Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
«4- ті қосу және азайту»

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель начальных классов

Емирова Жанат Толешевна

Сабақтың тақырыбы: 4- ті қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

1. 4-ті қосу және азайту жайында түсінік беру, жаттықтыру.

2. Салауаттылыққа баулу. Танымдық қабілетін арттыру, ойланып тиянақты жауап беруге баулу. Логикалық ойын, тілін, ауызша жылдам есептеу қабілеттерін дамыту.

3. Математика сабағына қызығушылықтарын арттыру,тапқырлыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, ауызша есептей білуге, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа.

Сабақтың техналогиясы: дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі:көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактикті тақта.

Пән аралық байланыс: ана тілі, музык

Психологиялық: Оқушы көңіл-күйіне назар аудару.

Гигиеналық: оқушы формасына, сынып тазалығы мен жарықтығына назар аудару, қадағалау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды партаға отырғызып, сабаққа зейінін аудару. Құрал жабдықтарын түгендету.

ІІ Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ Жаңа сабақ: (Психологиялық дайындық) біз үшін әрбір адам

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін сабаққа қонақтар келіп қатысады және жаңа сабақты меңгеруге бізге сандар көмекутеседі.

Біз сендермен осы уақытқа дейін 2,3 сандарын қосу және азайтуымен , қосу және азайту кестелерімен танысқан болатынбыз. Қане, ендеше оларды еске түсірелік. Ол үшін маған айтыңдаршы алдыда тұратын қай сан?

Дұрыс, 1 саны. Енді осы сандар бізге өз тапсырмаларын дайындап қойыпты. Ол тапсырмасын көру үшін біз сол сан туралы бір ауыз болса да өлең оқып беруіміз керек.

Қане бір саны тура кім өлең оқиды?

1-жіңішке жалғыз таяқша-

Бір саны ол айрықша.

1-санының тап өткенге шолу «Қар жауар ойыны»

Қане, қарлардағы есептерді шығарып өткен тақырыпты пысықтайық.

Бүгін біз «4-ті қосу және азайту» тақырыбын өтеміз, және 4-ті қосу және азайту кестесін құрамыз.

2-ні қосу үшін бір сан аттай отырып қосу керек. М 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

3-ті қосу үшін екі сан атай отырып қосу керек. М: 1**4**7**9, 2**5**8 екенін білеміз. 4-ті қосу үшін үш сан аттай отырып қосу керек М: 1***5***9, 2***6***10

4-ті қосу мен азайту кестесін құру.

1+4=5 5-4=1

2+4=6 6-4=2

3+4=7 7-4=3

4+4=8 8-4=4

5+4=9 9-4=5

6+4=10 10-4=6

Біз осы жаңа сабақты жылдам меңгеруге сандар көмектескелі тұр. Бір санынан кейін қандай сан келеді? Қане 2 саны туралы кім өлең оқып береді?

ІҮ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі:

2-екі саны байыпты,

Аққуға ұқсап қалыпты.

Ұзын мойын құйрықты,

Қазды да қатар қойыпты

Міне екі саны тұр ,

Қараңдаршы неткен түр.

Мойнын алға иеді,

Құйрығы еріп жүреді.

2-санының тап:оқулықтағы бірінші тапсырманы орындалық.

Дәптермен жұмыс

3туралы өлеңді кім оқиды?

3-екіліктен кейін қараңдар,

Үш саны шықты жырыңдар.

Үшінші орын тұрағы,

Үш ілмекті қосып тұрады.

3-санының тап: Қосылғыштардың бірі 4 болатын қосындыларды жаз. Дәптерге жазу.

3санынан кейін қай сан келеді?

4-үштен кейін төрт болар,

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Қыс мезгілі күн суық,

Көктемде болар жер жаңа,

Жазғұтұрым күн ұзақ,

Алтын күз берер бізге нұр.

4-санының тап: оқулықтағы 3 есеп.

4санынан кейін қай сан келеді?

5-басталады саусағым бас бармақтан-1-ші,

Балан үйрек келеді санағанда 2-ші.

Ортан терек биігі, тұрып қалған үшінші,

Шылдыр шүмек келеді, кезегім деп 4-ші.

Кішкентай бөбек таласпай, болған екен бесіеші.

5-санының тапсырмасы: Азайтқышы 4 болатын айырмаларды тап.

5санынан кейін қай сан келеді?

6-алты саны ол-алтау,

Бестен кейін келеді,

Тапқыр бірден біледі.

6-санының тап: сергіту сәті. «Есеп сабағы » әні

6-санынан кейін қай сан?

7-бір аптаны бөлгенде,

Жеті күн бар білгенге.

Жеті зат бар сөмкемде,

Қарындаш, пенал, оқулық,

Өшіргіш берер тазалық,

Қаламсап керек жазуға,

Дәптер менен ана тілі

Үйретер бізді бәріне.

Бәрін қайта атап шық,

Саусақ бүгіп санап шық.

7-санының тапсырмасы: суретке қарап мысалдар құру

7-санынан кейін қай сан келеді?

8-кел балалар санайық,

Жетіге бірді қосайық,

Енді шыққан санды біз,

Сегіз деп атайық.

8-санының тап:Сары және көк кесінділердің ұзындығының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.

8санынан кейін қандай сан келеді?

9-рет-ретімен санасақ,

Тоғыз саны домалап,

Сегізден кейін келеді.

Жіңішке таяқ тірегі.

9-санының тап: логикалық тап: Үшбұрышта 3 қоян отыр. Әр қоянға қарама-қарсы 2 қояннан отыр. Қояндар нешеу? (3 үшеу)

9-санынан кейін қай сан келеді?

10-тоғызға бірді қосамыз,

Он санын енді тосамыз.

Қос таңбаны кім білмек,

Олар-бір мен дөңгелек!

10-санының тапсырмасы: санға 1-ді, 2-ні, 3-ті қосуға мысалдар құрастыру. Ауызша.

Балалар қай сан айтылмай қалды?

Әрине 0 саны

0-кетсе бәрі дөңгелеп,

Ұшып, қашып, не керек.

Жоқтығын заттың білдірер

Қоялық нөлді ертерек.

0-санының тапсырмасы: сабақты бекіту:

Ү.Бекіту : Балалар бүгін біз сендермен қандай тақырып өттік?

Қане ендеше бірге 4-ті қосу және азайту кестесін құрайық. Кестені пысықтау,бекіту.

ҮІ. Үй тапсырмасы: 4-ті қосу және азайту кестесін жаттау.

ҮІІ. Бағалау:

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности