Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жақсылық-жан жадыратады

Казахстан, Акмолинская область, город Кокшетау

ГУ "ОСШИОД №3"

Учитель предмета самопознание

Кайржанова Майра Негметовна

Жақсылық-жан жадыратады

Мақсаты: оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

- Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

- Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

Өзіңді тану

Жақсы болу — өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің — ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар

«Өзіңді тану» пайдасы.

Мәтінмен жұмыс

Д. Әлімжановтың «Жақсы адам көңілі-күн» деген өлеңін оқып, жақсылыққа жетелеу.

Жақсы адам көңілі-күн,

Жанға сәуле түсірген.

Нашар адам көңілі-түн,

Кеудеден отты өшірген.

Талпын жақсы болуға,

Күндей сәуле шашатын.

Білім іздеп, өнер тап,

Түнді күндей ашатын.

Толған айдай жан болсаң,

Толсын ақыл ішңе.

Күн көзіндей жан болсаң,

Толсын ақыл ішіңе.

Ел сүйсін ісіңе.

Ақыл қуған адаспас,

Ақылда, дос, бар тетік.

Қапта жатпас таза алмас,

Шығар бір күн жарқ етіп…

Әңгімелесу

  • Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
  • Жақсы болу, жақысылық жасауды қалай үйретуге болады?
  • Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
  • Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Жаңа ақпарат

Оқулықта берілген «жаңа ақпаратты» талдау барысында оқушылардың жақсылылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығына көңіл бөлу.

Мәтінмен жұмыс

А. Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін оқып,талдау жасау.

  • Жаманға салысып жақсы бол ма?-деген сөзді қалай түсінесіз?
  • Адам басқаның жамандығына қуанудан немесе жұбаныш қылудан жақсы адам бол ма? Неліктен?

Сахналау

Оқушылар төрт топқа бөлініп өз қалаулары б-ша әр түрлі мамандықтарды да мысалға алып, тапсырманы орындайды.

Ақын:

Жазушы:

Суретші:

Ғалым:

Тыныштық сәті

Баяу музыка қойып, оқушылардың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу.

Тапсырма

«Жақсы сөз айту-жағымпаздық..» тақырыбына пікірталас ұйымдастыру. Өз өмірлеріңізден мысал келтіріп, көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

Дәптермен жұмыс

Мен жақсылық жасай аламын, себебі…

Үлгі: Мен жақсылық жасай аламын, себебі мейірімдімін.

Дәйексөз

М. Әлімбаевтың өлең жолдарын оқу.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлесең,

Көңілін ашылады.


Жүректен –жүрекке

Ә. Нілбаевтің «Ар» атты өлеңін оқып.

Адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында оның ар, ұятына байланысты екеніне назар аудару.

Арымның ақ шыңына шығып түрып,

Қарасам жан-жағыма күліп тұрып,

Сонда мен бетім жарық, таза адаммын,

Болмаған өмірімде бұзық қылық.

Толғантып, ой салатын әр күн маған,

Ақ көңіл адамдар-ай, аңқылдаған.

Кіршік жоқ арында оның жаны жайсаң,

Бар адам көңілінен ән тыңдаған

Алаң боп ойлайтыным менің әр күн-

Болса екен арым аппақ,жаным жарқын.


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности