Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау
ОС школа-интернат №3 для одаренных детей
Воспитатель
Сембаева Гульнар Сеитовна
Мақсаты: ұлттық мәдениет, ізгі салт, әдет-ғұрыптарды балалар бойына сіңіру,имандылық, ізгілік, сезімталдық әдептілік қасиеттерді қалыптастыру. Сұлулыққа, ақылдылыққа, тапқырлыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, қоржын, асық, магнитофон.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ән айту, би билеу.
Барысы: С.Тұрысбековтың “Көңіл толқыны” күйі ойнап отырады.
Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! Міне, көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз Халықаралық әйелдер куні де келіп жетті. Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген,раушан гүлдей қош иісті, сымбатты аналар мен кішкентай арулар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше, сайысымызды бастауға рұқсат етініздер!
Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.
1-бөлім ”Мен қазақтың қызымын”(өзін таныстыру).
2-бөлім ”Өнер алды-қызыл тіл”мақалдан жарыс( тіл, өнер, еңбек туралы).
3-бөлім ”Он саусағы майысып” (ою ойып, түйме қадайды).
4-бөлім ”Біле білген білімді” (туыстық атауларға байланысты сұрақтар).
5-бөлім ”Әлди әуен әлемі” (өз өнерлерін ортаға салады).
6- бөлім ”Тал бойына жарасар сәндік киім” (киім үлгілерін ұсынады).
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділдікпен алқаларын сайлайық,
Ақ аруды тандап бүгін алуға.
Әділқазылар мүшесі таныстырылып, есепші сайланады.
Жүргізуші: Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық (киім киісі, өзін ұстауы, сәлем беруі).
“Қыз сыны”әні ойнап тұрады. Әрбір аруға өзім арнап шығарған өлең жолдарымды оқып, қыздарды ортаға шақырдым.
1.Аруларға біз бүгін тамсанайық,
Қыздар деп біз бүгін ән салайық.
Келе жатқан Серікқызы Аружанды,
Құрметпен қол соғып, қарсы алайық!
2. Білім құйған бойына,
Сақтап жүрер ойына.
Игерген бар білімді,
Шақырайық ортаға,
Сымбатқызы Әленді!
Қарсы алайық Дананы -
Үлгілі қыз ибалы.
Мерекеге бүгінгі,
Әкелген көп сыйлары.
4.Танаулары бүлкілдеп,
Бұрымдары желпілдеп,
Енді Айнұр шығады,
Бүгін жаяу келдім деп.
5.Әдемі қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп,
Келеде, әне, Аружан,
Апай білесіз бе, бүгін мен,
Қыз сынына келдім деп.
6.Сабырлы қыз — Салтанат,
Өн бойында бар талап,
Игерген бар өнерді,
Өнерінді төк енді.
7.Өнер жиған бойына,
Салтты сақтап бойына.
Шығады қазір ортаға
Қайратбекқызы Альбина!
8.Алдында көп армандары,
Шығар биік белесі.
Төгеді бар өнерді,
Қарсы алайық,ендеше,
Ерболқызы Ырысжанды!
9.Толықсыған толған-ай,
Айдай көркем болған-ай,
Қол соғып, қарсы алайық,
Шығады ару - Әсемай!
10.Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын,
Қыз сынына кеп қапты,
Еркежандай батылым.
11.Сөйлеген сөзі ақтандай,
Ағарып таң атқандай.
Қошеметпен,қарсы алайық,
Шығады,Еркін Әнел ақ мандай!
Жүргізуші:
Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,
Баласын шапағаты саялаған,
Ежелден қыз өсірген қайран қазақ,
Ақ батасын арудан аямаған.
Ақ жаулықты ана қыздарға ақ батасын беріп, ақ жол тілейді.Тұмар тағу арқылы арулардың реттік нөмері анықталады.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәсекеге түскен кішкентай ару қыздар,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
1.”Мен қазақ қызымын”өзін таныстыру.
Таныс болдық арулар тегіменен,
Туып-өскен мекені,еліменен,
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой тегі өлең.
2.”Өнер алды-қызыл тіл”мақалдан жарыс (тіл , өнер, еңбек туралы).
Мақал-мәтел –сөз мәйегі,тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі,
Қарапайым қазақ тілі, өз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.
3.”Он саусағы майысып”.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің қыздар өнерлі.
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты,
Ою сынды өнермен,
Түйме қадау дегенді.
Қыздарымыз салмақты,
“Әке көрген –оқ жонар,
Шеше көрген тоң пішер”,
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір-бірінен кем түсер.
Бірінші ою ояды, содан кейін түйме қадайды.
4. .”Біле білген білімді.
Жекжат кім,жұрағат кім,жамағат кім,
Көңіліне тоқып бәрін жүре ме екен?
Туысты қалай атау керектігін,
Қанекей,біздің қыздар біле ме екен?
Қоржыннан нөмерленген асық алып , сұрақтарға жауап береді.
5. ”Әлди әуен әлемі”
Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ,ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
6. ”Тал бойына жарасар сәндік киім”(киім үлгілерін ұсынады).
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне өңі сай келіп тұрған,
Аруларға қызықып қарасасын.
Киім үлгілері ұсынады.А.Еңсеповтың ”Балалық” күйі ойнап тұрады.
7.Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге,
“Қыздар сыны’мінекей,
Келіп жетті мәреге.
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші!
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал,аруларға сәттілік тілейікш
8.Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріліп, аруларымыз бас жүлде 1, 2, 3 орындармен марапатталды.