link15408 link15409 link15410 link15411 link15412 link15413 link15414 link15415 link15416 link15417 link15418 link15419 link15420 link15421 link15422 link15423 link15424 link15425 link15426 link15427 link15428 link15429 link15430 link15431 link15432 link15433 link15434 link15435 link15436 link15437 link15438 link15439 link15440 link15441 link15442 link15443 link15444 link15445 link15446 link15447 link15448 link15449 link15450 link15451 link15452 link15453 link15454 link15455 link15456 link15457 link15458 link15459 link15460 link15461 link15462 link15463 link15464 link15465 link15466 link15467 link15468 link15469 link15470 link15471 link15472 link15473 link15474 link15475 link15476 link15477 link15478 link15479 link15480 link15481 link15482 link15483 link15484 link15485 link15486 link15487
Магауянова Бекзат Хасеновна
Должность:учитель физики и информатики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, село Уялы
Физика пәнәнен сыныптан тыс іс-шара «ФИЗИКАЛЫҚ ФУТБОЛ »

Физикадан сыныптан тыс сабақ

Қызықты физика «ФУТБОЛ ОЙЫНЫ»

Ерінбей еңбек етсен, шыдап егер,

Тікен де гүлге айналып шыға келер.

Сабақтың мақсаты: «Заттың құрылысы туралы алғашқы мәліметтер және жылу» тақырыбында алған білімдерін сайыс арқылы терендету, физика заңдылықтарын пайдалана алу, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Оқушыларды ойлануға, өз бетінше жұмыс жасай білуге, жауапкершілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: афишалар, табло, қақпа, эксперименнтік тапсырмаларға арналған құрал-жабдықтар, сөзжұмбақтар, доп (қағаздан).

Сабақтың барысы

І. Командалардың амандасуы. (Гимн)

ІІ. Жанкүйерлерге арналған (кроссворд) сөзжұмбақ.

ІІІ. Викториналық сұрақтар (қорғуашы, жартылай қорғаушы, шабуылшыларға).

ІV. Капитандар сайысы (Эксперименттік тапсырмалар).

V. Қорытынды.

Ойын шартыны қысқаша түсінік беру.

Ойынға 7-8 сыныптардан екі команда қатысады. Құрамында 8 ойыншы: капитан, қақпашы, 2 қорғаушы, 2 жартылай қорғаушы, 2 шабуылшы және олардан басқа ойын тәртібін қадағалайтын төреші. Төрешінің міндетіне соғылған доптарды санау және қақпаға ұпай санын жазу жатады.

Әр команданың өз жанкүйерлері болады.

І. Командалардың амандасуы.

Командалар спорттық маршпен сахнада кездеседі, амандасады және гимн айтады. Содан кейін әркайсысы өз орындарына отырады. Сахна төрінде әр қақпашыға арналған қақпа орнатылған, тақтаға соғылған ұпайларды жазуға табло ілінген.

Төреші ойын шартын түсіндіреді. Сұрақтарды кезекпен команда-командаға береді. (Сұрақтар қысқа болу керек, өйткені футбол бұл жылдамдықты талап ететін ойын). Сұрақты шабуылшы қояды, ол өз сұрағының жауабың толық білуі керек. Олай болмағанда гол болмайды.

Сұраққа қорғаушы, жартылай қорғаушы, шабуылшы бірігіп, ойланып жауап береді. Егер тіптен болмаса, жауапты қақпашы береді. Ойлану уақыты-2 минут. Ал, егер онда дұрыс жауап дере алмаса, қарсы команда «ұпайға» ие болады.

«Уақытты тиімді пайдалана білсең,

Оның бағасы да арта түседі»

(Ж.Ж.Руссо)

ІІ. Жанкүйерлерге арналған (кроссворд) сөзжұмбақ.

Ойынды бастау үшін әр команданың жанкүйерлеріне бір-бір карточка мен сөзжұмбақ беріледі. Қайсысы бұрын шешсе, сол команда ойынды бастайды. Сөзжұмбақты шешу барысында, ерекше тор көздерден физика бөлімінің атауын оқуға болады.

1

2

3

4

1. Команданың қолдаушысы

2. Қақпа күзетшісі

3. Доп қуалайтын орын

4. Ойынымыздың аты

Футбол добы

Шықты алаңға тағы да,

Футболшылар,

Аямай соқты бұл допты.

Қақпа сыртын айнала,

Өзіне пана іздеді ол.

Орталық шабуыл алаңын,

Жаныменен жек көрді.

Бейшара допты қорлауға,

Рұқсатенді бермейміз.

Біз бүгінгі футболды,

Допсыз-ақ ойнаймыз.

Төреші ысқырығы естіледі, ойын басталады.

ІІІ. Викториналық сұрақтар (қорғуашы, жартылай қорғаушы, шабуылшыларға).

Әр команда ойыншыларына арналған викториналық сұрақтар:

1. Ауадағы және вакуумдегі молекулалар қозғалысының айырмашылығы неде? (ауада молекулалар бір-бірімен соқтығысуы салдарынан, жылдамдығын өзгертеді, қозғалыстары сынық сызық болады. Вакуумде олардың қозғалыстары бірқалыпты және түзу сызықты болады).

2. Неліктен ағаш стерженге қарағанда, шойын стерженді бөлу қиын болады? (шойынның молекулалар арасындағы тртылыс күштері ағаш молекулаларынан көп болады).

3. Молекулалар арасындағы тартылыс күштерінің әсер ететіндігіне қарамастан, неліктен сынған стакан бөліктерін тұтас құрастыруға болмайды? (Молекулалар бір-бірінен өздерінің өлшемдерінен біраз қашықтықта болса, олардың арасындағы тартылыс нашарлайды).

4. Су, мұз, бу молекулаларының бір-бірінен айырмашылағы бар ма? (Жоқ, олар бірдей).

5. Физика нені зерттейді? (механикалық, жылулық, жарық, электрлік, атомдық құбылыстарды).

6. Темір жол үстінен көлденең тартылған екі пунктті қосатын телеграф сымдары қай кезде ұзарады, қыста ма әлде жазда ма? (жазда, себебі, қызған кезде өткізгіш ұзарады).

7. Қандай бөлмеде әтір иісі тез тарайды: жалы ма, әлде суық па? (жылы бөлмеде, себебі диффузия жылдамдығы жоғары температурада артады, яғни иіс тез тарайды).

8. Неліктен желсіз күннің өзінде де, алаудан көтерілген түтін уақыт өтуімен көрінбей кетеді? (түтін бөлігі жылы ауамен бірге үлкен көлемді алуға тырысады, олар кеңістікке шашырай таралады).

9. Ғылымға физика сөзін енгізген кім? (Аристотель)

10. Су массасын қандай аз шамаға өзгертуге болады? (бір молекуланың мәніне дейін).

Егер ойын тәртібін кімде-кім бұзса, онда қақпашыға 11 метрлік соққы беріледі, яғни оған қосымша сұрақтар қойылады.

Үзіліс жарияланып, жанкүйерлерге спорттық бұйымдарға байланысты жұмбақ жасырылады.

Жанкүйерсіз жалғыз қалар жүйріктер,

Қуат алар жанкүйерден ойыншылар.

Болғаннан соң тақырыбымыз «футбол ойыны»,

Спорт жайлы сұрақтар бар аздаған.

Ал, жанкүйер жауабын айт, билік бер.

1. Жасыл желек көғалда

Бірде алға, бірде артқа

Желаяқ көп бала

Таласып жүр бір шарға. (Доп)

2. Таба алмай оң менен солынды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолынды,

Шығысқа, Батысқа. (Компас)

3. Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға заулайды,

Шойын жолдан аумайды. (Шанғы).

4. Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай сасады. (Доп).

ІV. Капитандар сайысы.

Әр капитан кезекпен бір-біріне 1-2 Эксперименттік тапсырмадан береді.

1. Диаметрі 20 см сабын көпіршігін үрлеп шығарғаннан кейінгі, оның қозғалысын бақылау және түсіндіру керек.

(Көпіршік алдымен көтеріледі, сосын төмендейді. Себебі, үрленген көпіршік жылы ауаға толы, ол бөлмеге ауасынан жеңіл, сондықтан ол көтеріледі. Көпіршіктегі ауа суыйды, көпіршік қысылады және төмендейді).

2. Жұқа қағаздан «жылан» спираль кесеміз. Ортасынан басын жасап, сол басына ұшталған карандашты өткіземіз. Карандашты жыланмен бірге электр плитасына жақындатамыз. Не байқадың? Неліктен?

(Электр плитасының үстіндегі ауа қызады және ұлғаяды. Соның салдарынан оның тығыздығы азайып, жоғары көтеріледі. Суық ауа төмен түседі. Конвективті ағындар жыланды жоғары айналдырады).

3. Ағаш тығынды (тоқыма) сымға горизонталь өткіземіз. Сымның екі жағынан түйреуішті вертикаль өткіземіз. Оның төменгі ұштары қақпақтан кішкене шығып тұруы керек. Стакан түбіне қойып, әр ұшына бір-бір сәбізден өткіземіз де тепе- теңдік орнағанша қозғаймыз. Сымның бір ұшына шамды жақындатамыз. Нені байқайсын? Неге?

(Қызған ұшы ұзарады да, тепе-теңдік бұзылады).

V. Қорытынды.

Әділқазылар алқасы ұпай санын есептеп, шешім шығарады. Жеңген топ марапатталады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности