Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ел рәміздері

Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент

Школа-гимназия №107 им. Юсуфа Сареми

Учитель начальных классов

Шаниязова Клара Инагамжановна

Сабақтың мақсаты: Білімділік.Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу және еліміз үшін асқақ сезім екенін түсіндіру.Мемлекеттік рәміздерді ажырата білу, өнер туындыларының авторларын білуге үйрету.

Тәрбиелік:Қазақстан азаматтарының мемлекеттік рәміздердің алдындағы борышын түсіндіру.Елін, жерін сүюге, оқушыларды патриоттық сезімге, отансүйгіштікке, оны қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық-танымдық қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, проект,сызбалар,семантикалық карта,физикалық карта.

Сабақ өту әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, ойын.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушыцларды топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Кластер стратегиясын пайдалану, картамен жұмыс жүргізу, сабаққа қатысқан оқушыларға бонустар тарату

ІІІ. Сергіту сәті: Шырша

Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру.

Дәптермен жұмыс:

10 СӘУІР

Ел рәміздері

1992 жыл 4 маусымда мемлекетіміздің Туы, Елтаңбасы,Әнұраны туралы заң қабылданды.

Тудың авторы:Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторы:Жандарбек Мәлібеков және Шота Уалиханов

Әнұранның авторы:Шәмші Қалдаяқов, Жүмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев.

Топпен жұмыс:әр топқа бөлек тапсырма беру, 1 топқа Ту, 2 топқа Елтаңба, 3 топқа Әнұран.

Республикамыздың ел рәміздері қай жерлерге орнатылуын суреттер арқылы көрсету.

Сөздік

Мөр- құжаттарды растайтын белгі.

Төлқұжат-азаматтарға берілетін құжат

Шалқиды-әннің немесе өлеңнің айтылуы, орындалуы

IV. Сабақты пысықтау:Семантикалық карта арқылы білімдерін пысықтау.

VI. Үйге тапсырма: Мәтінні оқү, түсінік айту.

VII. Бағалау: Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды жинаған бонустарына қарай бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности