Казахстан, Жамбылская область, Шуский район, с. Толе би
КГКП детский сад «Асем»
Преподаватель казахского и русского языков
Мусаева Г.Е.
Жүр.: Армысыздар! Құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар, сүйіқті балалар! «Әсем» балабақшасындағы бүлдіршіндер қатысуымен өтетін байқаумызды назарларыңызға ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бақытты бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамызда тәрбиеленіп жүрген ұлдар мен қыздарымызды заман талабына сай ақылды да, парасатты, ер жүректі, тәрбиелі, иман жүзді болып өскенін қалаймыз.
Сондықтанда біз ұл балаларымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, біріміз күә болайық.
Әділқазы береді
Өздеріңе билекті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты
- деп ең алдымен Cіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Үміт қып маған қарайсың
Көңілге медет санайсың
Балалыққа жарасаң
Аталыққа жарайсың.
-демекші бүгінгі сайысымыздың демеүшілерімен де таныс болайық. Олар: жігітеріміздің ата-әжелері, ата-аналары, аға-жеңгелері, әпке-жезделер. Сонымен қатар жігітерімізге балабақшамыз да демеушілік көрсетіп орын белгілийді.
Жүр.: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Мерекесі Әсемнің
Сайысты біз бастайық.
Беташар. (Жігіт сұлтаны байқаумыздың дәстүрін қолдайтын ер намысын қорғайтын ......... ж ігітіміз ашып береді).
Жүр.: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстурін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін Сұлтан атанбақ!
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!
(ұлттық киім киген қыздар жігіттерді төрге шығарады).
Таныстыру.
Жүр.: Салмақты жігітім Бақдәулет!
Алғыр жігіт Шынғысым!
Өжетті жігіт Ернарым!
Шырайлы жігіт Дәулетім!
Аңқылдақ жігітім Нұрғабай!
Жүр: Сайыс алдына жақсы тілек білдірейік.
Жігіт болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол,
Досыңа майыспа,
Дүшпанға қайыспа,
Қасиетің ерлік болсын
Жортқанда жолың болсың!
Ойындарын сәтті болсын, жігіттер!
(Бір қария кісі немесе батыр бала бата береді).
Ғажайып қоржынан балалар номірленген асықтарды алып өз реттік номірін анықтайды. (эмблема с цифрой).
Байқау тоғыз кезеннен тұрады.
І кезен.
Өзін-өзі таныстыру. «Жеті атасын білген ер — Жеті жұрттың қамын жер». Әр бала өзің таныстырады. (Әділ-қазы алқасы бірінші сайыс бойынша баға береді)
ІІ кезен.
Жүрг.: Құрметті көрермендер, әділ-қазылар! Халқымызда «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап әділ бағасын берейік.
Өнер сайысы.
1. Шынғыс — «Менің әжем».
2. Дәулет — «Отан».
3. Бағдәулет — «____________________»
4. Ернар — «Елтаңбасы елімнің».
5. Нұрғабай — «Қазақстан».
(Әділ-қазы алқасы екінші сайыс бойынша баға береді)
ІІІ кезен.
Жүр.: Қол күрес немесе қазақша күрес. Құрметті сайыскерлер! Таныстық, өнер көрсеттік, биледіқ.
«Ердің асылы күшімен біленеді» дегендей, келесі үшінші сайыс күш сынасу болмақ.
Енді ұлдар қол күрес және қазақша күрес өнерін көрсетеді. Ал енді біздің бүгінгі ұлдарымыздың ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрелік (женгеніне 5 ұпай; жеңілгеніне — 2 ұпай). Бір-бірімен күресу шенберден шықпай. (музыка әуеніне).
(Әділ-қазы алқасы үшінші сайыс бойынша баға береді)
ІV кезен. Жүзден — жүйрек
мыннан тұлпар.
Жүр.: Жұмбақ сайысы. Бұл сайыста кім тез шапшан ойлайды сол женіске жетеді. Кім тез жұмбақтың шешуін тапса соған бір ұпай беріліп тұрады.
Жұмбақтар.
Қабат-қабат тоны бар
Кішкене ғана бойы бар. (қырыққабат)
Қалын киімді ұнатады
Шешіндірсен жылатады. (пиаз)
Кезекі бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Басында мүйізі бар
Төрт аяғы бар
Құрт, ірімшік, май береді
Бұл малды кім біледі? (Сиыр)
Қалқиған ұзын құлағы
Елендеп қорқып тұрады. (Қоян)
Күнде оған қараймын
Қарап шашымды тараймын. (айна)
Қыста ғана болады
Ұстасан қолын тоңады. (қар)
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды
Қонақтарын көңілдене сыйлайды (Дастархан)
Қабат-қабат қаттама
Ақылын болса аттама. (кітап)
Одан қір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды. (күннің шығуы)
Беті дауылдап тұр
Танауы шуылдап тұр. (шәйнек)
Қос құлақты, белін буған
өнер құған. (домбыра)
(Әділ-қазы алқасы төртінші сайыс бойынша баға береді)
V кезен.
Жүр.: Қамшы тарту. Ата көрген оқ жанар демекші. Әкелері ұлдарына қамшы өрүді қалай үйреткенің, балалары қалай орындайтынын бағалайсыздар. Берілген уақытта кім қанша өргенін көреміз. Балалар қамшы өріп тартады.
(Әділ-қазы алқасы бесінші сайыс бойынша баға береді)
VI Үй тапсырмасы.
Жүр.: Киіз үйдегі тұрмыстың бұйымдар; Ағаштан жасалған тұрмыстық бұйымдар. Оны баласы атап береді, анасы қорғайды. Оны қорғау. (бесік, дом-быра, күбі, дөңгелек үстел, сандық, ер тоқым, келі, келсап).
(Әділ-қазы алқасы алтінші сайыс бойынша баға береді)
VII кезен.
Жүр.: Біздің келесі тапсырмамыз жігіттердің дәлдігін, яғни мергендігін білу үшін «Асық ойын» ойнаймыз. Мергендер сайысы.
1 м. — дәл тигізсе — 5 ұпай;
(Әділ-қазы алқасы жетінші сайыс бойынша баға береді)
VIII кезен.
Жүр.: Келесі тамашалайтыңдарыңыз «Тапқырлар сайысы» Сұрақ –жауап. Ал, жігіттер, сұраққа қалайсыздар.
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Сұраққа дұрыс жауап берсендер жарайсыңдар –
Деп кезекті сұрақ жауап бөліміне береміз.
Сұрақтар:
(Әділ-қазы алқасы сегізінші сайыс бойынша баға береді)
XI кезен.
Салауаттты өмір салтын сақтау «Денсаулық — зор байлық».
Сүт өнімдерінде А витамині кездеседі. А витамин ағзаның өсүіне, жараның жазылуына жағдай жасайды, көрудің нашарлауынан сақтайды. Имунитетті жоғарлатып аурулардан тез жазылуға ықпан етеді. Сүйекті, тісті, шашты нығайтады.
В витамині сүтте болады. В витамині рухтың сергектігін, белсенділікті арттырып ақыл ой қызметін жақсартады.
Д витамині, Минералды тұздар, кальций сүт өнімдеріне болады. Тістердін беріктігі мен күштілігін жақсартады.
Мал өнімдерін насихаттау: сүт, айран, қатық, қымыз, шубат, боза, қаймақ (төрт түлік малды білу, қандай пайдасы бар екенін айту, осы сүт тағамдары немен пайдалы, қандай витаминдер бар, денсаулыққа қандай пайдасы бар екенің айтып өту?).
(Әділ-қазы алқасы тоғызыншы сайыс бойынша баға береді)
Сән көрсету.
Әділ-қазы алқасы қорытынды шығарады.