link15000 link15001 link15002 link15003 link15004 link15005 link15006 link15007 link15008 link15009 link15010 link15011 link15012 link15013 link15014 link15015 link15016 link15017 link15018 link15019 link15020 link15021 link15022 link15023 link15024 link15025 link15026 link15027 link15028 link15029 link15030 link15031 link15032 link15033 link15034 link15035 link15036 link15037 link15038 link15039 link15040 link15041 link15042 link15043 link15044 link15045 link15046 link15047 link15048 link15049 link15050 link15051 link15052 link15053 link15054 link15055 link15056 link15057 link15058 link15059 link15060 link15061 link15062 link15063 link15064 link15065 link15066 link15067 link15068 link15069 link15070 link15071 link15072 link15073 link15074 link15075 link15076 link15077 link15078 link15079 link15080 link15081 link15082 link15083 link15084 link15085 link15086 link15087 link15088 link15089 link15090 link15091 link15092 link15093 link15094 link15095 link15096 link15097 link15098 link15099 link15100 link15101 link15102 link15103 link15104 link15105 link15106 link15107 link15108 link15109 link15110 link15111 link15112 link15113 link15114 link15115 link15116 link15117 link15118 link15119
Базаркул Кеулимжаева
Должность:Учительница английского языка
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:Актюбинская область, город Шалкар
Открытый урок на тему " Металдан әр түрлі бұйымдар жасау"

Сапаров Бөлтірік Жалғасұлы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

№2 мектеп — гимназиясының

Технология пәні мұғалімі

Сыныбы: 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы : Металдан әр түрлі бұйымдар жасау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларды топса жасау технологиясымен таныстыру, сызба бойынша шартты белгілерді оқи білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру.Қаңылтырдан топса жасау технологиясын меңгеру, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс тудыратын бұйым жасап шығаруға үйрету;
3. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Баяндау, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың түрі: Теориялық, сарамандық.
Сабақтың көрнектілігі: Үлгі, технологиялық карта.
Құрал — жабдықтар: Қаңылтыр, балға, кемпірауыз, төс, қарындаш, сызғыш, темір кескіш қайшы, бұрғы, арнайы қысқыш.
Пәнаралық байланыс: Сызу.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
а. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
ә. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй жұмысын қайталау.
1. Бөлшектерді біріктіру дегеніміз не?
2. Ойма кесу дегеніміз не?
3. Ойма бөліктерін ата?
4.Ойма кескіш құралдарды ата?
5. Металдарды бір-біріне қалай біріктіреміз?
6. Сыртқы ойма кескіштері дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ:
Металл өндірісіндегі кеңінен қолданылатын күрделі мамандықтың бірі ұсталық және зергерлік өнер. Оны өндіріс салалрының көпшілігінен кездестіреміз. Ұста мен зергер әр түрлі металдардан сан алуан бұйымдар сәндік әшекейлер жасайды. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір, шойын, алтын, күміс сияқты түсті металдардан бұйымдар жасау ісі өте ерте заманнаң басталған. Ерте заманда қазақ халқының арнайы шеберханасы, дүкендері болмаған, соған қарамай ұсталар мен зергерлер қысы, жазы киіз үйде ж ұмыс істеген.

1. ¥сталар:

ағаш ұстасы және темір ұстасы деп бөлінген.
Ағаш ұстасы жұмыс түріне байланысты балташы, оймашы, үйші жэне тоқымашы деп бөлінген.
Балташылар - негізінен қайық, арба, шана жасаумен айналасқан.
Оймашылар - әр түрлі ағаштан үй жиһаздары мен ыдысаяқ жасаған.
Үйшілер - негізінен киіз үй сүйегін жасаумен айналысқан.
Тоқымашылар - талдардан әр-түрлі себет, шарбақ және шараушылық бұйымдар тоқыған.
Темір ұсталары - жұмысқа қажет бұйымдарды жасаумен қоса, қажет кезінде соғыс қаруларын жасаған.

2. Зергелер: Негізгі кәсібі алтыннан, күмістен, жезден, мыстан әр-түрлі әшекей-бұйымдар жасаумен айналысқан,

3. Ісмерлер: Әр-түрлі материалдардан киімдер тігумен және қой жүннен сырмақ, алаша, т.б. тұрмысқа қажетті заттар жасаған.

Зергерлік бұйым

Тұрмыс — салт әбзелдері

киім үлгілері

әшекей

күміс ер

зер шапан

моншақ

күміс жүген

оқалы камзол

сырға

өмілдірік

кестелі кимешек

білезік

құйысқан

кісе белбеу

шашбау

тартпа айылбасы

сәукеле (эерлі қасаба)

сақина

үзеңгі

кемер белбеу

торсық

Зергерлер өте нәзік құнды заттармен айналысқан — сақина, білезік, алқа, сырға жасаған. Ұсталар қара темірді қамырша илеп, күнделікті қажетті бұйымдар жасаса, зергерлер өз бұйымдарына түсті металдарды қолданған.
Темірден жасалған бұйымдар. Темірдің түрлері өте көп, оның ішінде сым темір, аллюминий, мыс, темір, қаңылтыр. Соның ішінде біздің бүгін танысатын темірдің түрі қаңылтыр. Атап айтсақ қаңылтырдан топса жасау.

Топса аса қажетті заттардың бірі. Бұлар сандық, асадал, тіпті ашылатын кез келген бұйымның аса қажетті бөлігі болып табылады. Ертеде зергерлер мен ұсталар сандықтың топсасынан бастап үлкен есікпен қақпалардың топсаларын өз қолдарымен жасаған. Топсаны оңай әрі тез игеру үшін, жұмсақ материалдан жасап көреміз. Қажетті заттар: кемпірауыз, қысқыш, сызғыш т.б құрал-саймандар. Жұмыс істемес бұрын қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.
6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқият бол.
7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.
9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінщі қолыңды соғып алма.
10. Балға мен бедерлегішті (шекігішті) осылай ұста!

Шеберхананың іші таза, жұмыс істеуге ыңғайлы жинақы болуы тиіс. Арнайы киім кию керек. Жұмыс кезінде көршіңе сөйлеп, бөгет жасамау керек. Жұмыс кезінде мұқият болу керек.

Қауіпсіздік ережесін сақтап, құрал –саймандарды дайындап алғаннан кейін берілген өлшем бойынша тегістелген қаңылтыр бетіне топсаны сызамыз және екі бөлек кесіндіні дайындаймыз. Топса айқасу үшін екі бөлшектің бірін ортасынан ал екіншісін екі жағынан қайырып берілген мөлшермен бірдей етіп кеседі. Егер өлшемдер бұзылса екі бөлік айқаспай немесе айқасу өлшемі кең болып қалады. Мұндай жағдайда топсаның қызметі нашарлайды. Қайырылатын топса бөліктерінің ортасына кішігірім қатты темір қойып, өлшеміне қарай кеседі немесе оған ұсақ 20-25 мм ұсақ шегеніде пайдалануға болады.Топса бөлігінің алдымен біріншісі қайырылып, шегеге еркін беттестіріледі. Ал екіншісі екі жанындағы бүртігі еркін орнығатындай жіне әрі-бері еркін жылжитындай болуы тиіс. Топсаның көлденеңнен ауытқуына жол бермеу керек. Егер олар солқылдап тұрса, ұзаққа жарамайды. Барлық талаптарға сай орындалған топсаның 4 бұрышынан бекініс тесіктерін жасаймыз. Топсаның кесілген шеттерін егеумен, ысқыш қағазбен өңдейміз, бұрышының қырларын кетіреміз.

ІV. Бекіту:

1. Металдың қандай түрлері болады?

2. Металдың қасиеттері туралы не білесіңдер

3. Қауіпсіздік ережесін сақтаймызба?

4. Топса туралы не білдіңдер?

V. Бағалау:

VІ. Үйге тапсырма: Металдан әр түрлі бұйымдар жасау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности