Мақсаты: а) білімдік:0 — ден 10 — ға дейінгі сандар қатары, қосу, азайтуға байланысты
білімдерін тиянақтау, одан әрі жетілдіру;
ә) дамытушылық: балалардың есептеу, санау, логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды жылдам есептей білуге, басқаларды тыңдай білуге,
ауызбірлікке тәрбиелеу.
Сабақты жүргізу әдісі: қайталау, пысықтау.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, цифрлар, ребустар, цифрограмма, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Баларды топқа бөліп отырғызу.
(Тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, бесбұрыштарды қалағандарынша алып, сол геометриялық фигураларына қарай топқа бөлінеді).
ІІ. Кіріспе бөлім.
Сандық сөздік құрай отырып, шыршаны безендіру, әрі топ атын құрап шығады.
5 |
8 |
6 |
3 |
1 |
ө |
р |
к |
е |
н |
9 |
2 |
7 |
5 |
4 |
ж |
а |
л |
ы |
н |
0 |
4 |
10 |
3 |
7 |
д |
а |
р |
ы |
н |
Әзіл есептердің жауабын табуға тырысады. Әрбір дұрыс жауапқа топқа бір ұпайдан беріліп отырады.
1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы тоғызқұмалақты неше сағат ойнады?
2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут қажет деп ойлайсың?
3. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?
Берілген шаршылардың бос торкөздеріне белгіленген сандарды қайталамай орналастыру керек. Уақыт беріледі.
3 |
2 |
4 |
5 |
7 |
9 |
1 |
5 |
9 |
2 |
4 |
8 |
5. Тақтада ілінген ребустарды шешіп, шешімін айту.
Ешкі, күн, ірімшік (екі)
Сүт, есек, гүл, ілгіш, зебра (сегіз)
Тон (он) Себетс (бес)
6. Сан ретін тап.
Мақалдарда берілген сөздердің әрбір буынының артына сандар жазылған. Ол сандар шашыраңқы етіп орналасқан. Балалар сандарды ретімен орналастыра отырып, құрастырылған мақалдарды оқиды.
ІҮ. Қорытынды бөлім.
Жарыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топ анықталады.
Ү. Музыкалық үзіліс.
«Есеп сабағы» әнін орындарынан тұрып орындайды.