link5472 link5473 link5474 link5475 link5476 link5477 link5478 link5479 link5480 link5481 link5482 link5483 link5484 link5485 link5486 link5487 link5488 link5489 link5490 link5491 link5492 link5493 link5494 link5495 link5496 link5497 link5498 link5499 link5500 link5501 link5502 link5503 link5504 link5505 link5506 link5507 link5508 link5509 link5510 link5511 link5512 link5513 link5514 link5515 link5516 link5517 link5518 link5519 link5520 link5521 link5522 link5523 link5524 link5525 link5526 link5527 link5528 link5529 link5530 link5531 link5532 link5533 link5534 link5535 link5536 link5537 link5538 link5539 link5540 link5541 link5542 link5543 link5544 link5545 link5546 link5547 link5548 link5549 link5550 link5551 link5552 link5553 link5554 link5555 link5556 link5557 link5558 link5559 link5560 link5561 link5562 link5563 link5564 link5565 link5566 link5567 link5568 link5569 link5570 link5571 link5572 link5573 link5574 link5575 link5576 link5577 link5578 link5579 link5580 link5581 link5582 link5583 link5584 link5585 link5586 link5587 link5588 link5589 link5590 link5591 link5592 link5593 link5594 link5595 link5596 link5597 link5598 link5599 link5600 link5601 link5602 link5603 link5604 link5605 link5606 link5607 link5608 link5609 link5610 link5611 link5612 link5613 link5614 link5615
Жаукина Ботагоз Темирхановна
Должность:библиотекарь
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область Акжарский район
Өзіңсің — поэзия Пайғамбары.

Өзіңсің — поэзия Пайғамбары.

Поэзия сағаты

Б.Т. Жаукина,

кітапханашы

СҚО Ақжар ауданы.

«Қали Хадесұлы атындағы

Жанаауыл орта мектебі» КММ

Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

Бүгін біз ақиық ақынымыз Мұқағали Мұқатаевтың «Өзіңсің — поэзия Пайғамбары» атты поэзия сағатына жиналып отырмыз.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауықтан таулардан сені іздедім,

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

М. Әлихан

Қарасаз, қара шарғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елендестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мұқатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім, - деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

2 жүргізуші: Иә, Мұқағали — ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр болулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған Мұқағали аға! Жатқан жерінен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал, арамызда бол!

Сахнаға Мұқағали образындағы оқушы шығады

Бәрі есімде- мекен жай, тұрағым да,

Тек есте жоқ күлдім бе, жыладым ба?

Бабалық шақ жармасып жүретұғын

Өгіз шеккен соқаның құлағында, - деп жырлаған болаң жырдың иесі, Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болып, 1949 жылы көктемде Лашын апайымызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Жұлдыз, Айбар атты ұлдары келеді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырып, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырады.

1 жүргізуші:

Одан кейін, 1954-1962 жылдар аралығында қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарады.

2 жүргізуші: Ал, 1962-1972 жылдар арасында Социалистік Қазақстан қазіргі «Егемен Қазақстан» , «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» қазіргі «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етсе, 1972-1973 жылдары Қазақстан жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.

1 жүргізуші: Ақынның тұнғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Тұнғыш өлеңдері «Қырмақ басында», «Қойшы бала - Әкетай»

2 жүргізуші: Мұқағали Мақатаев есімі көпшілікке «Аппосманата» поэмасы бойынша танылды. Оның шығармалары негізінен Отанға, елге, туған харқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлайға арналған.

1 жүргізуші: Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз — Мұқағали Мұқатаев 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.

2 жүргізуші: Халық ақыны,қазақ жырынын шоқ жұлдызы, сұлулық сарайынан шебер тасқалаушысы тірі болғанды биыл ақпанның 9 –ында 84 жасқа толар еді.

Ақырын домбыранын шертіліп тұрған үні

Арыз жазып кетейін — Шолманов Руслан Шарафатович

2 жүргізуші: Осы орайда ақынның «Менің анкетам» атты өлеңіне арналған көрініс айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз.

Сахнадағы дастарқан басына Мұқағали мен сұрақ қоюшы отырады

Сұрақ қоюшы: Тұған жерің?

Мұқағали: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың

Сұрақ қоюшы: Тұған жылың?

Мұқағали: 1931 Құрдасымын Шәмілдің

Сұрақ қоюшы: Жыңысын кім?

Мұқағали: Еркекпін ғой, еркекпін!

Және тағы тәуірмін…

Сұрақ қоюшы: Партия да барсын ба?

Мұқағали: Жоқпвн. Бірақ коммунистік көз-қараспен қараймын.

Сұрақ қоюшы: Шыққан тегің?

Мұқағали: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Сұрақ қоюшы: Білімің ше?

Мұқағали: Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.

Сұрақ қоюшы: Ана тілің?

Мұқағали: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы да бар.

Сұрақ қоюшы: Қайда істедің?

Мұқағали: «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

Сұрақ қоюшы: Міндеттісің бе әскерге?

Мұқағали: Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жаным қиған Мәскеуде.

Сұрақ қоюшы: Сөгіс көрдің бе?

Мұқағали: Ол жағынан перште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы- қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де№№№

Сұрақ қоюшы: шет елдерде болдың ба?

Мұқағали: Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда- ақ.

Сұрақ қоюшы: Мекен — жайың?

Мұқағали: Мекен- жайым- жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бар тек аздаған,

Мен өмірде жырлау үшін келгенм.

Сахынадан шығып кетеді.

2 жүргізуші:

Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерешке құрметтеген ақын.

Түзу- түзу жыртылған аыздайдын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын, - дейді

Ақын өленіңде. Сөз кезегін ақынның өлеңдеріне берейік.

1. Туған жерге

2. Елім барда

3. Үш бақытым

4. Отан туралы

5. Қара өлең

6. Отан

7. Қарасаз

8. Жер, жер

9. Поэзия

10. Интернатым - мектебім

11. Біздің Ғани

12. Ордам менің

1 жүргізуші:

М. Әлихан : Ақын жүрегі сезімтал ғой . Ол замандастары мен есіне алып жүрерін алдын-ала сездіме?…

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың.

Ендеше, кезекті ақын өлеңіне жазылған әндеріне берейік. «Саржайлау», «Есіңе менің алғайсың», «Сәби болғым келеді», «Арулар».

2 жүргізуші:

Табиғат- Мұқағали Мұқатаевтың шығармаларының даны. Ғажайып табиғат суреттері болмаса, Мұқатаевтың өлеңдері де көпшілік көңілінен шықпас еді.

Алып жер — адамның бесігі,

Тербесін, сәбиін, тербесін.

Адамзат бақытты, несібі,

Абайла, төгіле көрмесен, - деп ақын жырлағандай қазақ жерін, табиғатын сүю, аялау, қастерлеу, табиғанына бас ию барымыздың міндетіміз.

1. Аққулар, қош болыңдар

2. Анау аспан, мынау - бақ

3. Әй, табиғат!

1 жүргізуші:Ақын шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары: «Райымбек,Райымбек!», «Моцарт. Жан азасы», «Ең асылы, ең биігі», «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағына жарияланды. Енді поэмаға кезек берейік.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді 2 жүргізуші: Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде ол көзімен көргендерін, ақындық санамен түйсінгендерін қазақтың қара өлең үлгісімен төгіліп жырлай берді, жырлай берді.

Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей кейде өмірден , ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақынды іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фариза Оңғарсынованы тапты.

1 Фаризаға

2. Махаббат диалогы

3. Жылдарым менің, жылдарым

2 жүргізуші: Мұқағали поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Жер-жерде еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін мың-мың мәрте тағзым етуде. Енді кезекті тағы да ақынның өлеңдеріне берейік.

«Пай, пай өмір!», «Соқ, жүрек!», «Арманда ұлым», «Әліппе»

«Тағдыр мен бетпе — бет»

Өлсе өлер Мұқағали Мұқатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім

Тума талантымен өлең әлемінде өз қолтанбасың қалтырған Мұқағали мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып , қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын өлмейтін, өшпейтін мәңгілік мұра. Мұқағали өлген жоқ. Ол бізбен бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек.

Осымен жыр музасы Мұқағали Мұқатаевқа арналған поэзия сағатымыз аяқталды. Назар салып тындаған ұстаздар мен осы мерекені өткізуге атсалысқан оқушыларға мың да бір алғыс айтамыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности