link7923 link7924 link7925 link7926 link7927 link7928 link7929 link7930 link7931 link7932 link7933 link7934 link7935 link7936 link7937 link7938 link7939 link7940 link7941 link7942 link7943 link7944 link7945 link7946 link7947 link7948 link7949 link7950 link7951 link7952 link7953 link7954 link7955 link7956 link7957 link7958 link7959 link7960 link7961 link7962 link7963 link7964 link7965 link7966 link7967 link7968 link7969 link7970 link7971 link7972 link7973 link7974 link7975 link7976 link7977 link7978 link7979 link7980 link7981 link7982 link7983 link7984 link7985 link7986 link7987 link7988 link7989 link7990 link7991 link7992 link7993 link7994 link7995 link7996 link7997 link7998 link7999 link8000 link8001 link8002 link8003 link8004 link8005 link8006 link8007 link8008 link8009 link8010 link8011 link8012 link8013 link8014 link8015 link8016 link8017 link8018 link8019 link8020 link8021 link8022 link8023 link8024 link8025 link8026 link8027 link8028 link8029 link8030 link8031 link8032 link8033 link8034 link8035 link8036 link8037 link8038 link8039 link8040 link8041 link8042 link8043 link8044 link8045 link8046 link8047 link8048 link8049 link8050 link8051 link8052 link8053 link8054 link8055 link8056 link8057 link8058 link8059 link8060 link8061
Maidash Temirzhanova
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:
Регион:Республика Казахстан Павлодарская область. город Аксу
Кәнекей, жігіттер сайысы

М.Қ.Теміржанова.,З.Б.Қаппасова.

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Кәнекей, жігіттер сайысы

Сайыстың мақсаты: Қазақтың салт — дәстүрі мен әдет — ғұрпын, асыл қасиеттерін насихаттау.

Мәжіліс залда әуен ойналып тұрады.

І. Сайыс алдында жігіттер өз нөмірлерін таңдап алады.

ІІ . Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1. Абилова А.Н.

2. Байжанова Ә.С.

3. Арынова Н.Б.

ІІІ. Сайыскер жігіттер сахнаға «Алға, жігіттер» әнімен көтеріледі. Сайыстың шартымен танысады. Сайыс бес кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру сайысы (5 ұпай)

2. Сұрақ — жауап сайысы (5 ұпай)

3. Өнер сайысы (5 ұпай)

4. Мақалшылар сайысы (айтқан мақалдары саналады)

5. Күш сынасу сайысы (қанша гір көтереді)

ІV. 1). Бірінші кезеңді бастайық « Тегімді менің сұрасаң» деп қатысушылар өздерін таныстырады. (Әділқазылар сайыстың ұпайын жариялайды).

2). «Білімдіден ақыл шығар,

Ақылдыдан нақыл шығар» - дегендей, сайысымыздың келесі сынағын байқайық (Сұраққа жауап беріп болған соң, әділқазылар алқасы ұпайларын белгілейді)

3). « Жігітке жеті өнер де аз» дегендей қатысушы жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

Үй тапсырмасы (сурет, қолөнер, тақпақ, өлең)

(Әділқазыларға сөз кезегі беріледі, сайыскерлердің ұпайларын айтады).

4). «Өнер алды қызыл тіл» - дейді халық. Бұл сайыста әр қатысушы қоржыннан өз тақырыптарын таңдап алып, біраз уақыт дайындалады.

Осы кезде біз ән тындаймыз (балалардың өнерін тамашалаймыз).

Әннен кейін әр сайыскеріміз өз тақырыбына байланысты мақалдарын айтады. Кім көп айтады, сол жеңеді.

(Әділқазылар жігіттеріміздің алған ұпайларын хабарлайды).

5). «Ақылына күші сай» деп жігіттеріміздің мықтылығын, күштілігін сынайтын кезеңімізде жетті.

Жігіттер алдындағы гір тасын неше рет көтереді соңы байқау. Ең көп көтерген сайыскер женімпаз болады.

Әділқазылар әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтағанша, би тамашалаймыз.

Сайыстың соңында қорытынды жасалып қатысушылар марапатталады.

Номинациялар:

1. Сегіз қырлы бір сырлы

2. Сері жігіт

3. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

4. Жігерлі

5. Тапқыр

6. Көрермен көзайымы

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности