link14760 link14761 link14762 link14763 link14764 link14765 link14766 link14767 link14768 link14769 link14770 link14771 link14772 link14773 link14774 link14775 link14776 link14777 link14778 link14779 link14780 link14781 link14782 link14783 link14784 link14785 link14786 link14787 link14788 link14789 link14790 link14791 link14792 link14793 link14794 link14795 link14796 link14797 link14798 link14799 link14800 link14801 link14802 link14803 link14804 link14805 link14806 link14807 link14808 link14809 link14810 link14811 link14812 link14813 link14814 link14815 link14816 link14817 link14818 link14819 link14820 link14821 link14822 link14823 link14824 link14825 link14826 link14827 link14828 link14829 link14830 link14831 link14832 link14833 link14834 link14835 link14836 link14837 link14838 link14839 link14840 link14841 link14842 link14843 link14844 link14845 link14846 link14847 link14848 link14849 link14850 link14851 link14852 link14853 link14854 link14855 link14856 link14857 link14858 link14859 link14860 link14861 link14862 link14863 link14864 link14865 link14866 link14867 link14868 link14869 link14870 link14871 link14872 link14873 link14874 link14875 link14876 link14877 link14878 link14879
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
«Тоқсан жолдың торабы. Нұрпейіс Байғанин»

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа № 4

Учитель начальных классов

Сарсенбаева Айтгүл Толешовна

Сабақтың тақырыбы: Тоқсан жолдың торабы. Нұрпейіс Байғанин.

Сабақтың мақсаты: «Туған ел», «Туған жер» ұғымдарын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері: Білімділік. Өлең мазмұнын түсіне отырып,еліміздің жер –су аттары,жолдары туралы білім беру.

Дамытушылық. Оқушылардың мәнерлеп оқу машығын,сөздік қорын,ойлауын арттыру.Картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік.Өз елін,жерін мақтан етуге баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,тест

Сабақтың көрнекілігі:ҚР картасы,портрет,дөңгелекшелер, «Астана қаласы» альбомы

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

-Балалар,қазір әдебиеттік оқу сабағы болғандықтан,бізде ақын ағалардай болуға талпынып көрейік.Мына өлең жолдарын толықтырып жіберейік.

Қоңырау да соғылып,

Міне, сабақ .......................... (басталды)

Елдің ,жердің тарихы,

Санамызда ................... . (жатталды)

-Біз нелер жайында оқып біліп жатырмыз?

-Оқып жатқан тарауымыз қалай аталады?

-Өз еліңді,жеріңді сүйесің бе? Мақтан тұтасың ба?

-Оның көркейіп даңқы артқанын қалайсыңдар ма?

-Оған қазірден өз үлесіңді қоса алар едің .Ол қалай деп ойлайсың?

Өткенге саяхат.

Тест

  1. Алтай тауының ең биік жері.

А) Алатау Ә) Ақтау Б) Көкшетау

2. Жетісудың көлдері.

А) Балқаш,Алакөл Ә) Зайсан,Арал Б) Марқакөл,Байкал

3. «Туған жердің тасы да танымал» әңгімесінде геолог Қаныш аға қай елге барды?

А) Африка Ә) Қырғызстан Б) Британия

4. Жерінен алтын,күміс жентектеліп шығып жататын қай тау?

А) Алтай тауы Ә) Орал тауы Б) Алатау тауы

5. Жұрт көру үшін музейге қойылатын зат қалай аталады?

А) саф Ә) экспонат Б) гид

Жауаптары: 1.Ә 2.А 3.Б 4.А 5.Ә

Оқушылар жұмысын бір-біріне бағалата,қорытындылау.

-Үйге нендей тапсырма алып едіңдер?

«Қарағанды» әңгімесін бірнеше оқушыдан сұрау.

-Картадан кім Қарағанды қаласын тауып берер екен?

Жаңа сабақ

-Туған қаламыз Талдықорғанды кім тауып берер екен?

-Астананы ше?

-Осы қалаларға біз қалай бара аламыз?

Сабақ тақырыбын,мақсатын айту.

Өлең авторы туралы мәлімет беру

Нүрпейіс Байғанин Ақтөбе облысында ,қазіргі Байғанин ауданында өмірге келген.Халық ақыны,жырау.Ол 16-17 жасында-ақ «бала жыршы» атанған.Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Көптеген өлеңдері,дастандары бар.Қазір ол кісінің атында мектеп,көшелер бар.

Өлеңді оқып беру.

Оқушылардың өздеріне оқыту.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Арқа-Сарыарқаның аймағы.

Дәптерге жаңа сөзді көшіріп алу.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындату

А) Өлеңде айтылған өзендерді ата

Картадан өзендерді көрсете,олар жайында мәлімет беру.

Есіл өзені-Ертіс өзенінен келетін өзен.Ұзындығы 2450 км.

Жем өзені-Каспий теңізінен келетін өзен.Ұзындығы 712 км.

Тобыл өзені-Қостанай облысынан шығатын өзен.

Нұра өзені-Қарағанды облысынан басталатын өзен.

-Осы аталған өзендердің қайсысы Астана қаласын қақ жарып ағып жатыр?

Тоқсан жолдың торабы-жолдардың қосылған жері.

-Біздің қаламызда да осындай жол торабы бар.Ол қаламыздың Желтоқсан,Тәуелсіздік,Балапанов көшелерін қосып жатқан айналма жол.

Сабақты бекіту.

-Ал осы жолдар елімізді қандай елдермен байланыстырады екен,білгілерің келе ме?

-Мына кескіндердің қайсысы туған жеріміздікі .-Кәне, кім таба алар екен?

-Солтүстігімізде жолдар қай елге апарады?

-Шығысымызда ше?

Тапсырмалар:

*Оқулықтағы жаңылтпашты кім бізге жылдам әрі қателеспей оқып берер екен?

*Жұмбақ шешіп көрейік. Самұрық құс самғады.

Көктен өтіп,айға жетіп,

Жеңілдеді салмағы. (зымыран)

*Туған елің,жерің ,Отаның жайында қандай мақал –мәтел білесің?

-Балалар,біздің Отанымыз да тоқсан жолдың торабында жатқан ел екен.

Сабақты қорытындылау.

-Біз кімді таныдық?

-Не білдік?

Бағалау.

-Сабағымызда кімдер өз білімдерімен туған жеріне,еліне өз үлестерін қоса алды екен?

Жасыл түс-көңілге қуаныш сыйлар 5-тік баға.

Сары түс-ескертетін 4-тік баға.

Қызыл түс-ұялтатын үштік баға.

Оқушылар қолдарындағы түрлі-түсті(жасыл,сары,қызыл) дөңгелекшелерді карта кескініне апарып жапсырады.

-Осы үш түсті күнделікті қайдан көреміз?

-Ендеше,бағдаршамның айтқанын бұлжытпай орындаңдар.Аман-есен жүріңіздер.

Үйге:Өлеңді мәнерлеп оқу,өзен-көлдер жайында жұмбақтар жинастыру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности