link13284 link13285 link13286 link13287 link13288 link13289 link13290 link13291 link13292 link13293 link13294 link13295 link13296 link13297 link13298 link13299 link13300 link13301 link13302 link13303 link13304 link13305 link13306 link13307 link13308 link13309 link13310 link13311 link13312 link13313 link13314 link13315 link13316 link13317 link13318 link13319 link13320 link13321 link13322 link13323 link13324 link13325 link13326 link13327 link13328 link13329 link13330 link13331 link13332 link13333 link13334 link13335 link13336 link13337 link13338 link13339 link13340 link13341 link13342 link13343 link13344 link13345 link13346 link13347 link13348 link13349 link13350 link13351 link13352 link13353 link13354 link13355 link13356 link13357 link13358 link13359 link13360 link13361 link13362 link13363 link13364 link13365 link13366 link13367 link13368 link13369 link13370 link13371 link13372 link13373 link13374 link13375 link13376 link13377 link13378 link13379 link13380 link13381 link13382 link13383 link13384 link13385 link13386 link13387 link13388 link13389 link13390 link13391 link13392 link13393 link13394 link13395 link13396 link13397 link13398 link13399 link13400 link13401 link13402 link13403 link13404 link13405 link13406
Жунусова Ардак Советовна
Должность:Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан г. Астана
Регион:Астана қаласы
Тәрбие сағаттары

Астана қаласындағы

№20 орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

А.С.Жүнісова

«Бірде жалын,бірде шуақ, бірде сезім…»

Ф.Оңғарсынованың 75 жылдық мерей тойына арналған

әдеби-музыкалық кеш

Мақсаты: Оқушыларға ақын-жазушы Ф.Оңғарсынова туралы көптеген мағлұмат беріп, оның шығармаларын дәріптеп, өзіндік ерекшіліктерін таныту.

Көрнекіліктер: слайдтар, фильмі, Фариза апамыздың суреті, кітаптары.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн қадірменді өнер сүйер қауым! Біздің бүгінгі әдеби-музыкалық кешіміз мақтанышымыз ақын-жазушы — Фариза Оңғарсыноваға арналады. Әдеби –музыкалық кешімізге қош келдіңіздер!

Видио фильм «Бірде жалын, бірде шуақ, бірде сезім…»

Зухра:

Жол -дария тұрмайды ағын ұрмай,

Жоғалма жыр, жылдарға тамырың жай.

Дәуірлердің дауылы дақ салмаған

Ата — мұра қобыздың сарынындай.

Темерлан:

Дүниеден іздемеуден нұрлы бесін

Талпынытан танбаған жыр күресім .

Адамдық пен адалдық семсеріндей

Жағымпаздың ту сыртын тігілесін.

Джамиля:

Зула , менің жыр- күймем, шабыт жегіп ,

Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп .

Жүректердің құрсауын ағыт келіп,

Зорлықтардың зардабын шеккендерге

Әділеттен сыбаға алып беріп !

1-жүргізуші:

Фариза апамыздың мына бір өлеңдерінен оның жан тебіренісін байқаймыз.Оның өлеңдері өзіне мұндас, жырлас болғаны анық. Әділдікті жаны сүйетін ақын жүректен шыққан жырларын өмірдің қиыншылықтары мен зомбылықтарымен күресетін құралы ретінде пайдаланады. Бар ойын қағаз жайып салған ақын апамыздың өлеңдері терең ой, айшықты пікірді қамтыған.

2-жүргізуші

Поэзия — әйелдей жұмбақ әлем

Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:

Жаны –тұнған тұңғиық тереңдік те,

Қимылы –ырғақ, әуен.

Поэзия-

арудай

құпиясын

Ұқтырар жылдап әрең.... деп апамыздың өзі айтқандай, жыр құпиясынан бұрын өмірдерегіне көңіл бөлсек, апамыз 1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педагогикалық институтының тіл- әдебиет факультетін бітіріп, балықшы ауданының Еркікнқала Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен (қазіргі Ф. Оңғарсынова мектебі)

1970-1978жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «пионер» журналының бас редакторы болып істеген.

1978-1996 жылы республикалық « Аү желкен» журналының бас редакторы қызметін атқарады. 1996 жылдан бастап 2004 жыл аралығында Қазақстан Республикасының парламент депутаты.

1-жүргізуші:

Фариза апамыз туған ауылын әр кез есінен шығармай, ойлап жүретінінің өлең жолдарында айтады. Баяғы сағымдай болып кеткен балалық шағы өткен жерін көз алдына елестетіп, бір тебіренеді. Енді алдарыңызда 7-сынып оқушылары «Туған ауыл» өленін оқып береді.

Карина:

Мен туған ауыл- ай мекен,

Еске алмай жүрер күнім кем.

Баяғы достар қайда екен,

Бірге ойнап бірге жүрген?

Әділет:

Жатаған ескі үй анау,

Мені алаң еткен шет жерде.

Бұл маңайлар да құдай-ау.

Қалаға айналып кеткен бе?

Милана:

Жүрегім ұқсап балаға,

Бір сезім жанды өртеді.

Жүгірген салқам сары бала

Миядан шығар сол тегі.

Дария:

Бақтан ғой дедім, таныс тым

Ақ сары ұяң сол бір жүз.

Талындай жалғыз қамыстың

Өзім-ау ана қоңыр қыз.

Видео фильм «Фариза ақынға арнау»

1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстары дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.

2-жүргізуші: «Жүрек сенсің…» деген өлеңінде төмендегі жолдары оқыған кезде азаматтық сырын, арождан тазалығына тәнгі боласыз.

Жомарт:

Бар сияқты менде де сана шыдам,

Жылағанды демеуге тағы асығам,

Жасайын-ақ десем де бір астамдық,

Қорқам ардың айбалта-жазасынан.

Әділет:

Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,

Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.

Айтар сөзін көмейге көміп қойып,

Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен

2-жүргізуші: 10-сынып оқушысы Успанова Нурияның орындауында «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Ақынның творчествасына тән басты қасиет — шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.

2-жүргізуші: Кең арнада көсілген асау толқындай аласапыран көңіл-күй, буырқанған сезім, ешкімнің ығына жығылмас мінез, тіршілікке деген көзқарас бәрі-бәрі бас қосқан ұлы өнердің бастауына айналды. Олай болса, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне жол берелік.

Дильназ:

Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,

Шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,

Ызғар сіңген жеріме шуақ керек,

Мұқтаж оған ауыл да, астана да.

Айым:

Сәулеңменен себеле үміт демін,

Жер бетінен жылыссын күдіктерім.

Адамдардың сатқындық, сұмдығынан

Қалжыраған жерімді жібіт менің.

Рома:

Күңгірттенбей, көтерсін шыным басын,

Қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.

Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,

Қу бәрін де — соңына бұрылмасын!

Гүлім:

Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,

Қонақтасын ырыс пен табыс күнім.

Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып

Қазағымның елдік пен намыс туын.

Хуссейн:

Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,

Жүректерді жүрекпен жалғастырып.

Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер —

Ынтымақтан туындар бар жақсылық!

1-жүргізуші:

Ақын-ғұмыр қандай күрделі! Ақын-ғұмыр қандай арпалысты. Алып ұшқан арманыңды, маздап жанған мақсатыңды ғұмырыңа шақтап тілемесең, адамның түбіне түпсіз тілегі жетеді екен ғой. Мұқағали атамыздың Фариза ақынға арнап өлең жолдарын жазған.

Зухра:

Фаризажан, Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,

Тастағысы келеді күресіңе,

Фаризажан, сен соны білесің бе?

2-жүргізуші:

Қайталанбас тұлға, поэзия падишасы атанған ұлы ақын — Фариза апаның «Бірде жалын, бірде шуақ, бірде сезім…» атты әдеби-музыкалық кешіне келгендеріңізге көп рахмет!

Астана қаласындағы

№20 орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

А.С.Жүнісова

Ұлтын тереңінен сүйген ақын

Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың шығармалары негізінде оқушылардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді дарыта отырып, Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кітаптар көрмесі, слайдтар, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Түрі: әдеби кеш.

Барысы:

1. №1 слайд. Ұлтын тереңінен сүйген ақын

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі әдеби кешіміз — қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі — ұлтын тереңінен сүйген ақын Мағжан Жұмабаевқа арналады.

1. №2 слайд. Мағжан Жұмабаев суреті.

Нафал:

Қазақта Мағжан атты болған ақын,

Қайратты ер, сын бәйгеге тіккен басын.

Қағазға қыл қаламмен өлең жазып,

Елін жырлап халқына болған жақын.

Мағжанның әр сөзін шын бағалаймын,

Естігенде есімнен тана жаздаймын.

Ол жазған өлеңдерін көп оқысам,

Бір сөзінен нәр алған мен жандаймын.

Шіркін! Неткен ғажап жырларың,

Өлеңінді мұнды етіп жазасың.

Ойланады, толғанады көп адам

Кітабыңды түгел оқып болғасын.

Алмас:

Мағжанға еліктеймін бала кезден,

Үлгі аламын әр салмақты сөздерінен.

Есейгенде боламын мен дәл өзіндей,

Деген ойым туа қалды осы күннен.

Қазақтың өнеріне тамсанамын,

Ақындары домбырамен ән салатын.

Арамызда толып жатырөнерлілер,

Солар үшін мен неге мақтанбаспын.

Анна:

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында дәулетті отбасында дүниеге келген. Тумысынан өте зерек Мағжан төрт жасында өзінің әкесі Бекен болыстың мектебінде оқып, қазақтың арғы-бергі өлең-жырларын, ертегі-дастандарын түгелге дерлік жаттап алады.

Білімге жаны құштар Мағжан Уфадағы «Ғалия» медресінде оқиды. Медреседен алған терең білімін жетілдіре отырып, ол әдеби ортаға ерте араласты. Араб, парсы, түрік, орыс тілін жақсы меңгеріп алды.

Марат:

Жетсе егер қорқынышты қара түнім,

Басса дерт, әлім құрып шықпай үнім.

Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер

Өлең — менің Шолпаным, Айым, Күнім.

Дариға, сол күндерде күнім қараң,

Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:

Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы,

Кінәні жүрекке қой, қойма маған.

ІІ жүргізуші:

Иә, сыр мен сезім тоғысқан бұл тамаша өлең жолдарының авторы — Мағжан Жұмабаев. Мағжан қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі, дара туған дарын, жыр еркесі атанған ақын.

І жүргізуші:

Мағжан жеті жасында «Қисас-ул әнбиа» атты кітапты түгелдей оқып шығып, күллі пайғамбарлардың өмірлерін жаттап алған көрінеді.

Елі сүйген, елін сүйген Мағжан ақын тамаша лирикалық өлеңдерімен қатар кең тынысты эпикалық поэмалар да жазды. Олар: «Ертегі», «Жүсіпхан», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян».

Ақынның бұл шығармалары — көркемдігі жағынан ертегідей сұлу романтикалық сарынға толы, тақырыбы мен идеялары жағынан ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған, баға жетпес құнды туындылар.

ІІ жүргізуші:

«Ертегі» 1926 жылы аллегориялық тәсілмен жазылған. Сюжетті ертегіге ұқсайды. Оқиға шығыста болады. Мысықтар мен тышқандар арасындағы соғыс. Бұл поэмасы үшін саяси кінә тағылады.

2. «Жүсіпхан» - балаларға арналған, ертегі түрінде жазылған поэма.

3. «Қорқыт» мәңгілік өмірді іздеген Қорқыт ата өмірін суреттейді, өмір мен өлім туралы философиялық тақырыпқа жазылған.

4. «Қойлыбайдың қобызы». Ақын Қойлыбай бақсының қобызын бәйгеге қосып, қобыздың бәйгеден озып келгендігін шабыттана әңгімелей отыра өнер құдіретін танытады.

5. «Тоқсанның тобы». 1927 жылы ақын Кеңес өкіметі құрған жаңа өмірді жырлайды.

Марем: «Мен кім?»

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар,

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген?!

Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар.

Лариса:

Көкте күнмін, көпке нұрым шашамын,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.

Шеті, түбі жоқ теңізбін қара көк

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности