link4788 link4789 link4790 link4791 link4792 link4793 link4794 link4795 link4796 link4797 link4798 link4799 link4800 link4801 link4802 link4803 link4804 link4805 link4806 link4807 link4808 link4809 link4810 link4811 link4812 link4813 link4814 link4815 link4816 link4817 link4818 link4819 link4820 link4821 link4822 link4823 link4824 link4825 link4826 link4827 link4828 link4829 link4830 link4831 link4832 link4833 link4834 link4835 link4836 link4837 link4838 link4839 link4840 link4841 link4842 link4843 link4844 link4845 link4846 link4847 link4848 link4849 link4850 link4851 link4852 link4853 link4854 link4855 link4856 link4857 link4858 link4859 link4860 link4861 link4862 link4863 link4864 link4865 link4866 link4867 link4868 link4869 link4870 link4871 link4872 link4873 link4874 link4875 link4876 link4877 link4878 link4879 link4880 link4881 link4882 link4883 link4884 link4885 link4886 link4887 link4888 link4889 link4890 link4891 link4892 link4893 link4894 link4895 link4896 link4897 link4898 link4899 link4900 link4901 link4902 link4903 link4904 link4905 link4906 link4907 link4908 link4909 link4910 link4911 link4912 link4913
Жандыбаева Салтанат Амангельдиевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Тәрбие сағаты 1 сынып “Нан дастархан байлығы”

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Нан-дастархан байлығы»

Мақсаты: Нанның дастарханға келетін жолы мен оған дейінгі еңбегі туралы түсіндіру.

Еңбек адамдарын сыйлау білуге, қасиетті тағамымызды, яғни нанды қастерлеуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, мақал — мәтелдер,слайд, тыйым сөздер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Күзде не жинаймыз?

Астық, егін жинаймыз.

Бидайдан адам өміріне ең қажетті тағам не алынады?

Нан.

Нан түйіршік нәрі, нан дастарханға оңайлықпен келмейді.

Бүгінгі сабақтта нан дастарханымызға қалай келетіні туралы әңгімелесеміз, түсіндіреміз.

- Қазақта «Ас атасы -нан» деген сөз бар, яғни дәмнің үлкені — нан. Бала ақ пен қараны ажыратып, танымай тұрып — ақ оған нан ұстауды, нан баспауды, ата — анасы үйретеді. Нан қасиетті екен. Оның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар.

Үйге келген кез келген адамға асығыс болса да , өзге тағамнан емес, наннан ауыз шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ, бірлік, бір — біріне деген жақсы қарым –қатынас, ауызбіршілік дастарханның үстіне қойған нан арқылы нығая түседі, яғни өзіне нан ауыз тигізген үйге қазақ жамандық тілемеген. Қазақтың бір күн дәм тартқан жерге «қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан. Қазақстанда нанның 200-ден астам түрі бар. Енді осы нан дастарханға қалай келеді, сол туралы әңгімелейміз

1-слайд.

1.Енді осы нан дастарханға қалай келеді? Сол туралы әңгімелесейікші.

Жердің жыртуы

Суару

Бидай себуі

Бидайдың пісуі

Піскен бидайды жинау

Диірменге апару

Ұнның диірменнен шығуы

Ұнның наубайханаға келуі

Нанның пісуі

Нанды халыққа сату

Нанның дастарханға келуі

2-слайд:Нанның жасалу жолы: ұн, ашытқы, тұз, су — барлығын қосып, жақсылап илейді. Табаға салып, бармақпен басады. Қалыпқа салып, пісірген нан әлдеқайда дәмді құнарлы болады.

3-слайд:Жұмбақтар:
5.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)

Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)

4-слайд:Сергіту сәті

Бидай жерге отырды,

Жасыл түске айналды.

Бидай желмен қимылдап,

Жауын болып жауылды

5- слайд «Дастархан басындағы дәстүрлер»
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, берекесі» деп қасиет тұтады.
2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той — тамашаға, ас — су беруге жайылады.
3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
5. Той дастархан, той үлгі
Бай дастархан жайылды.
Атап –атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық.
6.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің

6-слайд«Дастархан басында сақталатын ырым — тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

Нан туралы біз де жақсы тақпақтар біледі екенбіз.

Тақпақтар.

1.Оқушы. Ей балалар,балалар

Болмаңдар сірә нанға тар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар

2.Оқушы.

Дәм патшасы аппақ нан,

Дастарханның басында

Үмітіндей ақталған

Мен де отырам қасында.

3.Оқушы

Нанды баспа балам,

Ол өйткені ол тағам.

Теріңменен тапсаң тәтті,

Деді атам маған.

4.Оқушы. Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

5.Оқушы.

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып теретін.

Біздің дала — бай дала,

Алтын астық айнала.

- Балалар, нан неден алынады?
- Бидайдан
- Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме?

7-слайд:Нанға байланысты мақал — мәтелдер оқытылып түсіндіріледі.

Ас атасы — нан.

Нан — тамақтың атасы.

Ынтымақ — көптің батасы.

Нан — береке бастауы

Нан — күш қуат көзі

Нан — дастархан сәні

Қоныс көркі — там,

Дастархан көркі — нан.

7.Нан — астың басы,

Тәртіп - істің басы.

8-слайд:Тыйым сөздерді түсіндіру.

Нанды баспа.

Нанды шашпа.

Нанды артқа қаратып қойма

Нанды бір қолыңмен үзіп жеме.

Оқушыларға нанның суретін салғызу.

Балалар, біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінімен таныстық, бірнеше адамдардың еңбегі арқылы біздің алдымызға жетеді.

9-слайд:Ұлағатты сөздер
1.Дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан байлығы. (Ғабиден Мұстафин)

2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей қалса, бөгелместен “Нан” деп жауап берер едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін күндей жарқыратады. (Ыбырай Жақаев)

10-слайд:7.Қорытынды

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!-дей келе бүгінгі «Нан дастархан байлығы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности