Пользователь с логином saule не найден.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Қазақстан, Көкшетау қ.

Ақмола облысы Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды

балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Кусаинова Сауле Зикеновна

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Мақсаты: жанында жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

- адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

- жанында жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

- жанында жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелей.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

Ғ. Қайырбековтың «Ана туралы жыр» әнін тыңдап айту.

Әңгімелесу

« Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Айналаңдағы адамдардың жақсылығын мейірімін сезіп бақап, бағалайсыңдар ма? Қалай?

Өзің жақсы көрген адмның сағаннемқұрайдылық танытқан кездері болды ма? Сол кезде не сезіңдің?

Өзіңе «Маған мейірім-шапағатын аямаған адам үшін мен не істедім?» деген сұрақ қойып көрдің бе?

Адамдар саған «рақмет» айта ма? Ал өзің ше?

Жаңа ақпарат

Жақында жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізі білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.

Жаңындағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

Мәтінмен жұмыс

Р. Ақдемірдің «Ана маххабаты» мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Ана неліктен балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді?

Балалары сахатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

Балалар саяхаттан неліктен бас тартты?

Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай түсінесіңдер?

Жағдаятты талдау

І жағдаят

Саяттың іс-әрекеті дұрыс па?

Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

ІІ жағдаят

Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?

Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді.

ІІІ жағдаят

Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?

Ерболға қандай кеңес бересіңдер?

ІV жағдаят

Саяхаттан бас тартасыңдар ма?

Достарыңа қандай көмек ұсынынасыңдар?

Дәйексөз

Өзіннің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезгеді және айналасына зиянын тигізеді.

Альфред Адлер

Тапсырма

Өзіңнің жақындарыңды қалай қуантар едің? Тізбектеп жаз.

Түйіндеме

Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыдығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата-наның көзінен оның жан-дүниесін көре білуін жастайыңнан үйрен.

В.А. Сухомлинский

Жүректен жүрекке

Қ.Қазыбековтың «Әке арманы» өлеңін айту.

Комментарии пользователей /2/
  1. айдана
    жаксы сыздерге рамхет
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности