Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Түбірлердің формулаларын қолданып квадрат теңдеулерді шешу
Республика Казахстан,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Математика пәнінің мұғалімі
Шалабаева Алма Билимовна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадраттық теңдеуді шешуде формулаларды тиімді пайдалану

дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту,

математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне

сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Сабақтың түрі: практикалық, есептер шығару.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Қолданылатын технология: деңгейлеп-саралап оқыту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, анаграмма, тест тапсырмасы,

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша: Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқыңдар.

  1. ах2 + вх + с = 0 теңдеуі … теңдеу деп аталады, мұндағы а, в, с - берілген сандар, х-айнымалы, а нөлге тең емес.
  2. х2 = а теңдеуінің а > 0 болғандағы түбірлері х1 = …; х2 = … .
  3. ах2 + вх = 0 теңдеуі … квадрат теңдеу деп аталады, а нөлге тең емес.
  4. ах2 + вх + с = 0 теңдеуіндегі в … коэффициент деп аталады.
  5. х2 + px + q= 0 теңдеуі … квадрат теңдеу деп аталады, мұндағы а = 1.
  6. ах2 + вх + с = 0 теңдеуінің түбірлері мына формула бойынша есептеледі:

D = …; х1/2 = …;

7. ах2 + вх + с = 0 теңдеуінде в = 2n болғанда D= …

8. х2 + px + q = 0 теңдеуінде p = 2k болғанда D = …

Өзіңді тексер: (кестені толтыр)

теңдеу

толымды

толымсыз

келтірілген

келтірілмеген

х2 + 5х — 3 = 0

2 + 5 = 0

2 – 4х = 0

5х -7х2 +2 = 0

2 = 0

3. Тақтамен жұмыс: (3 оқушы тақтада орындайды)

I деңгей: № 133 (2)

II деңгей: № 138 (2)

III деңгей: № 145 (1)

4. Кітаппен жұмыс: (орындарында)

№ 137 (1)

№ 138 (1)

№ 145 (2)

5. Сергіту сәті. Анаграмманы шешіңдер:

  • таиимдкисрнн (дискриминант)
  • ңеетду (теңдеу)
  • фэкоцинетиф (коэффициент)
  • үртіб (түбір)

6. Өзіндік жұмыс: Теңдеулердің түбірлерін табыңдар және коэффициенттерінің

қосындысын табыңдар.

1 нұсқа 2 нұсқа

  1. 2 – 5х + 3 = 0 1. 5х2 – 8х + 3 = 0
  2. х2 – 2х — 3 = 0 2. х2 + 3х + 2 = 0
  3. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
  4. Үйге тапсырма: № 137 (3), 138 (3), 139 (1, 5, 7).
Оқушыларды бағалау.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности