link12480 link12481 link12482 link12483 link12484 link12485 link12486 link12487 link12488 link12489 link12490 link12491 link12492 link12493 link12494 link12495 link12496 link12497 link12498 link12499 link12500 link12501 link12502 link12503 link12504 link12505 link12506 link12507 link12508 link12509 link12510 link12511 link12512 link12513 link12514 link12515 link12516 link12517 link12518 link12519 link12520 link12521 link12522 link12523 link12524 link12525 link12526 link12527 link12528 link12529 link12530 link12531 link12532 link12533 link12534 link12535 link12536 link12537 link12538 link12539 link12540 link12541 link12542 link12543 link12544 link12545 link12546 link12547 link12548 link12549 link12550 link12551 link12552 link12553 link12554 link12555 link12556 link12557 link12558 link12559 link12560 link12561 link12562 link12563 link12564 link12565 link12566 link12567 link12568 link12569 link12570 link12571 link12572 link12573 link12574 link12575 link12576 link12577 link12578 link12579 link12580 link12581 link12582 link12583 link12584 link12585 link12586 link12587 link12588 link12589 link12590 link12591 link12592 link12593 link12594 link12595 link12596 link12597 link12598 link12599
Слободнякова Светлана Михайловна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Балаларды мемлекетт Балаларды мемлекеттік тілге үйрету кезіндегі сөз мәнерлілігіне оқыту құралдары

Балаларды мемлекетт Балаларды мемлекеттік тілге үйрету кезіндегі сөз мәнерлілігіне оқыту құралдары

Шакерова Меруерт Алтаевна қазақ тілі мұғалімі

Қазақ тіліне үйрету кезінде ойлау дамуымен қатар тілді жетілдіру тығыз байланысты.

Балаларды сөздің мәнерлілігіне деген оқытуы мектепке дейінгі жастан басталады. Сөз мәнерлілігінің көмегімен баланың қоршаған айналасы едәуір терең қабылданады және қамтылады.

Кейiпкерлердің репликаларының мәнерлігімен, өздерінің пікірлерін білдіру жұмыстарының барысында, баланың сөздiк қоры белсенеді, оның сөздік дыбыстық мәдениеті, дауыс ырғағының құрылымы жетіледі.

Баланың атқаратын рөлі, айтылатын репликалары баланың айқын, анық, түсінікті түсіндіру қажеттілікті алдына қояды. Баланың диалогты тілі,тілдің грамматикалық құрылымы жақсарылады.

Өлеңдерді жай ғана емес, мәнерлілікпен, дауыс ырғағымен айту керек екенін біз бәріміз де жақсы білеміз.

Мәнерлілікке оқудың құралы — бұл дауыс ырғағы. Қызықты әңгімелесу, сөйлеу тілі - сөздің мәнерлілігіне үйретудің және оқудың нәтижелі кезеңі. Мәнерлілік - сөздің дамыту кезінде біз оқу мәнерлілігін жақсартамыз.

Мәнерлілік сөзде айтушының ой-ниеті қамтылады және өзінің айтқан меншік сөзі құрастырылады.

Мәнерлілік - сөздің даму кезінде баланың айналадағылардың сөзін қайталап айтуы, оларға еліктеуі маңызды ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жаста табысты тілдік дыбыстарды меңгеруі жағынан алғы шарттары көп. Өйткені осы кезде жүйке жүйесінің жоғарғы икемділігі және тілдің дыбысты жағына деген ерекше қабылдауы,тілдің дыбыстарына деген баланың сүйіспеншілігі қалыптасқан.

Мектепке дейінгі жастан бастап бала, айтылған сөзге әсерлі қатынас білдіреді және басқаға мәнерлілік құралдарын пайдаланып, әсерлі ықпал көрсетеді. Бірақ ол үшін жете ұқыпты жұмыс өткізу керек.

Бірақ есте сақтау керек, дыбыстарды дұрыс айту іскерлігі болмаса, бала-ның тілі мәнерлі болмайды. Кейде түгел дыбыстарды дұрыс айтса да, бала өзінің нашар айту мәнеріне байланысты, анық, айқын айталмауы мүмкін. Сондықтан баланы сәбилер жасынан әр дыбысты, сөзді, сөйлемшені анық, айқын түсінікті айтуға, үйретуге қажет.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінде балаларды сөйлеуде сөздерде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту іскерлігін пайдаланамын.

Ол үшін балаларға жаңылтпаштарды, ұйқасу, фонетикалық жаттығуларды үйретіп, дем алу гимнастикасын өткіземін.

Сөздің мәнерлілігі сонымен қатар дұрыс дем алуға, дыбысты дауысқа, анық дикцияға, айту мақсатындағы қалыпты қарқынына байланысты. Дауыстың күші мен жоғарлығын реттеу іскерлігі, оның икемділігі мен қимылының да-муына мүмкіндік туғызады. Осылай сөздің әр түрлі қарқынымен пайдалану іскерлігі қалыптасады.

Сөздің мәнерлілігінің негізгі тағайындауы қатынасты нәтижелі қамтамасыз ету болып табылады, сонымен қатар мәнерлілікті тұлғаның өз ойын білдіру маңызды құралы деп санауға болады. Сөздің дыбысты жағының жетілдіруі: айтылу анықтығы, дауыстың дыбыстығы мен қозғалыстығы, дұрыс тыныс алудың, мәнерлік тілге деген дайындықтың қажетті кезеңі болады. Сөзде басты рөлді дауыс ырғағы ойнайды. Ол сөздің мағынасын күшейтеді.

Біз айту процесіңде дауыс ырғағын пайдалану іскерлігін саналы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетерінде арнайы жаттығулардың көмегімен дамытамыз.
Осындай жаттығулардың бірнеше мысалдарын келтірейік.
Сұраулы және бекіту дауыс ырғағын дұрыс пайдалану үшін балаларға «Бақа» атты тақпақты оқып беруге ұсынамын.

Көлге жаңа,

Келген бала.

Күлкі болды бақаларға:

-Ха-ха! Ха-ха!

Бха-ха! Ха-ха!

-Неге сонша күлдің бақа?

-Қара бала,

Шашын қара

Батпан кір боп,

Басың жара!

-Ха-ха! Ха-ха!

Бірінші жолын біз жарты топқа мәнерлі екпінмен айтуға ұсынамын. («Күлкі болды ма бақаларға?»).Топтың екінші жартысы бекіту екпінмен айту керек («Күлкі болды бақаларға»). Мәтінде сөздерді айтып көрсету іскерлігің өндіру мақсатында балаларға «гүл бүр жарды, бүр гүл жайды» жаңылтпашты оқып беруге болады және оны қайталап айтуға ұсыныс беріледі, алдымен «гүл» сөзді айтып көрсетуге,содан соң «бүр» деген сөзді айтып көрсету. «Жаңбыр жауып тұр» деген сөйлемді айтамын. Балалар оны әр түрлі екпінмен айту керек — олар көңілді, қуанышты екенін көрсетіп немесе олар көңілсіз, ренжіп тұрғаны көрсетеді.Осындай тапсырмалар басқа сөйлемдермен де өткізіледі:«Күн жарқырап тұр»,«Қар жауып тұр»,« Бәйшешек гүлдеді». Балаларға сөйлемді таңданып, көңілді, сұрақпен, хабарлап айту ұсынылады. Біздің ұсынылып айтқан сөйлемдерімізге балалар дауыс ырғағымыздың сипатын анықтайды.

Мектепке дейінгі балаларға арналған әр әдебиет шығарма немесе ертегі әрдайым адамгершілік бағытты (достық, мейірімділік, намыс, батылдық, т.б.)қалыптастырады.
Ертегінің арқасында бала әлемді ойымен ғана емес, жүрекпен сезіп таниды. Және де мейірімділік пен қастыққа деген өзінің қатынасын білдіреді. Сүйікті кейіпкерлерге еліктеу мен теңдестірудің үлгісі болады. Атап айтқанда баланың сүйікті кейіпкеріне өзін ұқсату қабілеті, бізге театр қызметі арқылы мәнерлілікті сөздің қалыптасуына көмектеседі.

Театрланған көрініс балалардың дағдылы күндеріне мейрам жағдайларында, көтеріңкі көңіл-күйді еңгізеді, балаларға өздерінің ықыластарын білдіруге рұқсат береді, оларда ұжымдық іскерліктерінің дамуына, өзара көмектесу, өзара түсіністік сезімдерінің дамуына мүмкіндік береді. Өз жұмыстарымда мына жолдарды білгіледім:

· Балаларды сұрақ қою іскерлігіне оқып үйрету;

· Балаларды сөйлемдерді құрастыру іскерлігіне оқып үйрету;

· Балаларды жұмбақтарды, салыстыру, метафораларды ойлап айту іскерлігіне оқып үйрету;

· Балалардың сөздік қорын байыту, молайту;

· Тілді дамыту — ойлаулар (түсіндіру,дәлелдеу);

· Сөздің екпінді мәнерлілігінің дамуы.

Осы бағыттар бойынша жұмыс бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Бірінші кезең — алдын ала жұмыс. Балаларды сұрақ қоюға үйретудін алдында дауыс ырғағы дифференциациясы бойынша жұмыс өткіземін. Мысалы: балаларға әңгімені тыңдауды ұсынамыз: «Кеше мен базарға бардым. Онда алма мен алмұрт сатып алдым. Бұл жемістер» Балаларға сұрақ қоямын: «Сендер неге жауап бермедіңдер?» Балалардың жауаптарын тыңдап, әңгімемді жалғастырамын. «Жақсы әрі қарай тыңдандар.Тағы да мен қияр мен қызанақтарды сатып алдым. Олар көкөністер ме? Иә, дұрыс. Балалар, сендер бірінші рет сұрамағанымды, ал сосын сұрағанымды қалай білдіңдер?» -деп сұраймыз. Балалармен бірге біздің дауысымыз өзгереді, жоғарыланады және төмендейді деп қорытынды жасадық. Біз осылай ақпаратты білдіреміз. Мелодиканы қабылдауының дамуы үшін мен дирижорлық әдісін пайланамын, бұл кезде дауыстың жоғарылауы мен төмендеуі қолдың жоғары және төмен байсалдылық қозғалысымен көрсетіледі. Тыныс белгілері туралы тақпақтарды жаттатамыз, «Белгіні көрсет» ойыны (балалар педагогтың әңгімені оқыған кезде, дауыс ырғағына байланысты, қажетті белгіні көтерп көрсетеді), «Дыбысты режиссер» дидактикалық ойынын пайдаланамын. Балалар сұрақтың, лептің, хабарлаудың дауыс ырғағын анықтап үйренген соң, келесі кезеңге ауысамыз.

Осындай тапсырмаларды сахналау, драматизация, тақырыпты анықтау үшін үстел үстіндегі театрды ойнау алдында пайдаланамын.

Үшінші кезең- сөйлемдерді құру (құрастыру). Жайылым сөйлемді құру үшін тағы да ертегіні пайдалануға болады.

Қызықты ойын: «Әркімнен бір сөзден» (балалар айтылған сөзге өз сөзің қо-сады) Мысалы: тәрбиеші: Бауырсақ. Настя: -Бауырсақ домалап келе жатыр. Глеб: Көңілді Бауырсақ домалап келе жатыр. Данил: Көңілді Бауырсақ жолда домалап келе жатыр.

Ертегілердің негізінде балалар кейіпкерлерге мінездеме берген кезде көптеген сын есім ойлап айтады. Мысалы «Қоянның үйшігі» ертегісінде балалар қоянды кішкентай, жақсы, көңілсіз, таңданған ,қорқақ, шошыған, мейірімді деп атайды.

Ертегі және оның драматизациясы болмаса, балалар осындай көптеген анықтамалар тауып бере алмас еді.

Мектепке дейінгі балалардың мәнерлі сөйлеу дамуы балабақша сатысынан басталады.
Алға қойған нақты мақсаттар нәтижесінде балалардың тіл мәдениетінің нақты тәсілдерін меңгертуге болады. Ұйымдастырылған жұмыс процестері кезінде негізгі мәнерлі сөйлеу құрылымдары- лексикалық, дауыс ырғақтары қалыптасады. Дауыс ырғағы өте маңызды:сондықтан өз жұмысымда оны есте сақтап, сөзімізді, тілімізді мәнерлі, әсерлі, айқын және анық айтуға тырысамын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности