link2520 link2521 link2522 link2523 link2524 link2525 link2526 link2527 link2528 link2529 link2530 link2531 link2532 link2533 link2534 link2535 link2536 link2537 link2538 link2539 link2540 link2541 link2542 link2543 link2544 link2545 link2546 link2547 link2548 link2549 link2550 link2551 link2552 link2553 link2554 link2555 link2556 link2557 link2558 link2559 link2560 link2561 link2562 link2563 link2564 link2565 link2566 link2567 link2568 link2569 link2570 link2571 link2572 link2573 link2574 link2575 link2576 link2577 link2578 link2579 link2580 link2581 link2582 link2583 link2584 link2585 link2586 link2587 link2588 link2589 link2590 link2591 link2592 link2593 link2594 link2595 link2596 link2597 link2598 link2599 link2600 link2601 link2602 link2603 link2604 link2605 link2606 link2607 link2608 link2609 link2610 link2611 link2612 link2613 link2614 link2615 link2616 link2617 link2618 link2619 link2620 link2621 link2622 link2623 link2624 link2625 link2626 link2627 link2628 link2629 link2630 link2631 link2632 link2633 link2634 link2635 link2636 link2637 link2638 link2639 link2640 link2641 link2642 link2643 link2644 link2645
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Көңілді старт

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Уланский район, пос. Касыма Кайсенова

КГП " Средняя школа им. Райымжана Марсекова"

Учитель математики

Чамакаева Асем Хамитовна

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ой қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жай бөлшектер тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу. Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Лондон қаласында өткен жаздық Олимпиада жүлдегерлерінің жетістіктерін насихаттай отырып, Еліміздің жеткен мәртебесі және Сочи қаласында өтіп жатқан қысқы «Ақ олимпиада» ойындарына да қатысушы спортсмендерге тоқатала отырып оларды қолдау, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға ықпал жасауға тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ұшқыр ойлылыққа, бәсекелестікке тәрбиелеу, бір-біріне өзара іс-әрекеттерінде қолдау көрсетуге тәрбиелеу, оқушылардың денсаулығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.

Дамытушылық: Ұйымшылдықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, белсенділікпен және өз бетімен жұмыс істеуге баулу, оқушылардың дүниетанымдылығын кеңейту, оқушылардың іс-қимыл және қозғалыс әрекеттерін жандандыру, кеңістікте бейімделуге машықтау.

Түрі: жарыс түрінде. Өтілетін орын: Спортзал.Өтілетін сынып: 5 «А»,5 «Б»

Керекті құрал — жабдықтар: проектор, экран, спортинвентарь

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.

Қатысатын командалар: сынып оқушылары, капитан командалары

ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз

Құрметті оқушылар! ХХХ жазғы Олимпиада ойында­рын­да­ғы жеңістеріміз еліміздің абыройын одан әрі шарықтатты. Көк байрақты жас мем­ле­ке­тіміздің беделінің артуына зор ықпалын тигізді. Олимпиадада 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жүлделеріне И. Ильин, А. Винокуров, М. Манеза, З.Чиншанло, С. Сапиев, О. Рыпакова,С. Подобедова ие болып Еліміздің туын көкке желбіретіп, абыройымызды әлемге марқайтты. (Слайдта олимпиада жүлдегерлерінің суреттерін көрсету). Салауатты өмір салтын ұстану осы іс-шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан Еліміздің әрбір азаматы кәрі әже - аталарымыздан бастап, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, өмір сүріп отырған ортада, мектепте жағдай жасап денсаулықты сақтауға, спорт пен айналысуға талпыну қажет. Сонымен қатар биылғы жылы Сочи қаласында «Қысқы олимпиада ойындары 2014» басталғанын білесіңдер. Біздің Қазақстан Республикасынан да бірнеше спортшылар сол тартысқа қатысуда, сол спортшыларымызға «Ақ жол» және сәттілік тілеп қолдау шарасы ретінде бүгінгі сайсымызды біздің елдің спортшылары жетістіктерге жетсін деп қолдау іс-шарасы ретінде өткізгелі отырмыз. Ендеше оқушылар біздің спортшыларға «Тек қана алға!» деп тілеп ойынымызды бастайық. ( слайдта Сочи 2014 ойынына қатысатын спортшылар суретін көрсету). Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік. Сіздерге жеңіс тілейік, — дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар! (5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары 2-топқа бөлініп сапқа тұрады).

Эстафета түрлері:

  1. «Топты таныстыру»
  2. Қосаяқ
  3. Секіртпемен секіру»
  4. «Формула » ойыны
  5. Теннис
  6. «Мерген» айып сызығынан допты себетке лақтыру
  7. Кім жылдам? Карточкадағы есептерді кезекпен келіп шығару.
  8. Капитандар сайысы

1. «Топты таныстыру» Әр команда топтың ұранын атын айтады. 2. Қосаяқ. Белгі бойынша ойыншылар секіріп барып, секіріп қайтады. Берілген есептерді шығарып қайтады. Әрбір дұрыс есеп үшін 3 ұпай беріледі. 3. «Секіртпемен секіру» 1-ші белгіге дейін секіртпемен секіре барып, секіртпені тастап, сұраққа жауап беріп, допты ыршытып алып жүру және қайта оралу. 4.«Формула» ойыны. Скейтбордпен екі оқушы барып шеңбер ішінен қиық карточкалардан формула құрастыру керек. Әр екі ойыншы әрбір баруында бір формула құрайды. Берілген уақыт ішінде құралған формуланың санымен есептелінеді. 5. Теннис ойыны.Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы теннис ракеткасымен шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді. Сосын топпен сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 3 ұпай. 6. «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру. Есеп таңдап сол есепті шығару. Әрбір допқа 3 ұпай. 7.Кім жылдам? Карточкадағы есептерді шығару. 8.Капитандар сайысы.Команда капитандары жарысы. Логикалық сұрақтарға жауап беру қажет. Жеңгеніне 10 ұпай.

ІІІ. Қорытынды бөлім. Құрметті оқушылар! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности