Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Қазақ театры туралы

Казахстан, Павлодарская область,г. Экибастуз

ГУ "Средняя общеобразовательная школа №17"

Учитель казахского языка и литературы

Рахимжанова А.Н.

Қазақ театры туралы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға қазақ театры қажетті лексикалық минимумды меңгерту; сын есімдерді қайталау арқылы ҰБТ дайындығын тереңдету;

Дамытушылық: тақырып бойынша айтылым әрекетін дамыту, сұрақ қоя білу, қойған сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту, ойлау, сөйлеу шеберлігін арттыру.

Тәрбиелік: мәдениетке, театр өнеріне сүйіспеншілік туғызу

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, салыстыру

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Ø Сәлемдесу.
  • Ø Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

«Театрға шақыру» диалог жатқа айту

Ықтимал жауап:

- Сәлеметсіз бе? «Біржан мен Сара» операсына билет бар ма?

- Билет бар, бірақ слңғы қатарларға ғана қалды.

- Жарайды , маған үш билет беріңізші. Бір билет қанша тұрады?

- Бір билет 300 теңге тұрады. Сізден 900 теңге. Міне, билеттеріңіз.

- -Рахмет, сау болыңыз.

- Сау болыңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Лексикалық минимум

  • Театр өнері, шығармашылық ұжым,сахнаға шақыру;
  • Сымбатты, нағыз, тілсіз;
  • жаңа туынды ұсыну, қойылым қою, бірігу, құтылу, түзелу.

Ой шақыру

  • Қазақстандағы қандай театрларды білесіңдер?
  • Театр өнері сізді қызықтыра ма?
  • Қазақстанда алғашқы театр қашан ашылды?

ІҮ.Тапсырмалар

Оқылым .Айтылым

1)Берілген мәтінді оқыңыз. Қажетті мәліметті дәптерге жазып алыңыз. ( топпен жұмыс)

Мәтіндер

А)К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры

Ә)Абай атындағы опера және балет театры

Б) Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театры

В)Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ сазды драма театры

Г) Мұхтар Әуезов атындағы драма театры

Ғ) Лермонтов атындағы орыс драма театры

2) Мына сөздерді сөз таптарына топтаңыз (дәптерге жазады)


Қимыл, нағыз, сымбатты, орындау, күлкілі, әнші, әйгілі, дарынды, дүниежүзілік, әртіс, тыңдау, өнер, қабылдау, тілсіз, болашақ, көрсету, десаулық, дене, құтылу, артық, ырғақ, салмақ, түзелу, көтеріңкі

Зат есімдер

Сын есімдер

Етістіктер

3)Сөздерді орын тәртібімен қойып жазыңыз.

1. танысады, театр, балалар, мектебінде, өнер, өнерімен.

2.дайындайды, сахна, әртістері, болуға, өздерін, болашақ.

3.қабылдайды, алты, жастан, балаларды, би, театры.

4.тілсіз өнер , балет.

5. беріледі, арқылы, сезім, қимыл, онда.

Білгенге маржан (ҰБТ сұрақтары бойынша)

1. Қазақ бұлбұлы — Күләш Байсейітова опера өнерінің алыбы. Тума талант, жалынды әнші, дарынды актриса. Айман, Шұға, Жібек, Ақжүніс, нарғыз, Ажар, Татьяна, Сара т.б. рөлдерді орындаған кездерінде Күләш тек қазақ опера өнерінің алыбы ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік опера қайраткерлерімен терезесі тең жатқанын көрсетеді.

Күләш Байсейітоваға 24 жасында КСРО халық әртісі атағы берілді.

2. Алғашқы қазақ театры 1926 жылы Қызылорда қаласында құрылған. Ең алғашқы пьеса — «Еңлік –кебек».

ІҮ.Бекіту.

Тілдесім

Сұрақтарды топта талқылаңыз.

  • Сіз соңғы рет театрға қашан бардыңыз?
  • Ол қай қаладағы театр?
  • Онда сіз қандай қойылым көрдіңіз?
  • Театр өнері қандай өнер деп ойлайсың?
  • «Би театры» қандай салаларда жұмыс істейді?

Ү. Үй жұмысы.

Қазақ театры туралы әңгімелеу

ҮІ. Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности