link8064 link8065 link8066 link8067 link8068 link8069 link8070 link8071 link8072 link8073 link8074 link8075 link8076 link8077 link8078 link8079 link8080 link8081 link8082 link8083 link8084 link8085 link8086 link8087 link8088 link8089 link8090 link8091 link8092 link8093 link8094 link8095 link8096 link8097 link8098 link8099 link8100 link8101 link8102 link8103 link8104 link8105 link8106 link8107 link8108 link8109 link8110 link8111 link8112 link8113 link8114 link8115 link8116 link8117 link8118 link8119 link8120 link8121 link8122 link8123 link8124 link8125 link8126 link8127 link8128 link8129 link8130 link8131 link8132 link8133 link8134 link8135 link8136 link8137 link8138 link8139 link8140 link8141 link8142 link8143 link8144 link8145 link8146 link8147 link8148 link8149 link8150 link8151 link8152 link8153 link8154 link8155 link8156 link8157 link8158 link8159 link8160 link8161 link8162 link8163 link8164 link8165 link8166 link8167 link8168 link8169 link8170 link8171 link8172 link8173 link8174 link8175 link8176 link8177 link8178 link8179 link8180 link8181 link8182 link8183 link8184 link8185 link8186 link8187 link8188 link8189
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
«Арнау күйлер»

Казахстан,г. Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель музыки

Умиртаева Лязат Чадетовна

Сабақ тақырыбы: Арнау күйлер

Мақсаты: Арнау күйлер туралы түсінік бере отырып, түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру. Музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға үйрету арқылы ой- өрісін жетілдіру. Дамытушылық: Ырғақты сезіну, музыкалық қабілеттерін, сауатын ашу, дамыту.

Тәрбиелік: Туған жердің кеңдігін, сұлу табиғатын бала жүрегімен сезініп, оны танып білуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, музыкалық шығармаларды тыңдау, талдау. Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, апаратура, синтизатор, домбыра.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар сыныпқа музыкамен кіреді. Музыка тілінде амандасу.Оқушылардың сабаққа зейінін аудару. Дауысқа жаттығу. Мемлекеттік әнұран орындау.

Өткен сабаққа шолу: 1)Күй дегеніміз не? (ойнау тәсілі). 2) Күйдің негізгі әуені қандай аспапта орындалады?

3) Күй өнерінің негізін қалаған күйшілерді ата? 4) Аңыз-күй дегеніміз не? 5) Ән « Домбырасыз сән қайда » музыкасы И. Нүсіпбаев. 6) «Музворд». Ән орындағанда қандай дене мүшелері жұмыс атқарады?

Жаңа тақырып: (жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады). Балалар қазақ халқы өзінің арманын, көңіл- күйін, өмір сүрген қоғамға көзқарастарын домбыраның қос ішегінің құдіретті үнімен жетізе білгені жайлы алдыңғы сабақтарда айтқанбыз. (Слайд шоу). Суреттерге қарасақ қазақтың кең байтақ даласы, сұлу табиғаты, биік таулар, төрт-түлік мал, құстар, жан –жануарлар. Суретті түрлі, әдемі бояулар түрлендіріп, ажарландырып, ерекшелендіріп жібереді. Күйші — композиторларда өздерінің шығармаларын табиғатқа, жан –жануарға, құстарға арнаған. Түрлі жан — жануарлардың қимыл — қозғалысын, жүрісін, құстардың самғағанын, қанат қаққанын күйге қосқан, арнаған. Күйші сазгерлер туындыларын белгілі бір тақырыпқа немесе жақын адамдарына арнаса, мұндай күйлерді арнау күйлер дейміз. 19 — ғасырда өмір сүрген күйші — композитор Құрманғазы Сағырбайұлы анасына арнап «Аман бол шешем, аман бол»- күйін шығарған. Торы атты ерттеп, жолға жиналған күйші үйден шығар алдында домбырасын қолына аладыда, анасымен қоштасып бір күй шығарады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай — ақ білген екен. Міне балалар арнау күйге арқау болған осындай шығармалар.

Музыка тыңдау: « Сарыарқа, Аманбол шешем аман бол» Құрманғазы. « Аққу» Н. Тілендиев. «Жорға » халық күйі.

Музыкалық сауат ашу:

Музыканың жылдамдығы. Ұзақ — қысқа дыбыстар. Ақырын- қатты музыка.

Музыкалық көркемдеуші құралдар.

Музыка бояулары. Биік — төмен дыбыстар. Бекіту: Сөзжұмбақ « Домбыра».

Д

О

М

Б

Ы

Р

А

Арнау күйлер

Табиғатқа. Төрт түлік мал Құстар, жан-жануарларға Жақын адамдарына

Музыкалық ...................... .

Бес сызыққа жазылатын жеті......... .

Ән, әуен, ырғақ ............ .

............... арналған күйлер.

Қаттыжәне........ дыбыстар.

Күй атасы.............. .

Құрманғазының күйі.

Балалар бүгін біз арнау күйлер туралы білдік. Музыка халық өмірінің айнасы екеніне көз жеткіздік. Өнерді әрқашан қадірлеп жүрейік. Себебі музыка өнердің бір түрі біздің асыл мұрамыз.

Үйге тапсырма: Сурет салу, шығарманы аяқтау.



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности