Казахстан,Алматинская область,г. Алматы
Высшая школа Экономики и Бизнеса
Студенты 4 курса
Сарсенбиева Әдемі, Қабдолдаева Балжан
Білім мен ғылымның алтын ордасы- әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Университеттің негізі сонау 1934 жылда қаланған болатын. Құрамына 14 факультет, 11 ғылыми орталық кіреді, 67 мамандықты қамтыған. Осы аталмыш факультеттердің ішіндегі ерекше деп атауға тұрарлық факультет, ол- тереңдетіп меңгеруге бағытталған, университтетегі ең көп студенттер (4000) осы факультетте шоғырланған, бұл оның сұранысқа ие екендігіне дәлел бола алады.
Қаржы кафедрасына тоқталсақ, қаржы саласының мамандарын дайындап, биржа әлеміне қанаттандыратын, несие ұйымдары, сақтандыру саласын, бағалы қағаздармен жұмыс жасауды, ең бастысы бүкіл қазынаның көзі салық салу мамандығын меңгертеді. Оқу барысында шетел және отандық мамандар тәжірибесі пайдаланылады. Студенттердің белсенділері де осы қаржы саласында деуге болады, себебі студенттердің көпшілік бөлігі алтын белгі, үздік аттестат иегерлері.
Біз, Сарсенбиева Әдемі және Қабдолдаева Балжан киелі мекен Алакөл ауданының 2010 жылғы алтын белгімен тәмамдаған жастарымыз. ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, қаржы мамандығына тапсырдық, біздің салаға көпшілік грант бөлініп, біріміз мемлекеттік, біріміз ректор тағайындаған грантты жеңіп алдық. Қаржы саласын тереңінен меңгерген 5 минутсыз маман атанғалы отырмыз. Елбасымыз қаржыны күретамырға теңеген, елдің қазынасын салық құрайтындығы да рас. Ал осы аталғандарды қадағалайтын, меңгеретін мамандар, ол- қаржыгерлер! Жас түлек, бізге қосыл, ел экономикасын бірге көркейтейік!