link15252 link15253 link15254 link15255 link15256 link15257 link15258 link15259 link15260 link15261 link15262 link15263 link15264 link15265 link15266 link15267 link15268 link15269 link15270 link15271 link15272 link15273 link15274 link15275 link15276 link15277 link15278 link15279 link15280 link15281 link15282 link15283 link15284 link15285 link15286 link15287 link15288 link15289 link15290 link15291 link15292 link15293 link15294 link15295 link15296 link15297 link15298 link15299 link15300 link15301 link15302 link15303 link15304 link15305 link15306 link15307 link15308 link15309 link15310 link15311 link15312 link15313 link15314 link15315 link15316 link15317 link15318 link15319 link15320 link15321 link15322 link15323 link15324 link15325 link15326 link15327 link15328 link15329 link15330 link15331 link15332 link15333 link15334 link15335 link15336 link15337 link15338 link15339 link15340 link15341 link15342 link15343 link15344 link15345 link15346 link15347 link15348 link15349 link15350 link15351 link15352 link15353 link15354 link15355 link15356 link15357 link15358 link15359 link15360 link15361 link15362 link15363 link15364 link15365 link15366 link15367 link15368 link15369 link15370 link15371 link15372 link15373 link15374
Камалиденова Раушан Қуатқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Павлодар
Сценарий тақырыбы: «Жаңа жылдық саяхат»

Сценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңілкүй тудыру; шыршаның қалайәдемідесәндібезендірілгеніне, балалардың, Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдықкиімдеріне назар аударту;көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескенойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңілкүйжасау.

Сценарий кейіпкерлері: Аяз ата, Ақшақар, Фея, Африкандықтар, швейцарлықтар, қытайлар, үнділер.

Оқушылар залға кіреді.

Музыка ойнап тұрады.

Фея:

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық маскарад,

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады, жаңа жылдық маскарад!

Осы кезде 1 сынып оқушылары Жаңа жыл туралы өлеңдерін айтуға шығады.

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Феяға бәpi қосылып:

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

Фея:

- Жаңа жыл ерекше мейрам, оны тек қана балалар ғана емес ересектер де жыл бойы күтеді. Ол бір сиқырлы мереке. Бұл сиқырлы мерекеде ән айтамыз, би билейміз, ойын ойнап, көңіл көтереміз. Ал, Жаңа жылдың сиқырын көру үшін қандай ағашты безендіреміз? Шыршаны, дұрыс. Қане, балалар сұлу шыршамызға арнап дайындаған әндерімізді, оны айнала жүріп айтайық. Жаңа жылдық мерекемізді содан бастайық!

Хоровод. Маленькой елочке, в лесу родилась елочка минусовкалары қосылады. Jingl Bells өлеңі қосылған кезде барлығы шыршаны айнала билейді.

- Балалар, шыршамыздың шамдарын жағу үшін оған тағы бір арнайы ән айтайық. Бәріміз бірге! Тауда туып, тауда өскен.....

Бәріміз бірге: Таңдат бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат, 3 рет айтылған кезде шырша шамдары жағылады.

Фея: Балалар, Жаңа жылда сендер кімді тосасыңдар? Сендерге сыйлық әкелетін кім? Оның немересінің аты қалай?

Бір кезде жарық өшеді, поезд жүрісінің дыбысы шығады. Жарық жанғанда поездден Почтальон Печкин келеді.

Фея: Қош келіпсіз, Печкин мырза.

Печкин: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер Аяз атаны тосып отырған шығарсыңдар. Ол сендерге осындай хат жазып жіберді.

Фея: - Құрметті балалар, біз немерем екеуміз Жаңа жылға қызу дайындықтамыз. Сендерге асыға келеміз.Бірақ менің бір өтінішім бар, маған көмектесіңдерші. Мені басқа елдерде қалай атайды? Қартайғандықтан есте сақтау қабілетім нашарлапты.

Ал, балалар, кездескенше. Немерем екеуміз сендерге асыға келеміз! — деп жазыпты Аяз ата. Аяз атаға көмектесеміз бе? Олай болса Жаңа жылдық планетамызды саяхаттауға аттануымыз керек. Бірақ алдымен саяхатқа дайындылайық. Ең алдымен шет елдерді еске түсірейік.

Проекторда Африка, Үндістан, Қытай, Швейцария елдерінің суреттері, тулары көрсетіледі. Балалар оларды айырып айту керек.

Фея: Қане, балалар, поезға отырып аттанайық.

Жарық сөнеді, поезддың жүрісі естіледі. Поезд тоқтаған кезде, жарық жағылып, үнді музыкасы ойнайды, проекторда Үндістаннның суреттері тұрады. Балаларды Үнді халқының өкілдері қарсы алады.

Үнділер: Үндістанда Жаңа жыл қарсаңында көптеген тәтті тағамдар дайындалады.Олар айналасын түрлі түсті гүлдермен, шамдармен безендіреді, сиыр жануарын пір тұтатындықтан оған да ас береді. Сонымен қатар биші қыздар би билеп, адамдар ең үздік бшіні таңдайды. Қане, сондай бірЖаңа жылдық биді біз сендерге көрсетейік.

Үнділердің орындауында би.

Ойын: Досыңа дәм татқыз

2 ұл бала мен 2 қыз бала шақырылады. Қыз бала ұл балаға дәм татқызады. Кім тез жеп қойса, сол жеңеді.

Үнді халқының жаңа жылды қарсы алу дәстүрінен үзінді көрініс.

Фея: - Қане, балалар, жаңа үнділік достарыңмен қоштасып, ары-қарай барайық.

Балалар: - сау болыңдар! Жаңа жыл құтты болсын!

Балалар поездға отырады, жарық сөніп, поезд үні шығады. Поезд тоқтаған кезде, жарық жанып, балаларды африканша билеген Африка елінің өкілдері қарсы алады.

Африкандықтар: - Африка еліне қош келдіңдер! Біз сендерді Жаңа жылмен құттықтай отырып, сендерге біздің елде Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерімізді айтып, кейбірін көрсеткіміз келеді.

Көрініс: Африканша Жаңа жыл

Би: Африканың Жаңа жылдық биі

Ойын: Африкалық би марафоны

Ойынға 4-6 бала қатысады. Жерге газеттер салынады, балалар музыка қосылған кезде газеттерді айнала жүгіреді. Музыка тоқтаған кезде бала газетке тұру қажет. Үлгермеген ойыннан шығады.

Фея: - Рахмет, сіздерге. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, өкінішке орай біз келесі елге баруымыз керек. Сау болыңыздар!

Балалар қоштасады.

Балалар поездға отырады, жарық сөніп, поезд үні шығады. Поезд тоқтаған кезде, жарық жанып, балаларды билеген Швейцария елінің өкілдері қарсы алады.

Швейцария елінің өкілдері: - Гутен таг! Біздің елге хош келіпсіздер! Швейцария елінде де Жаңа жыл ерекше тойланады. Бұл өте көңілді мейрам болғандықтан, ән айтылып, би биленеді, ойындар ойналады. Жаңа жыл, шырша туралы өлеңдерімізді сөздерге арнап орындаймыз.

Келесі әнді шыршаны айнала, бірге айтып көрейік.

В лесу родилась елочка әні неміс тілінде айтылады.

Ойын: Қапшықтағы жемістер.

2 оқушы ортаға шығады. Берілген қапшықтан балалар айтылған жемісті алып шығу керек.

Фея: Рахмет! Бізге сіздердің елдеріңізде өте ұнады. Бірақ кетуіміз керек.

Балалар қоштасады.

Балалар поездға отырады, жарық сөніп, поезд үні шығады. Поезд тоқтаған кезде, жарық жанып, балаларды билеген Қытай елінің өкілдері қарсы алады.

Қытайлықтар амандасып, өздерінің Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері туралы айтып көрсетеді.

Қытай Жаңа жылдық биі.

Ойын: Шарлар.

Ортаға екі топ бала шақырылады. Ең көп шар жарған топ жеңеді. Шарды отырып жару керек.

Фея: - Балалар, Қытай елімен қоштасатын кез келді. Сау болыңыздар!

Балалар қоштасады.

Фея: - О, міне балалар үйге де келіп жеттік. Балалар бұл кімнің дауысы?

Бұл кезде Аяз атаның әндеткен дауысы естіледі.

Аяз ата келіп: - Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Балалар маған жасаған көмектерің үшін үлкен рахмет.

Ақшақар: - Сәлеметсіздер ме? Жаңа жылдарың құтты болсын! Қандай әдемісіңдер! Аяз атаға арнап қандай өлеңдер дайындадыңдар.

Балалар өлең, тақпақ,әндерін айтады. Шырша жанында екі өлең айтады.

Аппақ-аппақ жапалақтап, в лесу родилась елочка әндері.

Фея: - Балалар, Аяз ата, Ақшақар, ал сіздер білесіздер ме, келе жатқан Жаңа жыл қой жылы екен. Қой жылы біз үшін тиыш, момын болмақ. Бүгін біздің арамызда қой жылы туған балалар бар екен. Бұл балаларды ерекше құттықтап, арнайы кішкене сыйлық дайындап едік. Қане, келіңдер!

Ансар, Маржан, Азамат, Руслан, Дарина, Гүлдана марапатталады.

Ендігі кезекте балалар костюмдерін қорғайды.

Аяз ата, Ақшақар сыйлықтарын таратып, қоштасып кетеді.

Фея: Құрметті қонақтар, балалар! 2015-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности