link9936 link9937 link9938 link9939 link9940 link9941 link9942 link9943 link9944 link9945 link9946 link9947 link9948 link9949 link9950 link9951 link9952 link9953 link9954 link9955 link9956 link9957 link9958 link9959 link9960 link9961 link9962 link9963 link9964 link9965 link9966 link9967 link9968 link9969 link9970 link9971 link9972 link9973 link9974 link9975 link9976 link9977 link9978 link9979 link9980 link9981 link9982 link9983 link9984 link9985 link9986 link9987 link9988 link9989 link9990 link9991 link9992 link9993 link9994 link9995 link9996 link9997 link9998 link9999 link10000 link10001 link10002 link10003 link10004 link10005 link10006 link10007 link10008 link10009 link10010 link10011 link10012 link10013 link10014 link10015 link10016 link10017 link10018 link10019 link10020 link10021 link10022 link10023 link10024 link10025 link10026 link10027 link10028 link10029 link10030 link10031 link10032 link10033 link10034 link10035 link10036 link10037 link10038 link10039 link10040 link10041 link10042 link10043 link10044 link10045 link10046 link10047 link10048 link10049 link10050 link10051 link10052 link10053 link10054 link10055 link10056 link10057 link10058 link10059 link10060 link10061 link10062 link10063 link10064 link10065 link10066 link10067 link10068 link10069 link10070 link10071 link10072 link10073 link10074 link10075 link10076 link10077 link10078 link10079
Камалиденова Раушан Қуатқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Павлодар
Мақала: мектепке дейінгі және орта білім мазмұны

Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе (халық мақалы)

Бүгінгі күні еліміздің мектепке дейінгі және орта білім мазмұны әрбір оқушы үшін жеңіл беріліп, ақыл-ойына оңай қабылданып жатқан емес. Өз тәжірибемде көріп –білгенім ауылдық, қалалық жерлерде оқушылардың көбі орысша сөйлейді. Балабақшаға барған баланың өзі орыс тілін жетік меңгерген, ал қазақ тілінде екі-үш сөздің басын қосып берсе ата-анасы мұндайға да қуанып қалады. Ал шынына келсек бұл жағдай қуантарлық жағдай емес. Егер бала кішкентайынан орысша сөз сөйлеп, келешекте қазақ мектебінде тәлім-тәрбие алмақшы болса, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдеріне қиын түседі, сонымен қатар бала да қиналады. Ал оқуда қиналып, мұғалімнің түсіндіріп жатқан тақырыбын түсінбей жатқан бала, қалайша білім алып, оны қолдана алады. Осындай кезде шәкірті үшін ұстаздың жүрегі шырылдайды, қалай үйретем, қалай меңгертем деп. Оқушыға қазақша тілді үйретіп жатқаның да, бағдарлама жылдан жылға күрделене түседі, бастауыш мектеп оқулықтарының өзі мағыналары ауыр сөздерден тұрады. Ал кей кезде, осы жағдай тікелей мұғалімнің түсінігіне байланысты, бала түсінбейді ау деп, ұстаздың қарауынсыз қалады, ата-анасы да әйтеуір мектепке барып жүр, мұғалімі үйретер деуімен жүре береді. Әр оқушының қабілеті әр түрлі біреулері ақылды, тез қабылдағыш, кейбірі нашар қабылдап, айтқан сөздерді есте сақтамай алмай көп қиналады. Осындай жағдайда үлгерімі төмен оқушы пайда болады. Қабілетсіз оқушы болмайды, әр баланың ойы гуманитарлы немесе математикалық бағыттарға қарай бөлініп, өзіне жақын бағытқа қарай тартылады. Спортқа жақын балалар да, оқуда осал бола бермейді. Оқушының жақсы оқуы үшін мақсат, талпынушылық пен ынта қажет. Білім алушының бойында ол қасиеттерді оятушы ұстаз. Осы орайда еліміздің ұстаздарына үлкен, әрі ауыр міндет артылған. К.Д.Ушинский айтпақшы, - Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен — тарихтағы ең ұлы істің бірі. Бүгінгі біздердің ісіміз ертеңгі еліміздің тарихына жазылмақ, еліміздің болашағы мұғалімдердің талпынысына, өз жұмысын жауапкершілікпен орындауына байланысты болып отыр. Осы орайда білім алушылардың ата-аналарының да алар орны аз емес. Өздері Совет үкіметі кезінде білім алған ата-аналар балаларын қазақша оқытуда қиыншылық көріп жүр. Өздері дұрыс түсінбей жатқан әңгіме –ертегіні қалай балаға жеткізбек. Бұл кездерде ата-ана мұғаліммен хабарласып, сұрақтар қояды. Ал кейбір ата-ана бұлай істемейді. Баласының оқуына көңіл бөлмеген әке-шеше кейін келе өкінеді, өйткені баланы оқыту үрдісі ерте жастан, балабақшадан немесе шағын орталықтан басталады. Балалардың білім алуы үшін мектепке дейінгі тәрбиенің алатын орны зор. Болашақта оқушының ынтамен,қызығушылықпен, жауапкершілікпен оқу оқып, білім алуына балабақшадағы, кейін бастауыш мектептегі алған тәрбиеге байланысты. Ынталандыру үрдісі сәтті өткен сайын білім алушы мақсат қойып, өз мақсатына жету үшін барынша талпынып күш салады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу - қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта бі лім беруде 12 жылдық

оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс». Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсеткен еді. Аталған стратегияны жүзеге асырудағы басым бағыт білім беруді жаңарту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын маңызды құрал болуында. Білім берудің бағыт–бағдары Қазақстан Республикасының Ата Заңында,

Қазақстан–2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда негізделген.

Қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерiстер мен бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты қарауды басты мiндет етiп қойып отыр. Аталған мiндеттердi шешуде кезек күттiрмейтiн мәселелердiң бiрi ретiнде мектепке дейiнгi кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудiң жолдарын нақтылаудың маңызы зор.

Мектепке дейінгі білім беру орталықтарының басты мақсаты кішкентай сәбилердің бойында өз ұлтына деген қадірлеу, құрметтеу сезімдерін ояту, сүйіспеншіліктерін дамыту, басқа ұлт өкілдерін сыйлап, бейбітшілікте өмір сүруді үйрету. « Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады» деп Мұхтар Әуезов атамыз бекер айтпасқа керек.Тәрбиеленушілердің тұлға ретінде қалыптасуына көмектесу, білім алып, өзінің қабілеттерін ашып, дамытуына жол көрсету. Бала тәрбиелеу ісінде бұрын өткен ағартушы,педагогтардың, ойшылдардың нақыл сөздерін ойымыздан шығармай, тәжірибелерінен тәлім алып қолдана білу білім беруші үшін маңызды. Өткеннiң тәжiрибесiн бүгiнмен жалғастыра озық өнегелi рухани дәстүрдi ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзу үдерiсi үнемі жүрiп отырады. Бұл үдерiссiз қоғамның өркениеттi елдер деңгейiне жету мүмкiн емес.

Педагогика ғылымының дамуы барысында тәрбиенің мақсаттары туралы мәселені қоғамның даму заңдылықтарымен байланыстырды және жас ұрпақтың жан–жақты дамуын педагогикалық тұрғыда дәлелдеп берген ағартушы–педагогтар: Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Ш.Фурье, Ж.Ж.Руссо, И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоции, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи т.б зор еңбек сіңірді. Қазақ елінің атақты педагог –ағартушылары да халық ағарту ісіне аз еңбек еткен емес. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды өнер қайраткерлері білім беру мен жас ұрпақ тәрбиесін жүргізу ісі жөнінде қалдырған еңбектері жетерлік.

2007 ж 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасының « Білім туралы

Заңының» Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: «Білім беру мазмұны — жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын

қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі

бойынша білімдер жүйесі» (кешені) — деп атап көрсетілген.Республика көлемiнде бiлiм беру саласындағы түбiрлi өзгерiстерге сәйкес « Бiлiм туралы» заңды жүзеге асыруда бiрқатар шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа білім беруде жас өркеннің болмыс бітімі,

талғам таразысы, талап деңгейін айқындай отырып, оларға нені оқыту керек, қандай білім беру керек деген мәселені нақтылап алу қажет. Ол үшін білім мазмұнын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Олай дейтін себебіміз, ол қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын білім берудің мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Білім мазмұны әртүрлі әлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. Ол өмір талаптарының ықпалымен, өндірістің және ғылыми білім деңгейінің дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасында Балаларды сапалы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен толық қамтуды қамтамасыз ету, балаларды мектепке дайындау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқу бағдарламаларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету;

Жалпы білім беру мектептерінде зияткерлік, дене және рухани жағынан дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін әлемде жетістікке жетуді қамтамасыз ететін, білім алуға деген оның сұраныстарын қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық саулығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын дамыту.

Оқудың 12 — жылдық үлгісіне өту сияқты мақсаттар көзделген. Дегенмен бұл мақсатқа жету барысында әлі де көп еңбек ету қажет. Мектеп оқушыға сапалы білім беру мақсатында жүргізетін жұмыстар кезінде келеңсіз жайттарға жиі тап болады. Ол: оқушылардың ана тілін жетік білмеуі, қажетті оқулықтар мен қазақ тілінде жазылған оқыту мен тәрбие үрдістерін ұйымдастыру әдістемелік кешендердің аздығы, ата-аналардың балаларының оқу үрдісіне көңіл аудармауы, педагог кадрлардың біліктіліктерінің жетіспеушілігі, қазіргі заман технологиялары оқушы уақытының көбін алуы(ұялы телефон, интернет желілері, видеоойындар)

Сондықтан қазіргі кезде мектепке дейінгі және орта білім мазмұнын жаңарту үшін оқушының ой-дағдысын, есте сақтау қабілеті, логикалық ойлауы, дене бітімі мен ақыл-есінің дамуын, оқыту тілін меңгергендігін, жаңа технологияларды қолдана білуін, білім сапасын ескерген жөн. Бұл орайда көптеген педагог — ғалымдар зерттеулер жүргізуде. Атап айтқанда: педагогика ғылымының дамуы мен қалыптасуын, А.І.Сембаев, Қ.Бержанов, К.Қ.Құнантаева, А.І.Ілиясова, Г.М.Храпченков, К.Ж.Ибраева т.б қарастырды.

Адамның адамшылдығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады дейді халықта. Қазіргі кезде оқушы бойында айтылған қасиеттерді толықтай дамытып, жетілдіру оңайға соғар емес. Тек қана ата-аналар мен мектептің бірлескен жұмысы ел болашағын қалаушылардың ынта-жігерін тәрбиелеп, еліміздің болашақта биіктерден көрінуіне себеп болмақ. Мектепке дейінгі тәрбие мен орта мектептегі тәрбие жоғары мектепте жақсы оқуға бастау болып отыр. Білім мазмұнының жаңартылуы жаңа талап, жаңа міндеттер туғызбақ. Бұл міндеттерді орындау барысында мұғалімнің жұмысы күрделенбек. Педагог кадрлердің білім-біліктіліктерін арттыру, оқушылардың алдында беделін көтеру маңызды үрдіс.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности