараттық технологияны меңгеру саласы бойынша біліктілігін көтерудің даярлау міндеттерін шешуде институт көлемінде осы сала бағытында өткізілетін курстарды сабақтастыру процесі жүзеге асырылуда.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

-білім берудің әдіснамасын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;

-білім берудің әдістері мен формаларын ұйымдастыру;

-қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;

-оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;

-білім алушының интеллектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;

-өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;

-ақпараттық-оқу,эксперименттік зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;

-тестілік ,диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Заманауи ақпараттық-компьютерлік технологияның білім беру саласына ендірілуі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұнын,әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.Педагогикалық бағыттағы мамандарды оқыту жүйесінде ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдаланудың мақсаты жаңа ақпараттық қоғамдағы оқып үйренушінің кәсіби даярлықтарын арттыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.Сондай-ақ,білім беру жүйесі буындарындағы оқу үдерісін жекелеу,қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру әрекеттерін іске асырады.И.Роберттің ғылыми-зерттеу еңбектерінде жаңа ақпараттық технология құралдарын педагогикалық мақсатта қолданудың келесі негіздері белгіленген:

  1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейін қарқындату бағытында,яғни:

-оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;

-танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;

-пәнаралық байланыстарды тереңдету;

-қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.

2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту,ақпараттық қоғам жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар,яғни:

-түрлі ойлау қабілеттерін дамыту;

-байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту;

-күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;

-компьютерлік графика мен мультимедия технологияларын пайдаланып,эстетикалық тәрбиелеу;

-ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

-жағдай немесе мәселені модельдей білуді дамыту;

-тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары,яғни:

-ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау;

-тұтынушыны компьютер құралдары мен дайындау;

-информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.

Болашақ мұғалімдердің өз қызметтерінде ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану даярлығының деңгейі жоғары болуы үшін оқыту үдерісі барысында олардың дербес даму дағдыларын,болашақ қызметке кәсіби даярлық барысында ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға талпыныстарын ескеру қажет.

Бұл мәселені шешудің келесі жолдарын қарастыруға болады:

-оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын жетілдіру;

-лекциялық,практикалық,лабораториялық сабақтарға оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын кеңінен ендіру;

-ақпараттық технологиялар бағыты бойынша біліктілігін көтеру үшін арнайы курстар ендіру.

Осы мәселелерді іске асыру бағытында түрлі міндетті және таңдау пәндерін оқытуда болашақ педагогтардың сапалы даярлығын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік жабдықтар тобын қалыптастыру қажет.Атап айтқанда:

-лекциялар конспектілері;

-кескіндемелік мультимедиялық лекциялар;

-пән бойынша практикалық сабақтардың баспадан шығарылған түрдегі әдістемелік нұсқаулары;

-тақырыптар бойынша құрастырылған тестілеу жүйесі;

-терминдердің түсіндірме-сөздігі;

-өзіндік бақылау блогы;

-оқу құралын пайдалану әдістемесі;

-мультимедиялық құрал картасы.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану студенттердің дүниетанымын кеңейтіп,білім сапасын көтереді.

Белсенді әрекет нәтижесінде болашақ мұғалімдер ақпараттық-компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін оқытушы тарапынан жаңа материалды өткенде,өзіндік жұмыстарды орындауда,дидактикалық материялдар құрастыруда,дипломдық жоба жұмыстарын қорғауда кеңінен пайдаланады.

Жоғарыда келтірілген талдаулардың негізінде болашақ мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияларды білім беру ісінде қолдану даярлығын қалыптастыру әрекетінің нәтижесі ретінде келесі жағдайларды атауға болады:

  1. Болашақ мұғалімдердің ақпараттық- компьютерлік технологияларды кәсіби қызметте қолдануына қажетті білімді игеруі мен оны практикада тиімді пайдалану тәжірибесін меңгеруі.
  2. Болашақ маман және ақпараттық қоғам мүшесі ретінде ақпараттық мәдениеттілік қабілетін дамытуы мен әдістемелік дайындығының жоғары деңгейлілігі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы

2. «Информатика негіздері»

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігі.Информатика және компьютерлік технология. –Алматы «мектеп»,2002.

4.К.М.Беркінбаев.Б.Д.Сыдықов.Информатикалық пәндерді оқытудың педагогикалық технологиясы.//Қазақстан мектебі.2006.

5.Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении:дидактическая проблема,перспектива использования//Информатика и образование.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности