link12348 link12349 link12350 link12351 link12352 link12353 link12354 link12355 link12356 link12357 link12358 link12359 link12360 link12361 link12362 link12363 link12364 link12365 link12366 link12367 link12368 link12369 link12370 link12371 link12372 link12373 link12374 link12375 link12376 link12377 link12378 link12379 link12380 link12381 link12382 link12383 link12384 link12385 link12386 link12387 link12388 link12389 link12390 link12391 link12392 link12393 link12394 link12395 link12396 link12397 link12398 link12399 link12400 link12401 link12402 link12403 link12404 link12405 link12406 link12407 link12408 link12409 link12410 link12411 link12412 link12413 link12414 link12415 link12416 link12417 link12418 link12419 link12420 link12421 link12422 link12423 link12424 link12425 link12426 link12427 link12428 link12429 link12430 link12431 link12432 link12433 link12434 link12435 link12436 link12437 link12438 link12439 link12440 link12441 link12442 link12443 link12444 link12445 link12446 link12447 link12448 link12449 link12450 link12451 link12452 link12453 link12454 link12455 link12456 link12457 link12458 link12459 link12460 link12461 link12462 link12463 link12464 link12465 link12466 link12467 link12468 link12469 link12470 link12471 link12472 link12473
Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
Дүниетанудан баяндама «Ұлар құсы қасиетті де, киелі құс»

Алматы облысы Қарасай ауданы Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын мемлекеттік мекеме

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тұргымбаева Кульшай Садыковна

Тұрар ауылы2015 ж.

Тақырыбы:

«Ұлар құсы қасиетті де, киелі құс».

Ұлар.

Ұлар құсына деген қызығушылық, зеттеу, бақылау әдісіне жете көңіл бөлу маған оқушы кезімде қалыптасқан десем жаңылмаған болар едім. Оған себеп болған жаратылыстану пәніне деген қызығушылықты дамытқан арттырған өз ұстазым Меткел Шойынқұлақова Байсбекқызы еді. Өте білімді ұстаз еді. Әлі күнге дейін 5-6 класс зоология пәнінің әр бетіндегі өтілген материал менің жадымда. Соның ішінде менің есімде үлкен орын алатын көктемгі жыл құстарын қарсы алу еді. Бәріміз талпынып, қараторғайға ұя жасап ағаш басына орнататынбыз. Сол ұяға келген қараторғайдың келген күнін бақылайтынбыз. Олар бірден ұяға жұмыртқа салмайды. Оның ішін қызанақ жапырағымен тазалайтын. Жыл құстарының әр қайсының келетін уақытын бақылайтынбыз. Өзіміз бақылаған сайын қызығушылығымыз артып, зерттеп, бақылауға дайын тұратынбыз. Бала болып шуласақта мұғалімім Меткел апай сабақ бастағанда қызыққанымыз сондай: қай кезде тыныштық сақтауымызды аңғармай да қалатынбыз. Сол кездегі құстарға деген сүйіспеншілік, оларды қорғауға деген, мейірімділік, ол да тірі табиғат иесі деген жадыма сақтаған едім.Әлі жыл сайын құстардың келуін күтемін. Оларға ұя жасап, жем шашар орнатамын. Бұл менің жасымнан әдетім. Ол ауылда болсын, елсіз далада болсын, тауда болсын таста болсын кез-келген уақытта зерттеп, бақылау жасағаннан бір жалыққан емеспін. Қайта қоршаған ортаға деген жаңашырлығым арта түсуде.

Ал енді кез-келгеннің бағында кездеспейтін ешкімнің уысына түспейтін қасиетті де киелі ұлар құсы туралы айтқым келеді.

Жас кезімде әкемнің жылқышы досы Ақат деген ағамыз бар еді. Біз Іле Алатауындағы Егіз Нардың арғы жағындағы жазықта қазақ үй тігіп мал бағып отырған едік. Бір күні кешке Ақат атам үйге 2 ұлар әкелді. Шешеме тазалатып, қазанға салдырып, астырды. Сорпасын іштік. Ал қауырсынын жастыққа саламын деп шешем жинап қойды. Ер жете келе өз көзімменде әкелеріміздің айтуымен оның түгел денесі емдік дәрі екенін естідім. Сол кезде әкемнің айтқаны есімде. «Ұлы тауға шықтыңба, ұлар етін жедіңбе?» дейді екен баяғыда атам қазақ. Әкем Садық шедер жасап отырушы еді. Сонда менің әкеме сұрақ қойғаным бар, етін жедім десе не болады? дедім. Әкем «Онда түк қалдырмай адамды талайды екен» дейтін. Соған қарап сол киелі құс ұлар туралы көп білгім келіп көп сұрақ қоюшы едім. Өзіміздің Қасқасудың ұлары туралы айтайын деді. Ұлар өзі тақыр жерде жүреді. Ол Қасқасудағы жылқыларға тұз апарып сепсек, соған ел де малда кеткеннен кейін тұзға келетін, жалпы адамның көзіне көріне бермейді деді.

Іле Алатаудың адам аяғымен баспаған жері көп. Осы өзіміз мекен еткен Қарасай Қаскелен елді мекенінің, Үшқоңыр тауларына шықсаңыз, таудың самал ауасын жұтып, рахат күйге бөленесіз. Әрбір қасиетті тауымыздың атаулары бар. Егіз нар, Дәдібектің шұқыры, Нардың бергі жазығындағы жазық. Сәт жайлауы, Нардан ары «Қасқасу».

Нағыз ұлар мекендейтін жер сол Қасқасу. Жалпы әкем жылқышы болып, мен көп нәрсені зерттеуіме, бақылауыма септігін тигізген тәрізді. Ұлардың ерекшелігін, оның емдік қасиетінде тұла бойының түгел денесінде болатынын да әкем айтқан. Сол ерекше құсқа қызығушылығымды аударғанда әкем. Ол кісінің айтуынша ұлар тақыр тасты ел бармайтын жерді жақсы көреді екен. Бізде тек Қасқасуда ғана бар. Жазда сол Қасқасуға жылқыны айдап тастаймыз да оларға тұз себеміз, сол тұзға ұлар келеді дейтін, ұлар тұзды өте жақсы көреді дейтін. Ендеше сол қасиетті құс туралы емдігі туралы сөз етпекпін. Халық айтса, калт айтпайды дегендей, өз еліміздің туған жеріміздің жергілікті қасиетті ұлар құсы туралы қазақ елі көне заманнан ақ біліп, пір тұтқан.

Олар өздері мекен ететін биік таулардың атауларымен аталады. Мысалы: Кавказ, Гималай Алтай тибет, Каспий ұлары деп аталады. Қазақстан аумағында Алтай Гималай деп аталатын 2 түрі кездеседі. Ұлар 10-15 кейде одан да көп шағын топ құрып тіршілік етеді. Олар көбейер кезде ғана жұп құрады. Ұлар ұясын жерден шағын ойыс жасап соған жұмыртқалайды. Әр ұяда 7-16 жұмыртқадан болады. Ғылыми деректер бойынша ұлардың ұясын осы күнге дейін ғылымдардың нақты көргендігі туралы деректер жоқ. Жұмыртқаларын тек мекиендері 25-28 күндей басып, балапан өрбітеді. Балапандарына қамқорлықты мекиендері жасайды. Қауіп төнгенде, ысқырғандай үн шығарып шулайды. Содықтан да «ұларды шулатпа» деген қазақта тыйым сөз бар. Отбасы өзінің отағасынан немесе отанасынан айырылғанда перзенттері «ұлардай шулап қалды» дейтін. Қазақ халқының ұғымында ұлар әрі қасиетті, әрі киелі құс деп саналады да «оның киесі ұрады» деп айтуға мазасын кетіріп шулатуға рұқсат етілмейді. Оның қауырсынын төрге немесе есіктің кіреберісі маңдайшасына керіп іліп қояды. Ол үйді жын-шайтаннан сақтайды деп есептейді. Кейде оның етін дертке шипа болады деп әсірісе көк жөтелге қарсы пайдаланады. Ұлар ұшар кезде таудан төмен егіске қарай қорым тастармен сырғанап аспанға қалықтап көтеріледі. Ұлардың осылай ұшу әрекетін байқаған халқымыз «сырғанап ұшқан ұлардай» деген теңеу сөз ретінде қолданады. Ұлар тау бөктерімен қорегін іздеп жайылған кезде төменнен жоғары қарай жүреді, кейде жылдам жүгіреді. Олар өсімдіктердің тамырымен, тамыр сабақтарымен және пиязшықтарымен қоректенеді, кейде ұсақ жәндіктерді де пайдаланады. Оның сүйіп қоректенетін өсімдіктерінің бірі-ұлар пияз деп аталғандығын Е.Раушановтың ұлар туралы жазған кітабынан кездестіруге болады. Халқымыздың перзенттерін Ұларбек, Ұларгүл деп атау себебі де ұлар құсына деген сүйіспеншілігін білдіруі болып саналады. Ел арасында кеңінен ауыз екі тілімізде теңеу сөз ретінде жиі айтылатын «Ұлы тауға шықтыңба, ұлар етін жедіңбе?» деген сөз тіркестерінің мәні халқымыздың төл тарихы мен тамырласып жатқандығын дәйекті тарихи дәлелдеме деп толық сеніммен айтуға болады. Алтай ұларларының құрсақ тұсында қауырсындары ақшыл түсті болады. Сондықтан Алтай ұларын ақ құрсақты ұлар деп атайды. Ол Қазақстанның Оңтүстік Алтай тауында таралған. Бірақ саны аз болғандықтан Қазақстанның қызыл кітабында 2010 жылы тіркелген.

Ұлардың (лат. Tefraogallus) қырғауылдықтар тұқымдастарына жататын құстардың бір туысы. Ұлардың денесінің жалпы құрылысы кекілікке ұқсайды, бірақ одан ірі , дене тұрқы 60 см. Салмағы 3 кг-дай,түсі тас өңдес, тауыққа ұқсайтын жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен. Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді. Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен. Ұлар- адам аяғы баса бермейтін тау шыңдарын мекендейтін, адам көзіне сирек түсетін, кекілік тұқымдас өте сақ құс. Ұлардың тұмсығы қысқа, әрі доғал , қанаттары қысқа, әрі жалпақ қанат қауырсын желектері дөңгеленіп келген. Аяқтары да қысқа біршама жуан әрі жақсы жетілген. Аяқтарының 4 саусақтарының ұштарындағы тырнақтары сәл төмен қарай иіліп, жұмсақ топырақты қопсытуға ыңғайлы болып келеді. Сонымен қатар қораздарының жіліншігінің артқы тұсында, барлық тауықтектес құстарының қораздарында болатын тепкісі бар. Ұлар қораздары тепкісі арқылы басқа қораздардан қорғанады. Ұлар биік таудың басында биік шың құздарда екі ай қоныс аудармайтын отырықшы құс. «Басында биік шыңның Ұлары бар» деген қара өлеңдер ұлар құстың биік таулардың шың құздарында кездесетінін аңғартады. Дүниежүзінде Ұлардың 5 түрі таралған. Алтай ұлары қазіргі кезде Жетісу, Сауыр, Тарбағатай және Оңтүстік Алтай таутізбектерінде , бірақ барлық жерде саны өте аз. Алтай ұларларын жергілікті алтай қазақтары «көкұлар» деп атайтыны көрнекті жазушы Әлібек Асқаров «Алтай- алтын бесік, ата жұрт » (2009ж) құнды еңбегінде ерекше атап өткен. Гималай ұларларының арқа тұсындағы қауырсындары сұр қоңырқай болып, ұсақ теңбілдері айқын байқалады. Сырт түрі Алтай ұларына ұқсас болады. Ұлар биік шың құздарындағы дәрілік өсімдіктердің тамырларымен, тұқымымен, жемісімен қоректенеді. Сондықтан оның етінің шипалық қасиеті мол. Ұлар көбінесе тұзды жерлерде жайылатынын білген бабаларымыз ұлар жүретін орындарға тұз шашып, тұзақ құрып аулаған.

Бірақ ұларды бей- берекет атуға болмайтындығын ескерткен. Қорыта айтқанжа халқымыздың киелі құстың бірі санайтын шыңқұздарды мекен ететін ұлар құсына деген аса зор сүйіспеншілігін оларға қатысты дүниетанымдық ұғымдарының сөз тіркестерінен және теңеу сөздерінен айқын байқауға болады.

Ұлардың емдік рөлі

1. Ұлар етін тұз салмай қайнатып, әбден піскеннен соң, етін жеп, сорпасын ішеді. Ішті айдап, бөгеттерді ашып, қан айналысын жақсартады. Ұлар етін тұз салып асып, аю тұяқтан 7 де 9 талын қосып жесе, іш ауруды тыйып, дененің ауруға қарсылық қуатын арттырады. Етті жау бүйрек қосып жесе, бүйректі қуаттандырып, қол-аяқты жылытады.

2. Ұлар өті: көк жөтел болған балаға ұлар өтінен бір талын 100 гр қайнаған суға бір шақпақ қант қосып, баланың жасына, дене салмағына қарай күніне бір қасықтай ішіп тұрса, көк жөтелден айығады.

3. Ұлардың сүйегі: бұлшық еттің жансыздануы сипаты ауруға, ұлар сүйегінен белгілі мөлшерде алып, оны 1,5 л суға қайнатып, 1 л қалғанда, оттан алып, сорпасын үнемі ішіп тұрса, денедегі суықты алып, тер шығарады. Етті босатып, қан тамырындағы бөгеттерді ашады, денені қуаттандарып, сүйек құрамындағы калий мен кальций элементтерін толықтайды. 3-5 рет үзбей жалғастырса, бұлшық еттерге бірте-бірте жан кіреді.

4. Ұлар етін асып оған бір дана шалқан қосып етін жеп, сорпасын ішсе, суықтан болған жөтелді басып, қақырықты босатып, тынысты кеңейтеді. Міне осылайша бірнеше рет асып жесе, өкпе туберкулезіне ем болады.

5. Ұлардың бас, аяқ сүйегін қайнатып, сорпасымен мешел болған балаларға береді.

6. Ұлардың бөтегесін кептіріп талқандап, елегіштен өткізіп (бір дана ұлар бөтегесінің ұнтағына 1,5 кг капуске пар суы қосылады) оны он екі бармақ ішек жарасы, асқазан жарасы бар науқасқа күніне 2 рет, 25 гр. тамақтың алдында ішеді. Осылай 20 күннен үш курс емделіп, жұмсақ тағамдармен қалыпты тамақтанса, күтілсе, аурудан айығады.

7. Ұлардың қауырсынын күйдіріп, мұрнынан қан ағып тұрған науқасқа иіскетсе, қан дереу тыйылады.

8. Ұлар терісі: Ұлар терісін алу үшін, ұларды бауыздап, мойнынан бастап, арқасына, құйрығына қарай іреп терісін сыпырып алады. Сылып алынған осы теріні жылыдай қол- аяқтың буыны қақсап ауырған науқастарға таңады. 8-10 сағат ауру адам жылыланып, қымталып терлейді. Ұлар терісі буындағы жел- құзды айдап, буын қапшығындағы буын суын тежейді. Аурудан науқас жазылады. Мұнда суық өткізіп алмай, жылынып күтіну бәрінен де маңызды.

9. Ұлар майы құлақ безі қабынған науқастардың құлақ түбіне жағып, таңып қойса қабыну қайтады. Құлақтағы қатып қалған бұлқтар түсіп қалады.

10. Ұлар саңғырығына белгілі мөлшерде алып сүйел шыққан орынға таңып қойса өздігінен жазылады.

11. Ұлардың ішек- қарыны түрлі іш ауруларына ем. Қорыта келгенде ұлардың тұла бойы табылмайтын ем.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности