link288 link289 link290 link291 link292 link293 link294 link295 link296 link297 link298 link299 link300 link301 link302 link303 link304 link305 link306 link307 link308 link309 link310 link311 link312 link313 link314 link315 link316 link317 link318 link319 link320 link321 link322 link323 link324 link325 link326 link327 link328 link329 link330 link331 link332 link333 link334 link335 link336 link337 link338 link339 link340 link341 link342 link343 link344 link345 link346 link347 link348 link349 link350 link351 link352 link353 link354 link355 link356 link357 link358 link359 link360 link361 link362 link363 link364 link365 link366 link367 link368 link369 link370 link371 link372 link373 link374 link375 link376 link377 link378 link379 link380 link381 link382 link383 link384 link385 link386 link387 link388 link389 link390 link391 link392 link393 link394 link395 link396 link397 link398 link399 link400 link401 link402 link403 link404 link405 link406 link407 link408 link409 link410 link411 link412 link413 link414 link415 link416 link417 link418 link419 link420 link421 link422 link423 link424 link425 link426 link427 link428 link429 link430 link431
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Өзіндік талдау

Год: 2012

Страна: Казахстан

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

№9 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі

Асылбаев Батырбек Тұрсынбайұлының

өткізген ашық сабағына

Өзіндік талдау


«Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйкәде ретінде жасау» атты сабағымның масқсаты:Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны сыйкәде ретінде жасау технологиясын үйрете отырып, бейнелеу өнері, музыка және технология пәнін кіріктіріп оқыту арқылы оқушыларға ағаш өңдеу технологиясы мен қолөнерге баулу.

Білімділік: Ағаш өңдеу арқылы қазақтың ұлттық аспабы домбыраның суретін салып, бейне арқылы заттың формасын қалыптастырып, домбыраны сыйкәде ретінде жасау.

Дамытушылық: Еске түсіру арқылы сурет салу негіздерін, шығармашылық қабілеті мен көркемдік талғамын, қарапайым құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ептілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына ұлттық өнерді бағалауға, патриоттық тәрбие қалыптастыру арқылы тиянақтылыққа, мұқияттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интерактивті кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: Пәнаралық байланыс, топтық, ұжымдық.

Көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар, технологиялық нұсқау картасы.

Техникалық жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, диск, үнтаспа, ағаш, сүргі, сызғыш, қарындаш, бояу, лак, зімпара қағаз, пышақ түрлері, түрпі.

Жалпы сабақ өту барысында алдыма қойған мақсатыма жеттім.

Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалдары басқа пәндердің тақырыптарымен, ұлттық өнермен өте тығыз байланыста. Осы орайда, сабақтың өн бойында пәнаралық байланысты пайдаланып, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу арқылы патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік туады. Осындай сабақтардың танымдық міндеттері басқа пәндердің мазмұнын пайдалануды қажет етеді. Технология пәніне мұндай туыстас пәндер бейнелеу өнері мен музыка пәні. Сондықтан да, кіріктірілген сабақ түрінг таңдадым.

Өйткені бұл үш пән бір-біріне ұқсас, сол арқылы бірі-бірін мазмұнды байытатын тақырыптар жиі кездеседі. Бұл сабақтың ерекшелігі - бейнелеу өнері, музыка және технология пәнін кіріктіріп оқыту барысында оқушыларды тұрмыстық бұйымдар арқылы, қоршаған ортада кездесетін нақты заттардың мысалы негізінде үйреткен жақсы. Күнделікті өмірде кездесетін заттармен жұмыс істеу барысында оқушылар тарапынан қызығушылық туғызады. Жалпы осы туыстас үш пәнді оқытуда өзіндік үйлесімді ұқсастық та бар. Мысалы: бейнелеу өнері пәні - оқушыларға нақты сурет, тақырып бойынша еске түсіру арқылы сурет салу негіздерін, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамытуға, заттардың формасын және түсін ажырата білуге үйретсе, технология пәнінде қарапайым құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі мен ептілігін дамытады. Бейнелеу өнері пәні арқылы заттың формасы, көлемі және түсі зерттелсе, технология пәнінде жасаған заттың нобайын салу, ағаш өңдеу арқылы сол заттың моделін жасайды. Ал музыка пәнінде оқушылар ұлттық аспапта ноталардың үйлесімі арқылы күй, әуен тыңдап, оны нотаға салуды, қағыс қағуды үйренеді. Мен ұсынып отырған бұл әдістер оқушылар тарапынан, бір заттың қағазға түскен бейнесінен формалы затқа айналу процесіне куә болғандықтан, қызығушылықпен қатар, оқушылардың бойына ұлттық–патриоттық тәрбие қалыптастыру арқылы тиянақтылық пен мұқияттылық, ұқыптылық қасиеттерін дарытады.

Соңғы жылдары оқыту үрдісін жаңа анағұрлым тиімді незізде ұйымдастыру бағыты тәжірибеде кеңінен орын алып келеді. Осыны негізге ала отырып, Тәуелсізідіктің 20 жылдығына орай пәнаралық байланысты пайдаланып өткізген, интерактивті «Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйкәде ретінде жасау» атты сабағым сәтті өтті деп ойлаймын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности