link4900 link4901 link4902 link4903 link4904 link4905 link4906 link4907 link4908 link4909 link4910 link4911 link4912 link4913 link4914 link4915 link4916 link4917 link4918 link4919 link4920 link4921 link4922 link4923 link4924 link4925 link4926 link4927 link4928 link4929 link4930 link4931 link4932 link4933 link4934 link4935 link4936 link4937 link4938 link4939 link4940 link4941 link4942 link4943 link4944 link4945 link4946 link4947 link4948 link4949 link4950 link4951 link4952 link4953 link4954 link4955 link4956 link4957 link4958 link4959 link4960 link4961 link4962 link4963 link4964 link4965 link4966 link4967 link4968 link4969 link4970 link4971 link4972 link4973 link4974 link4975 link4976 link4977 link4978 link4979 link4980 link4981 link4982 link4983 link4984 link4985 link4986 link4987 link4988 link4989 link4990 link4991 link4992 link4993 link4994 link4995 link4996 link4997 link4998 link4999 link5000 link5001 link5002 link5003 link5004 link5005 link5006 link5007 link5008 link5009 link5010 link5011 link5012 link5013 link5014 link5015 link5016 link5017 link5018 link5019 link5020 link5021 link5022 link5023 link5024 link5025 link5026 link5027 link5028 link5029 link5030 link5031 link5032 link5033 link5034 link5035 link5036 link5037 link5038 link5039
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Карлсонға көмек
Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
№34 балбұлақ балабақшасы
Тәрбиеші
Исатаева Э.З.

Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Шығармашылық, Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты:: Балаларға пішіндер туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге үйрету.Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып, логикалық тапсырмаларына толық жауап беріп, ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойындар арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру. Ұқыптылыққа және бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу. .

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын, көрнекілік әдістер.

Көрнекіліктер: Карлсон және балақай кейіпкерлері,геометриялық пішіндер, логикалық ойындар, батпырауық.

Алдын-алажүргізілгенжұмыстар: Карлсон жайлы мультфильм көру,әңгімелесу.

Билингвалдықкомпонент: Үшбұрыш- треугольник, үшбұрыш - triangle.

Шаршы-квадрат, шаршы -square.

Дөңгелек-круг, дөңгелек -сcircle.

Іс- әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші:Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен сәлемдесейік: Сәлеметсізбе, Здраствуйте, Хэллоу.

Балалар, достық шеңберіне тұрайық.

«Достық шеңбері » музыка ойналып, балалар ән айтады.

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз

Атсын күліп танымыз.

Есік қағылып, музыкамен ішке Карлсон және балақай екеуі бір геометриялық пішінге дауласып кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, Карлсон және балақай. Сендер неге дауласып жатырсыңдар.

Карлсон: Мен балақайға мына пішін дөңгелек десем, ал ол болса шаршы дейді. Тәрбиеші:Карлсон, балақай дауласпандар, біздің балалар геометриялық пішіндерді ажырата біледі.

Карлсон: балалар пішіндерді біледі дейсізбе?

Тәрбиеші: балалар мен сендерге пішіндер жайлы жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын табыңдар?

Атына сай балалар, Үш бұрышы, үш жағы бар.

Ол пішінді кім табар?

Жауабы:ол — үшбұрыш- треугольник- triangle.

Үшбұрыш неге ұқсайды? Тақтадан үшбұрышты көрсетіңдерші.

Тәрбиеші екінші жұмбақты жасырады.

Төрт бұрышы бар, Қабырғалары тең.

Бұл қай пішін?

Жауабы: шаршы-квадрат- square.

Шаршы неге ұқсайды?

Тақтадан шаршыны көрсетіңдерші.

Тәрбиеші: тағы бір жұмбақты жасырайын.

Допқа өзі ұқсаған,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар?

Жауабы: дөңгелек-круг- сcircle.

Дөңгелек неге ұқсайды? Тақтадан дөңгелекті көрсетіңдерші.

Тәрбиеші:Карлсон, балақай біздің балалар пішіндерден зымыранды және кемені құрастыра біледі. Балалар үш тілде айтайықшы зымыран-ракета-rockets ,кеме-корабль-ship және жапсыра алады. Осы жерде тақтада зымыран мен кеменін суреті көрсетіледі.

Тәрбиеші:Карлсон, балақай сендерде балалармен бірге жапсырғыларыңыз келеме?

Карлсон ,балақай:әрине жапсырғымыз келеді.

Карлсон: балалар біз балақай екеуіміз ұзақ жол ұшып шаршадық.

Сергіту сәті.

( Карлсон мен балақай балалармен би қимылдарын орындайды).

Тәрбиеші: Карлсон, балақай балалармен бірге ойын ойнағыларын келеме?

Қимылды ойын « Өз үйіңді тап».

Ойынның шарты: балалардың бастарына үшбұрыш, шаршы, дөңгелек пішіндерден тәж кигізіледі.Тәрбиеші үшбұрышты, шаршыны, дөңгелекті жерге қояды.Балалар музыка ойналғанда билейді, музыка тоқталғанда әр бала өз пішінінің үйін табу керек.

Карлсон: балалар менің қолымда бір қызық зат бар, қараңдаршы өзі сондай әдемі. Бұл — батпырауық- воздушный змей- kite.

Балалар мен осы батпырауықты сендермен ойнайын деп алып келе жатыр едім, балақай байқаусызда жібін үзіп алды. Енді не істеймін?

Тәрбиеші:Карлсон сен мұңайма, біздің балалар батпырауығынның жібін жалғап береді.

Балалар, Карлсонға көмектесемізбе?

Логикалық ойын: «Батпырауықтың жібін жалға»

Карлсон: жарайсыңдар балалар.

Балалар келген қонақтармен үш тілде сәлемдеседі.

Достық шеңберіне тұрады. Музыкамен достар әнін айтып бір-біріне мейіріммен қарайды.

Балалар таңғалады. Карлсон және балақаймен сәлемдеседі үш тілде.

Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбақтарын шешеді. Үш тілде жауабын айтады. Үшбұрыш- треугольник- triangle.

Балалар тақтаға шығып үшбұрышты көрсетеді.Үйдің шатырына, шыршаға.

Шаршы-квадрат-square.

Балалар тақтаға шығып шаршыны көрсетеді.Терезеге, теледидарға.

Дөңгелек-круг-сcircle.

Балалар тақтаға шығып дөңгелекті көрсетеді.

Күнге, допқа.

Балалар Карлсон және балақаймен пішіндерден зымыран және кемені жапсырады,зымыран-ракета-rockets,кеме-корабль-ship.

Балалар Карлсон және балақайға қимылдарды бірге жасап көрсетеді.

Балалар Карлсон және балақаймен « Өз үйінді тап» қимылды ойын ойнайды.

батпырауық- воздушный змей- kite.

«Батпырауықтың жібін жалға» логикалық ойынды сызып көрсетеді.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші: Карлсон, балақай біздің балалар тапсырмалардың барлығын орындап шықты, сендердің қөңілдерін толдыма?

Карлсон: Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші:балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай пішіндер жайлы айттық?

Ол пішіндерден сендер не құрастырдыңдар?

Карлсон сендерге қандай затты алып келді?

Ендеше оқу іс- әрекеттен кейін батпырауықты бірге ұшырамыз.

Карлсон: Балалар, мен тәттіні жақсы көрем, мынадай тәттілерді де жақсы көрем, сендерге де алып келдім.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, кәне бәріміз үлкен шеңбер құрып, келген қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайқ. Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Үшбұрыш

Шаршы

Дөңгелек

Зымыран және кемені құрастырдық.

Батпырауықты.

Балалар Карлсоннаң тәттілерін алады.

Балалар орындарынан тұрып, келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетіннәтиже:

Ненібіледі: Геометриялық пішіндердің түсін,пішінің үш тілде атауларын.

Қандайтүсініктердіигерді: пішіндерден заттарды құрастыруды .

Меңгергендағдыларменіскерліктері: Логикалық ойындар арқылы

тапсырмаларды орындауды.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности