Қазақстан,Алматы обласы,Енбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы
МКҚК №38 «Гулдер» балабақшасы
Тәрбиешісі
Исламова Халида
Мақсаты: Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету.Балаларды достыққа, адамгершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы.
Шаттық шенбері
-Менің Отаным өте сұлу!
-Менің Отаным өте бай!
-Менің Отаным өте әдемі!
-Менің Отанымда барлық халықтар тату турады!
-Балалар, қазір барлымығыз бірге халқымызды елдікке, бірлікке, тірлікке шақыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайық.
-Балалар 1-желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні-мемлекеттік мереке болып атап өтіледі. Біз Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Елбасына зор денсаулық шын жүректен қызу құттықтау жолдаймыз.
-Балалар Еліміздің тұңғыш президенті кім?
-Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: -Балалар біздің Отанымыз қай ел?
-Қазақстан
-Отан туралы тақпақ білемізба
Аружан:
Отанды біз «атамекен»
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Отанды жас,кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Туып өмір сүреміз
-Ал сендер Отан деген ұғымды қалай түсінесіндер?
-Отан ол біздің тұған ел, отбасымыз, ата-анамыз
-Туған өлкеміз туралы тақпақтарың
Заңғар:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сулу, неткен көркем!
Осы менің тұған өлкем!
Ақжол:
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей даласы бар,
Неткен сулу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
-Балалар біздің бас қаламыз қай қала?
-Астана
Астана туралы не білеміз?
Мұхамед:
Астана-арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап- жасыл боп
Мен үлкен болғанда да
Төкті оған нұрын дала
Астана- сұлу қала
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да
-Балалар Қазақстанда тағы қандай қалаларды білеміз?
Алматы қаласы туралы не білеміз?
Муқадас:
Жап-жасыл ағашы
Қып-қызыл алмасы
Ақ басты тауы бар
Алматы қаласы
Ақындар ағасы
Тұр Абай данасы
Алматы қаласы
-Өте жақсы, ал енді сәл тынығып алайы
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Күнге қарап талпынып
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай сомғаймыз
-Жарайсыңдар балалар, айтыңдаршы Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіндерма?
-Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, туы, әнураны бар.
-Елтаңбаның авторы кім?
-Әнұранның авторы кім?
Балалар Қазақстан Респуликасының рәмздері туралы не білеміз?
Сардор:
Әнұраны Елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
Тәрбиеші:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбет, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Жангир:
Құт береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақта көмкерген
Әмірхан:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Көк аспанда қызыл күн
Көк аспанда- жас қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан
Кең байтақ Қазақстанда барлық Ұлттар тату өмір сүреді
Халықтар достығы туралы кім айтып береді?
Нурасыл: Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос бауыр
Болмасын еш тосқауып
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ортақ болсын асқар тау
Жеміс т олы бақша-бау
Ел болдың, ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым жасқынады
Т әуелсіздік мемлекеттің шежіресі
Нұрсултанның атымен басталады.
Балалр, бүгін біз сабақта не туралы айттық? Бүгін қандай күн екен?
Осымен Тұңғыш Президент күніне арналған сабағымыз аяқталды.