link2280 link2281 link2282 link2283 link2284 link2285 link2286 link2287 link2288 link2289 link2290 link2291 link2292 link2293 link2294 link2295 link2296 link2297 link2298 link2299 link2300 link2301 link2302 link2303 link2304 link2305 link2306 link2307 link2308 link2309 link2310 link2311 link2312 link2313 link2314 link2315 link2316 link2317 link2318 link2319 link2320 link2321 link2322 link2323 link2324 link2325 link2326 link2327 link2328 link2329 link2330 link2331 link2332 link2333 link2334 link2335 link2336 link2337 link2338 link2339 link2340 link2341 link2342 link2343 link2344 link2345 link2346 link2347 link2348 link2349 link2350 link2351 link2352 link2353 link2354 link2355 link2356 link2357 link2358 link2359 link2360 link2361 link2362 link2363 link2364 link2365 link2366 link2367 link2368 link2369 link2370 link2371 link2372 link2373 link2374 link2375 link2376 link2377 link2378 link2379 link2380 link2381 link2382 link2383 link2384 link2385 link2386 link2387 link2388 link2389 link2390 link2391 link2392 link2393 link2394 link2395 link2396 link2397 link2398 link2399
Камалиденова Раушан Қуатқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Павлодар
Сауықтыру лагерінің өткізілуі жөнінде есеп

Еңбекші жалпы білім беру

орта мектебі мемлекеттік мекемесінде

өткізілген «Бүлдіршін»жазғы

сауықтыру лагерінің

өткізілуі жөнінде

Есеп

2011 жылдың маусым айының 1–нен 23-не дейінгі аралықта мектептің 1-6 сынып оқушылары «Бүлдіршін» атты жазғы сауықтыру лагерінде демалды. Оның ішінде 20 бала аз қамтамасыздандырылған отбасылардан еді.

Лагерь жұмыстарын жүргізу үшін үш бөлме таңдалынып алынды. Оның ішінде ойын, үйірме және изолятор бөлмелері бар. Аталып өткен бөлмелер ақталып, тазартылып, қажетті құрал-жабдықтармен, жиһазбен жабдықталды, тиісінше суреттермен, шарлармен безендірілді. Тәрбиешілер мен лагерь қызметкерлерінің көмегімен бөлмелер уақытында дайындалған еді. Аталып өткен ойын бөлмесінде балалар көп, әрі қызықты уақыттарын өткізді. Тәрбиешілермен түрлі ойындар ойнап, іс-шараларға белсенді қатысты. Үйірмелер бөлмесінде демалушылармен үйірме жұмыстары өткізіліп, балалар қызығушылықтары бойынша іс-әрекеттермен айналысты.

1 маусым күні лагерьдің ашылу салтанаты мен балалар құқығын қорғау күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттен кейін оқушылар табиғат аясына демалуға шықты. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.

2 маусы күні Нұрсарина К.Қ. «Әнші балапан» атты іс-шара өткізіп, оқушылардың ән айту қабілеттерін сынады және Жумабекова Қ.Б. «Кітап — білім бұлағы» атты клубында оқушыларды «Ертегілер әлемімен» таныстырды.

4 маусым күні Шарипова Г.Ж. «Күлкі керуені» атты сайыс түріндегі іс-шарасын өткізіп, оқушылардың көңілдерін көтере білді. Кейін «Шеберхана» үйірмесінің жүргізушісі Камалиденова Н.К. балалармен құттықтау ашықхатын дайындады. Олар үлкен қызығушылықпен бұл жұмысқа кірісіп, өте әдемі ашықхаттар дайындады.

7 маусым күні дене шынықтыру тәрбиешісі Кислых Г.Е. спорттық жарыстар ұйымдастырды. Оқушыларды 3 командаға бөліп, бір-бірімен жарыстырды. Жарыс өте қызықты өтті. Командалар тиісті сыйлықтармен мадақталды. Бұдан кейін мектептің медицина қызметкері Хасанова Г.Х. «Жеке бас гигиенасы» жөнінде әңгіме жүргізді.

8 маусым күні Жумабекова Қ.Б. «Ертегілер әлемінде» атты балалар үшін ең қызыққа толы іс-шараны өткізді. Үш сынып бөлмесінде оқушыларды үш ертегіден алынған ертегі кейіпкерлері күтті. Онда Жалмауыз кемпір мен Фея, Қарақшы Бұлбұл, Шрек пен Фиона сияқты кейіпкерлер орын алды. Балалар олардың тапсырмаларын орындай отырып көп сыйлыққа ие болды. Мультфильм көруге де үлгерді.

16 маусым күні Тлебалдина Ж.А. «Әуенін тап» атты ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шараны өткізді. Бұл жерде оқушылардың есту қабілеті мен әндерді қаншалықты білетіндері көрінді.

17 маусым күні Жумабекова Қ.Б. «Биші балапан» конкурсын ұйымдастырып кішкене талантты бишілерімізді анықтады.

Сонымен қатар «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Ғажайып алаң», «Ұлттық ойындар» тәрізді іс-шаралар өз мерзімінде жүргізілді.

23 маусым күні лагерьдің жабылу салтанатына орай ұйымдастырылған мерекелік концертте балалар өз өнерлерін барынша көрсетті. Олар өлең жолдарын оқыды, ән де шырқады, бірнеше би түрлерін билеп тамашалатты. Соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің айтылуымен лагерь жабылды.

Мектептің медицина қызметкері де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылып, жазғы демалыс кезіне оқушылар денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сауықтыру бағдарламасын құрастырғандықтан, лагерь кезінде оқушылармен әңгімелер, сабақтар өткізді. Күнделікті «С» дәруменін беріп, таза ауаға шығарып, сумен шомылдыру арқылы суыққа төзімділіктерін арттырды.

Мектеп асханасында балалар күнделікті пайдалы, әрі дәмді тағамдармен тамақтанды. Асхана балаларды хош иістермен, тазалықпен қарсы алып отырды.

Лагерь қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қызметтерін тиянақты орындады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности