Казахстан, Алматинская область,Талдыкорган
Средняя школа №15
Учитель начальных классов
Суанбекова Гулжан Турсыновна
Мақсаты: а) білімдік: сын тұрғысында ойлауды, жазуды меңгерту, ойды шақырту, жеке,
жұппен, топпен жұмыс істеу;
ә) дамытушылық: жол, жолаушы туралы оқушылардың білімін жинақтау,
ойлау, сөйлеу, зерттеу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: жолаушы түрлерін, көлік түрлерін ажырату, ұқыптылыққа,
сабырлылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қағаздар, топқа бөлуге арналған қиынды қағаздар, көлік түрлері, жолаушылар суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлу. Әр топқа ат қою. ( Әр топ атына сәйкес бір сөйлемнен құрайды)
Қара тұлпар алға сүйреп барады.
(Пойыз)
Қанатын қақпай ұшты.
(Ұшақ)
Мұхитта жүздім.
(Кеме)
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді,
Су ішеді.
(Машина)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Тақырыппен таныстыру. Тақтаға ілу. «Жолаушы» (Мақсатын айту) Алдарындағы дәптерлеріне жазғызу.
2. Сөздік жұмысы: Арзан, қымбат, сауда жасау.
3. Эссе жазу стратегиясы. Тапқырлыққа сай шағын әңгіме жазу. Бір — бірімен бөлісу.
4. «Автор орындығы». Жақсы жазылған шығарманы оқыту.
5. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді төрт бөлімге бөліп, әр бөлімді бір топқа оқытамын. Түсінгендерін әңгімелеу.
6. Суретпен жұмыс: Сюжетті суретке қарап отырып, сөйлемдер құрау.
7. «Топтастыру стратегиясы»
ІҮ. Сабақты бекіту.
- Бүгін сабақта нені білдік?
- Қандай жұмыс түрлерін жасадық?
- Осы сабақта қандай жұмыс түрлері ұнады?
Ү. Білімдерін бағалау.
Естелік кітаптар тарату.