Пользователь с логином maira65 не найден.
Баяндама Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру. (әдістемелік семинар)
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасаған еді. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында жеке тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру атқаратын мақсаты: Шығармашылық жұмыстарда оқушы өз ойын білдіріп, қабылданған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білуге және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Нәтижесінде: шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде әртүрлі топ өкілдерімен қарым- қатынас жасау мәдениеті қалыптасады. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру - тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Ақпарат алмасу — коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз болғанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. Адамдардың бір-бірімен керекті контактіні құрып және ұстай алу қабілеттілігі коммуникациялық компентенттілік деп аталады. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшеленеді. Жоғарыда айтып кеткендей, коммуникация адамдардың бірі-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Әлемдегі барша адамдардың қарым-қатынасының басты құралы ол — тіл. Тілдік қатынас арқылы адамдар арасында қарым-қатынастың неше түрі орнатылады. Қазіргі таңда заманның өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етуде. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік — осылардың барлығы: біріншіден басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның өмірінің алғашқы кезеңдегі үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл өмір сүруде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « … жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен.Өзін -өзі тану оқушыларға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көз қарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымда жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін өзі тану өзін дамытудың жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам адам, адам қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыруы. Өзін өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін өзі жетілу қабілетіне ие болады. Ұстаздың оқушылар бойында коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін білуі өзін-өзі тану сабағында жұмыс жүргізу барысында үлкен жетістікке жеткізеді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімінің міндеті: • оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту; • жеке қабілеттерін көре білу, оны дамытуға толық мүмкіндік беру; • оқушылардың белсенділіктерін арттыру; • өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу,білім біліктерін қалыптастыру; • оқу үрдісінде ұйымдастырушы болу,инновациялық жаңалықтарды тиімді қолдану; • таным қабілеттерін айқындай отырып, іскерліктерін қалыптастыру. Оқушы өзін-өзі тану пәнінде көрсеткен жолдарымен төмендегі әрекетерді жасауға талпынып үйренеді: • қоғамның белсенді азаматы болуға; • қалаған іске жауапкершілікпен қарауға; • өз ойын, көзқарасын құра білуге; • сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге; • ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға; • өз-өзіне сын көзбен қарауға; • қабілетін жетілдіруге; Шығармашылық ізденістің арқасында үлкен жетістіктерге жетеді. Бірігіп, жұмыла ұйымдасып, түрлі тақырыптарда іс-шаралар, бағдарламалар, жобалар өткізу оқушылардың еңбекке қабілеттілігін арттырып қана қоймай, қарым-қатынас арқылы рухани жан дүниелерін байытады, жігерлендіреді.Мысалы: «Жарасымды қарым қатынас», «Алынбайтын асу жоқ», «Мен өмірді таңдаймын» пікірталас, тренингтер маңызды рөл атқарады. Оқушылар дүниетанымдық білімі жоғары, зерек, білімге құштар, өзгелермен қарым-қатынас жасай алатын және көпшілік ортада өз-өзін ұстай алатын, өз ойын аспай-саспай еркін, нақты жеткізе алатын болады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау, тапсырма орындау барысында тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады. Қорытындылай келе, әр адамның коммуникативтік мәдениеті адамдармен қарым-қатынас жасай білуінен байқалады. Адамдардың бір-бірімен тез арада тіл табыса білуі олардың коммуникативтік әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Мәдениетті адам қарым-қатынас жасау кезінде өзін ұстай біледі, басқа адамның өміріне еркін араласып кете алады. Барлық жағдайға ешбір қиындықсыз бейімделе алады. Адамның коммуникативтік мәдениеті оның өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуының дәрежесін байқатады, сонымен қатар оның коммуникативті дағдысы мен коммуникативтік қабілетін танытады. Коммуникативті қабілеті коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен байқалады. Халқымыздың әлеуметтік өміріне зер салсақ, бала тәрбиелеу ісінде үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге, жақсыны жаманынан ажыратып, өзіндік шешім қабылдауға, өз бетімен іс-әрекет жасауға, шежірені үйретуге, туған жерін қастерлеуге, отбасын құруға, жинақтап айтқанда кісілікке үйреткен. Сондықтан жеке тұлғаны қалыптастыру ісі ұлтымыздың баланы тәрбиелеу тәжірибесі негізінде жүргізілуі орынды екенін айғақтайды: • кешегіні білетін, бүгінгіні түсінетін тұлға; • алдына мақсат қойып, оған жол таба білуші тұлға • жер ана-үйім, Отаным, адамдар-бауырым дейтін тұлға; • әр ортада өз орнын таба білетін тұлға; • адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдай алатын, мәдениетті тұлға. Мектеп қабырғасында оқушылар жоғарыда көрсетілген ортада өсіп-өніп, бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түсіп, риясыз көңілмен коммуникативті мәдениетті қалыптастырып отырғандығына көз жеткізуге болады.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности