link13824 link13825 link13826 link13827 link13828 link13829 link13830 link13831 link13832 link13833 link13834 link13835 link13836 link13837 link13838 link13839 link13840 link13841 link13842 link13843 link13844 link13845 link13846 link13847 link13848 link13849 link13850 link13851 link13852 link13853 link13854 link13855 link13856 link13857 link13858 link13859 link13860 link13861 link13862 link13863 link13864 link13865 link13866 link13867 link13868 link13869 link13870 link13871 link13872 link13873 link13874 link13875 link13876 link13877 link13878 link13879 link13880 link13881 link13882 link13883 link13884 link13885 link13886 link13887 link13888 link13889 link13890 link13891 link13892 link13893 link13894 link13895 link13896 link13897 link13898 link13899 link13900 link13901 link13902 link13903 link13904 link13905 link13906 link13907 link13908 link13909 link13910 link13911 link13912 link13913 link13914 link13915 link13916 link13917 link13918 link13919 link13920 link13921 link13922 link13923 link13924 link13925 link13926 link13927 link13928 link13929 link13930 link13931 link13932 link13933 link13934 link13935 link13936 link13937 link13938 link13939 link13940 link13941 link13942 link13943 link13944 link13945 link13946 link13947 link13948 link13949 link13950 link13951 link13952 link13953 link13954 link13955 link13956 link13957 link13958 link13959 link13960 link13961 link13962 link13963 link13964 link13965 link13966 link13967
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Күштер тақырыбын қайталау

Казахстан,Акмолинская область,город Кокшетау

Средняя школа №6

Учитель физики и математики

Тюлеубекова Райхан Кабдолловна

Жалпы мақсаты

1. Өткен тарауда алған білімдері бойынша тест есептерін шығаруда қолданады .

2. Ой шақыру стратегиясының тапсырмалары арқылы ойлау қабілеттерін дамытады.

3. Ұлттық ойындарда кездесетін құбылыстар арқылы оқушылар күштің қасиеттерін айқын ажыратып өмірде қолдана алады.

Оқу нәтижесі:

Осы тарау бойынша өз ойларын сөзбен жеткізе алады.

Түйінді идеялар

Сұрақтар қою, есептер шығару, талқылау арқылы ой өрістерін дамыту және жетілдіру

Тапсырмалар

І. Ұйымдастыру (сергіту сәті, топтарға бөлу)

ІІ. Қайталау

1.«Ыстық орындық» әдісі — әр топ бір жінішке - жабық сұрақ жолдайды

2. «Ой шақыру» стратегиясын қолданып жуан-ашық сұрақтар қою

ІІІ. Тәжірибе (ұсынылған заттарды пайдаланып күштің бір түрін келтіру)

ІV. Постермен жұмыс

V. Тест жұмысы

VІ. Үй тапсырмасын хабарлау

VІІ. Рефлексия

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. (4 минут)
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сергіту сәті және оқушыларды 3 топқа мазайка құрастыру арқылы бөліп отырғызу

«Ауырлық күші», «Серпімділік күші», «Үйкеліс күші».
3. Сабақтың тақырыбың және мақсатың оқушылармен бірлесіп анықтау

ІІ. Қайталау

1.«Ыстық орындық» әдісі — әр топ бір жінішке - жабық сұрақ жолдайды (7 минут)
1.Көлем бірлігіндегі заттың массасына тең шама (Тығыздық)
2. Күшті өлшейтін құрал(Диномометр)
3. Заттың тығыздығы дегеніміз не? (Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады)
4. Үйкеліс күші дегеніміз не? (Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күшті айтамыз)
5. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі(деформация)
6. Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш(Тең әрекетті күш)
7. Күштің өлшем бірлігі кімнің атына құрметтеп қойылған және қай елдің ғалымы? (ағылшын ғалымы Исаак Ньютон)
8. Деформация түрлерін атап бер және мысал келтір?

(2 түрі бар. 1. Пластикалық деформация, 2. Серпімді деформация. Мысалы: пружинаның созылуы, шарды үрлеу, жіпті созу, пластилиннен түрлі пішіндер жасау)

9.Бұрынғы кезде ата бабаларымыз пайдаланған масса бірліктері? (мысқыл — 1гр, қадақ — 750гр, пұт — 16кг, батпан — 100кг)

10. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарынң өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.(Масса)

11. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз пайдаланған көлем бірліктері (уыс, шөкім, қосуыс, шымшым.)

12. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)

13. Үйкеліс күшінің түрлерін ата? (Домалау, сырғанау, тыныштық)

14. Күш дегеніміз не? (денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама)

15. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?(Исаак Ньютон)

16. Дененің салмағы деген не? (дененің тірекке немес аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.)

17. Дененің еркін түсу үдеуі нешеге тең?

(9,8 м/с (Н/кг) немесе 10м/с(Н/кг))

18. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?

(Серпімді деформация)

19. Тең әрекетті күш деген не? (Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш)

20.Масса деген не? ( Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарынң өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама)

2. «Ой шақыру» стратегиясын қолданып жуан-ашық сұрақтар қою (4 минут)

1-сұрақ: Не үшін дене шынықтыру сабағында кейбір снарядтарда жаттығу жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольямен сүртеді?
Жауабы: Үйкеліс күшін арттыру үшін, сырғанауды азайту үшін.
2 — сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?
Жауабы: Қысым, катты денелер арасындағы үйкеліс.
3 — сұрақ: Балық суда қозғалған кезде, желбезектерінің күйі өзгере ме?
Жауабы: Ия, балық өз желбезектерінің сумен әсерлесуі арқылы суда қозғалады. Балықтар қарсы кедергіні азайту үшін өз желбезектерін жиырып алады.
4 — сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Жауабы: Өйткені, балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған.

ІІІ. Тәжірибе (ұсынылған заттарды пайдаланып күштің бір түрін келтіру) (10 минут)

І-топқа. Садақ ату - серпімділік күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны

ІІ-топқа. Арқан тарту - тең әсерлі күшті түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны

ІІІ-топқа. Бағанаға өрмелеу - үйкеліс күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны

ІV. Постермен жұмыс (10 минут)

Әр топ өз атауына мысал келтіріп суреттейді және айтып береді

V. Тест жұмысы (5 минут)

1)Күш дегеніміз ................

а) дененің көлем бірлігіндегі массасына тең шама

в) денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

с) қашықтыққа байланысты уақыттың өзгерісіне тең шама

2) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр.
а) 2,5 кг в) 25 кг с) 0,25 кг

3) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.

а) 30Н в) 20Н с) 15 Н

4) 1,5 кН=……Н

а) 0,015 Н в) 15 Н с) 1500 Н

5) Қандай күш 1 Н-ға тең?

а) тыныштық күйдегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1м/с жылдамдық беретін күш

в) массасы 1 кг дененің көлемін 1 м3-ке өзгертетін шама

с) бірлік уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақытта қатынасына тең шама

жауабы: 1)в 2)с 3)а 4)с 5)а

дәптерлерін сағат тілімен айналдырып тест жұмысын тексереді (2 минут)

VІ. Үй тапсырмасын хабарлау (1 минут)

VІІ. Рефлексия (2 минут)

Мен сабақтан қандай жаңалық алдым ..........

Мен сабақтан нені үйрендім ..........

Қандай тапсырма маған қиын болды ............

Дереккөздер және жабдықтар: Слайдтар, суреттер, постер,

Кейінгі оқу

19-жаттығу (5 есеп), 116 бет

Сабақты бағалау

Өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау

Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақ үстінде пайдаланған оқулық:

Физика және астрономия

Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева

7 сынып, Алматы «Атамұра» 2007

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности