link5400 link5401 link5402 link5403 link5404 link5405 link5406 link5407 link5408 link5409 link5410 link5411 link5412 link5413 link5414 link5415 link5416 link5417 link5418 link5419 link5420 link5421 link5422 link5423 link5424 link5425 link5426 link5427 link5428 link5429 link5430 link5431 link5432 link5433 link5434 link5435 link5436 link5437 link5438 link5439 link5440 link5441 link5442 link5443 link5444 link5445 link5446 link5447 link5448 link5449 link5450 link5451 link5452 link5453 link5454 link5455 link5456 link5457 link5458 link5459 link5460 link5461 link5462 link5463 link5464 link5465 link5466 link5467 link5468 link5469 link5470 link5471 link5472 link5473 link5474 link5475 link5476 link5477 link5478 link5479 link5480 link5481 link5482 link5483 link5484 link5485 link5486 link5487 link5488 link5489 link5490 link5491 link5492 link5493 link5494 link5495 link5496 link5497 link5498 link5499 link5500 link5501 link5502 link5503 link5504 link5505 link5506 link5507 link5508 link5509 link5510 link5511 link5512 link5513 link5514 link5515 link5516 link5517 link5518 link5519
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қадыр Мырза-Әли

Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжі
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
Айтимбетова А.А.

Сабақтың тақырыбы:

Қадыр Мырза-Әли

Сабақтың мақсаты:

а) ақпараттық

құзіреттілік

ә)коммуникативтік құзіреттілік

б) проблеманы шешу құзіреттілігі

Еліміздің ақиық ақыны, Жайық жағасының тумасы, жерлесіміз Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы кеңірек мәлімет беру.

Жерлес ақынның шығармаларын оқыту және талдау арқылы оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Ақын — жазушылардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу және поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі:

ЖБХ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

«Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының элементтері, білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі:

көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, ішінара зертеу және практикалық.

Оқыту құралдары:

мультемедиялық проектор, оқулық, бейнебаян.

Сабақтың көрнекіліктері:

слайд, ақын портреті, «Жазылған жайдың жаңғырығы» атты кітап көрмесі, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру бөлімі

Бар зейінмен айналаға,

Шуақ нұрын шашайық.

Сәттілік тілеп күлімдеп,

Біз сабақты бастайық- деп, амандасып, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу құралдарының дайындығын байқау.

-оқытушымен амандасады,

-кезекшілік міндеттерін атқарады,

-бар зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа дайындалады.

Сабаққа даярлықты ұйымдастырып, оқушылардың зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

2.1.Ш.Мұртаза туралы шығар-машылық жұмыстар (буклет, реферат, слайд)

2.2.Бекітуге арналған сұрақтар:

а)Ш.Мұртаза шы-ғармалары қандай?

ә)Жазушының шы-ғармашылыққа қа-лай келді?

б)Ш.Мұртазаның көлемді шығармасы қалай аталады?

в)Ш.Мұртазаның жазушылықтан бас-қа қандай қырын білеміз?

Жасаған шығармашылық жұмысымен таныстырады.

Сұрақтарға нақты жауап береді, дәлелдеме — дәйектер келтіреді.

Нақтылау мен түсінуге берліген тапсырмаларға жауап береді. Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді және өзгелердің жауаптарын дәйектейді.

ІІІ.Жаңа мате-риалды қабылдау-ға дайындық:

3.1.«Ой шақыру» стратегиясы.
-Дүниеде не өлмейді?


- Біздің сабақтың кейіпкері кім болуы мүмкін? (Ақын не қайраткер немесе жазушы т.б.)

3.2.Сөздік қорларын байқау.
«Қадыр» сөзінің этимологиясын ашу.

Сұрақтарға жауап береді.

-Жақсының аты (адамның жүрегінде сақталады.)
-Ғалымның хаты (кітап бетінде сақталады.)
- Қадыр Мырзалиев (слайд) Ұлы ақынның өлеңдері кітап беттерінде, адам жүрегінде мәңгі сақталады. Қадір — араб сөзі, мағынасы — үстем, жоғары, құрмет, қайырымды, мейі-рімді.

Оқытушы қойған проблеманы шешуге талпынып, бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп түсіндіру арқылы өткен материалдарды игергендігі байқалады.

ІV. Жаңа сабақ:

4.1.«Ауызша жур-нал» (Ақын портреті)

Журналдың бірінші беті — өнегелі өмірбаян

Ақын 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факуль-тетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдыр-ғаннан» бастаған. Ақынның зайыбы — Салтанат. Тұңғыш ұлы — Қуаныш, ортаншы ұлы — Қазыбек, кенже ұлы — Ғазиз.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» (Қадыр)

(Күй ойнап тұрады)

Оқулықтары мен дәптерлерін ашып, бар зейіндерін сабаққа аударады. Оқытушының айтқанын мұқият тыңдайды. Ақпараттарды есіне сақтауға тырысады., сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытады.

4.2. Тірек-сызба:


Қадыр

Тақтадағы тірек- сызбаны толтыра- ды:

Ақын

Аудармашы

Жазушы

Балалар әдебиеті- нің атасы

Ақынның сегіз қырлылығын дәлелдейді, есіне сақтайды.

4.3.Ақын шығарма-шылығы туралы:

Қадыр Ғинаятұлы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1953 жылы С.М.Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1958 жылы тәмамдаған. Қадыр еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы “Балдырғаннан” бастайды. 1962 жылы әдеби журнал — “Жұлдыз” редакциясына ауысып, онда поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып істеген. Сол жылдардан бері осы журналдың редколлегия мүшесі болып келеді.

1968-1973 жылдар аралығында “Жазушы” баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейіннен Қазақстан жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы “Пионер” журналында жарияланды. 1959 жылы Қадырдың тұңғыш өлеңдер жинағы “Көктем” деген атпен дүниеге келді. Содан бергі уақыт ішінде оның 50-ден астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Олар: “Жаңғалақтар” (1960), “Данышпан” (1961), “Кішкене Қожанасыр”, (1961), “Ноян қоян” (1962), “Алуан палуан” (1963), “Ой орманы” (1965), “Бұлбұл бағы” (1967), “Жерұйық” (1976), т.б. Оның әнге арнап жазған өлеңдерінің саны 200-ден астам. Олардың көбі халыққа кең тарап, 1984 жылы “Үндер-ай” деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Сондай-ақ халық фольклорының атақты кейіпкері Алдар Көсе жайлы “Сақал саудасы” атты өткір сатиралық комедия жазған. Ақынның өлеңдері ТМД халықтарының көптеген тілдеріне, шет тілдерге аударылған.

Қ.Мырзалиев Овидийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Гамзатовтың, Эдуардас Межелайтистың жырларын қазақ тіліне аударған. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен “Халық жазушысы” атағы берілді.

Сабақта белсенділік танытады.

Қадыр 11 жасынан өлең жазған. Қадырдың қалам тербемеген тақыры-бы жоққа тән десек те болады. Қадыр Мырза Әли шығармаларының тақырыптары әр алуан. Ақын табиғат сұлулығын «Нұр», «Түн кірпігін ілмейді» атты өлеңдерінде ерекше бір сыршылдықпен жырлайды. Ақын өзінің «Дала дидары» жинағында қазақ даласының өткеніне көз жүгіртіп, болашаққа үлкен үмітпен қарайды:

Қазаққа дала керек, ғарыш керек,

Керемет кеңдік керек, алыс керек,

Шайқасса — қоян емес, барыс керек,

Жүйрігін сынау үшін — жарыс керек…

«Атамекен», «Табиғат тазалығы» т.б. өлеңдерін нағыз ұлт ақыны біртуар дарын иесі туған жер тақырыбына арнап жазған.

Экрандағы суреттер арқылы ақын шығармашылығымен танысу, жадына түю арқылы поэзияға деген қабілеттілігі артады.

V. Жаңа білімді бекіту:

5.1. Ақын шығар-маларының тақырыбы: (слайд)


Өлеңдерінің тақырыбы


Толғаныстар

Адамның өмірге көзқарасы

Тағдыр мен тіршілік

Табиғатқа қарым-қатынасы

Ойлар

Ақын шығармаларының тілін, жазылу жолдарын айқындайды.

5.2.«Жазылған жай-дың жаңғырығы» атты кітап көрмесі

Оқушылар, шағын кітап көрмесінде назарыңызға Қадыр Мырза Әлидің өлең жинақтары топтастырылған. «Жаңғалақтар»(1960); «Кішкене қожанасыр-лар» (1961); «Данышпан» (1961); «Ноян-қоян» (1962); «Алуан палуан» (1963); «Сабақ» (1964)[1]. Жыр жинақтары «Ой орманы» (1965); «Дала дидары» (1966); «Ақ отау» (1968); «Домбыра» (1971); «Көш» (1973); «Жерұйық» (1976); «Алақан» (1977); «Қорамсақ» (1980, 1981); «Қызыл кітап» (1983); «Күміс қоңырау» (1970 — 1985); «Мәңгі майдан» (1993); «Биік баспалдақ» (1993); «Үкілі үзінділер» (1996); «Алаштың арманы» (2001); «Жазмыш» (2001); «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001); «Иірім» (2004); «Шырғалаң» (2004); «Алмас жерде қалмас» (2004)

«Жазмыш», «Иірім», «Күміс қоңырау» кітаптарынан үзінділерді оқиды.

Сөйлем құрау белсенділіктері айқындалады.

Жаңа материалды түсінгендігі байқалады.

5.3. «Өнер дәстүрсіз болмайды»

«Әже туралы ән», «Біздің үйдің ырысы», «Қарт» тағы басқа өлеңдерінде ата-баба дәстүрі — үлкенді құрметтеу, үлкеннің ақыл — кеңесін тыңдауды сағыну.

Қазақ халқына ғана тән ұлттық қасиеттерді өзінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінде аса зор шабытпен жырлайды.

(Интерактивті тақтадан «Атамекен» өлеңі. Оқушылар бірге айтады)

«Қазақ осы» әні орындалады.

Поэзия арқылы ән құдіретін таныту, ақынның тағы бір қырын ашу.

5.4. Бекіту сұрақтары:

Қадыр Мырза Әли қай жердің тумасы?

Қадыр Мырза Әли шығармашылығын қай жастан бстаған?

Ақын өлеңдерінің тілі қандай?

Ақынды аудармашы деп айта аламыз ба? Дәлелдеңіз.

Ақынның сөзіне жазылған қандай әндерді білесіздер?

Сұрақтарға жауап береді.

Өз жауаптарымен сабақты меңгергендігін нақтылайды.

5.5.«Ой толғаныс» стратегиясы:

Автор «Ана тілі» өлеңі арқылы жас ұрпаққа не айтқысы келді? «…өзге тілдің бәрін біл, Өз тілінді құрметте!»

Тез, әрі нақты жауап беруге тырысады.

Лезде жауап беруге дағдыланады, көп сөзділікті қажет етпейді.

5.6. 5 минуттық эссе: «Жайықтың жанған шырағы»

Оқушылар өз ойларын дәптерге түсіреді.

Нақты және қысқаша көзқарастары айқындалады.

VІ. Қорытынды:

6.1. Инсерт әдісі :

Нені білеміз?

Нені білдік?

Нені білгіміз келеді?

Оқушылар өз ойларын кестеге сәйкес топтастырады.

Жаңа сабақта алған білімдерін, өз тұжы-рымдамаларын қорытындылайды.

VІІ.Үйге тапсырма:

7.1.Ақын шығар-машылығына арнал-ған хронологиялық кесте құру.

Ақын шығармашылығымен кеңірек танысады. Берілген тапсырамларды дәптерлеріне түртіп алады, ыждағаттылықпен орындайды.

Ақын туралы мәліметтерін тұжы-рымдайды. Ұсыныл-ған ақпараттан қойылған міндет-терді шешуге қажетін бөліп алады, бұрынғы алған бі-лімдерін қолданады.

7.2. Ақынның бір өлеңін жаттау.

7.3. Шығармашылық жұмыс: буклет, слайд, реферат

VІІІ. Бағалау:

Белсенділік танытқан әр оқушыны деңгейіне қарай бағалаймын.

Сабаққа деген танымдылықтары артады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности