link14238 link14239 link14240 link14241 link14242 link14243 link14244 link14245 link14246 link14247 link14248 link14249 link14250 link14251 link14252 link14253 link14254 link14255 link14256 link14257 link14258 link14259 link14260 link14261 link14262 link14263 link14264 link14265 link14266 link14267 link14268 link14269 link14270 link14271 link14272 link14273 link14274 link14275 link14276 link14277 link14278 link14279 link14280 link14281 link14282 link14283 link14284 link14285 link14286 link14287 link14288 link14289 link14290 link14291 link14292 link14293 link14294 link14295 link14296 link14297 link14298 link14299 link14300 link14301 link14302 link14303 link14304 link14305 link14306 link14307 link14308 link14309 link14310 link14311 link14312 link14313 link14314 link14315 link14316 link14317 link14318 link14319 link14320 link14321 link14322 link14323 link14324 link14325 link14326 link14327 link14328 link14329 link14330 link14331 link14332 link14333 link14334 link14335 link14336 link14337 link14338 link14339 link14340 link14341 link14342 link14343 link14344 link14345 link14346 link14347 link14348 link14349 link14350 link14351 link14352 link14353 link14354 link14355 link14356 link14357 link14358 link14359 link14360 link14361 link14362 link14363
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Тұлғалық білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель начальных классов

Дюсебекова Камиля Оразхановна

Тұлғалық білім беру негізінде коммуникативтік

құзыреттілікті қалыптастыру

Еліміздің болашағы — бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақтардың қолында екендігі баршаға белгілі. Мемлекетіміздің болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры- білім. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу- қоғамдық мәні үлкен мәселе. Ертеңгі заман талабы- жан- жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Осындай биік мәселеге қол жеткізуді- кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалім ғана атқармақ. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін- әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Мұғалімнің кәсіби - құзыреттілігі - оның жан - жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық- педагогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Мұғалім қоғам талабына сай өзін- өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылықты дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

Кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды- педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.

Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі — кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылық; жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік — біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік даму процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздық педагогикалық қарым- қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейді меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс- әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Жеке тұлғаны білімді және салауатты етіп қалыптастыру — бүгінгі күн талабы. Әрбір мұғалімнің алдында: «Қазіргі заман сұранысына жауап беретін тұлғаны қалай дамыту қажет?», «Дамып келе жатқан тұлға бойына қажетті құндылықтарды қалай сіңіреміз?», «Нәтижеге бағытталған білімді қалай үйрету керек?» деген проблемалы сауалдар тұр. Бұл сауалдарға нақты жауапты әрбір мұғалім өзінің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алуынан, өзінің нақты мақсатты болжай алуынан, баланың іс –әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен, жалпы бір сөзбен айтқанда өзінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту жолдарынан іздеу қажет.

Тұлғалық және нәтижеге бағыттталған білім беру беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу — бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Тұлғаға білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті орнату, сабақта тілдік қарым –қатынастағы әлеуметтік — мәдени нормаларды және стереотиптерді білу, яғни сөздің жанама тәсілдерін бейнелі сөздерді қолдану, енгізу. Мұнда фатикалық қатынас басты рөл атқарады, яғни тыңдаушының назарын өзіне аудару, сөзге тарту, сөз тақырыбына қызығушылығын оята білу көзделеді. Дискурстың ерекшелігі- экспрессивті эффект тудыру арқылы пікірлесушіні қызықтырып отыру. Сөз этикасы қатысымдық және этикалық сапалармен тығыз байланысып жатыр. Сондықтан олар да білім нәтижесінің көрсеткіші болып саналады. Мұғалім баланы тұлға ретінде танытуда дайын жаттанды білімді меңгерте салмай, сол түсінікті игеру жолына бағыт беруі керек. Оқушы өзі танып, талдап, дәлелдеп, салыстырып, тұжырымдап білімнің кілтін табуы тиіс. Өзі түсініп жаңашылдыққа қол жеткізгенін түсіне білуі тиіс. Оқушының осы қарым-қатынасқа жетелеуде мұғалімнің асқан шеберлігі қажет, яғни мұғалім тұлғаға білім беруде оқытудың қажетті озық технологияларын тиімді пайдаланып сабақта қолдана білуі, ақпараттық сауаттылығы, коммуникативтік іс-әрекеті өте қажет. Әр оқушының негізгі құндылығы жеке басының тұлғасын таныту. Мұғалім әр тұлғаны жан-жақты ашып таныта білсе, өз шеберлігін көрсете білгені. Сонымен қатар педагог әр қарым-қатынас кезінде әр тұлғаның дұрыс және қапысыз шешім таба білуін жетілдіруіне басты назар аудару керек, яғни кез-келген жағдаяттардан шығар жолды да шеше білуі тиіс.

Оқушы тұлғасын басты орынға қоя оқыту педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара қарым- қатынастарының мазмұнына негізделеді. Оны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін сан алуан тұрғыдан қарастыруға болады. Осы үрдісті ұйымдастыру негізінен басқаруға қатысты болғандықтан оны педагогикалық шарттар негізінде «қарым- қатынастық» тұрғыдан зерделеуге болады. Бұл жағдайда оқушы білім берудің субъектісі ретінде қарастырылады, ол мұғалімнің мақсаты оқушының өз тәжірибесіне сүйене отырып, оны ізденіске жетелеу болады. Оқушының бұған дейінгі алған білім, білік, дағдылар білім алудың құралдары мен тәсілдері ретінде жаңа білімді игеруге қызмет етеді. Сонымен қатар, бұл үрдіске қатысушылар «орындаушылар» емес «әрекетті жүзеге асырушылар» болып есептеледі. Сөйтіп, оқушы мен мұғалім өзара диалогтік, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасайды. Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Бала санасының психологиялық табиғатын, оның субъектілік тәжірибесін оқыту материалын игеруде пайдалану туралы Л.С.Выготский: «Тұлғаның бойында жаңа реакциялық өзгерістер жасай алатын бірден-бір тәрбиеші- организмнің өзіндік тәжірибесі. Тек қана өз тәжірибесінде басынан өткізгендер ғана сырты байланыс жасай алады.Сондықтан оқушының жеке тәжірибесін ескеруге бағытталған оны жоққа шығаратын, сөйтіп мұғалімді жоғары санайтын көзқарас қате, жалған екенін ғылыми психология дәлелдей алады. Тәрбиелеу үрдісі оқушы тәрбиелеуге икем, оқушы өзін- өзі тәрбиелеуге әкелетін үрдіс боуға тиіс», - деп көрсетеді. Тұлғаның өзіндік дамуы, өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеруі оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігімен, субъектілік тәжірибесінің ерекшелігімен, қайталанбайтын тұлғалық құндылығымен маңызды болып саналады.

Жалпы алғанада тұлғалық білім беру негізінде коомуникативтік құзыреттілік өте басты қарым- қатынас болып табылады. Жеке тұлғаны анықтау, оны жан- жақты дамыту, дамыту мақсатына қол жетудегі тиімді әдіс- тәсілдер қолдану, ал сол тәсілдерді пайдалануда озық технолдогияларды меңгеру, ақпараттық сауаттылықпен қарулану ұстаздың шығармашыл ізденуін талап етеді.

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп айтқан, сондықтан әрбір педагог әр кезде өз құзыреттілігін дамытып, шеберлігін шыңдап отыруы тиіс.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности