link13920 link13921 link13922 link13923 link13924 link13925 link13926 link13927 link13928 link13929 link13930 link13931 link13932 link13933 link13934 link13935 link13936 link13937 link13938 link13939 link13940 link13941 link13942 link13943 link13944 link13945 link13946 link13947 link13948 link13949 link13950 link13951 link13952 link13953 link13954 link13955 link13956 link13957 link13958 link13959 link13960 link13961 link13962 link13963 link13964 link13965 link13966 link13967 link13968 link13969 link13970 link13971 link13972 link13973 link13974 link13975 link13976 link13977 link13978 link13979 link13980 link13981 link13982 link13983 link13984 link13985 link13986 link13987 link13988 link13989 link13990 link13991 link13992 link13993 link13994 link13995 link13996 link13997 link13998 link13999 link14000 link14001 link14002 link14003 link14004 link14005 link14006 link14007 link14008 link14009 link14010 link14011 link14012 link14013 link14014 link14015 link14016 link14017 link14018 link14019 link14020 link14021 link14022 link14023 link14024 link14025 link14026 link14027 link14028 link14029 link14030 link14031 link14032 link14033 link14034 link14035 link14036 link14037 link14038 link14039
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Технология сабақтарында жобамен жұмыс істеудің нәтижесі

Казахстан,Южно-Казахстанская область, г. Шымкент, с. Базаркакпа

ОСШ №104 им. Е. Юсупова

Учитель технологии

Худоярова Рана Ирискуловна

Еліміздің ертеңін көргендікпен болжаған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуге негіз қалайтын, тура бастайтын бір неше басым бағыттарды айқындап береді.

«Ақыл — жастан, асыл - тастан» демекші еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс».

Технология — көне грек тілінде «Тесһпе» - искусство, шеберлік, білу…

«Logos»- оқу, білім, сөз деген мағынаны білдіреді.

Кіріс

1. Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу үшін оқу қажет.

2.Балаға профессионал көмек көрсетуде еңбекке үйретіп, өзіміз де оқуымыз керек.

Баланы өз бетімен жұмыс істеуге үйрету үшін оған еңбекті таңдауға мүмкіндік беруіміз керек.

3.Еңбекке шығармашыл жандасуды арттыруда — оған мүмкіндіктер әлімін ашып өмірге өз қызығуларын тарата алатын мүмкіндік беріледі.

Жоба — бұл мұғалім басшылығында толық атқарылған шығарма жұмысы. Жоба ісі бір неше бөлімдерден тұрады:

1)арнайы бөлімдер

2)суреттер

3)материалдың технологиялық картасы.

Онда оқушылардың экономикалық және экологиялық проблемалары шешіледі, оқушыларда шығармашылық, дарындылықты арттырып, эстетикалық көзқарасты кеңейтеді.

Жоба жұмысын бастаудан алдын әр бір оқушы жұмысын жүйелеп алады, Оны бір неше кезеңдерге бөледі.Оқушының әрбір кезеңдегі іс - әрекеті төмендегіндей болуы тиіс:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1)Проблеманы көріп шығып жобаның мақсатты екенін дәлелдеу.

2) Модель таңдау, сызба сызу.

3)Қажетті материал, аспаптарды таңдау.

4) Жұмыс орнын ұйымдастырудың ғылыми жағын көрсету.

ІІ. Конструкциялық кезең

Бұл кезеңде істелінетін үлгілердің график құжаттары беріледі. Оқушылар — технологиялық операциялар, оны оптималдық технологиялық дайындау ісі көрінеді. Бұл жұмыс барысында оқушыға шығармашылықпен жандасу, оған материалды өз ойымен жобалауына мән беріледі.

ІІІ. Технологиялық кезең

  1. Істелінген жұмысты бағалап конструктивтік шешімін негіздеу.

ІV. Қорытындылау кезеңі

Бұл кезеңде материалды жалпы тексеру, корректировка мен сынақ процесі өтеді. Оқушылар экономикалық есеп, істелінген жұмыстар нәтижесі және мақсатқа жеткендігі мен олардың нәтижесімен таныстырады.

Жоба жұмысының барлық кезеңдері оқушылардың жеке интеллектуалдық дайындығын, еңбек құралдарын, технологиялық процесін атқаруға бағытталған.

Көбінесе, оқушылар шығармашыл жоба жұмыстармен істеуде информациялық технологияларға сүйенеді. Компьютер технологияларынан пайдалану мүмкіндігі қазіргі таңның актуал мәселесі.

Жоба жұмысы процесінде әр бір оқушыға әр түрлі жолмен жандасу қажет. Өйткені, әр түрлі қабілетті оқушылар бар екенін білеміз. Кей бір оқушылар есеп — қисап, кей біреулері пішу — тігуге, кей біреулері тоқуға, кей бір оқушы тәтті тағамдар дайындауға қызығады.

Сондықтан жоба жұмысымен істеуде топтар ұйымдастыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Оқушылардың қызығуын және мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оларды максимал түрде топтарға ажыратып, дарындылығына қарай әр түрлі жобалардағы группаларға беріледі.

Дарынды оқушыларға жеке тәртіпте де жоба тақырыбын таңдау, істеу, экономикалық көрсеткішін есептеу мүмкіндіктерін береді. Жоба жұмысын істегенде оны зерттеу және істеу тәртібіне мән беріледі.

Мен өз іс тәжірибемде жоба жұмыстарын әртүрлі бағыттарда төмендегіндей жүргізіп жатырмын:

  1. 9 -,10-,11- сыныптарда:

конструкциялау, модельдеу бағыты (киім тігу, күнделік киім, кешкі көйлек)

  1. 5 -,6-,7- сыныптарда:

Қол өнерібағыты (тоқу, құрақ тігу, тақия тігу)

  1. 7 -,8-,9- сыныптарда:

Жұмсақ ойыншықтар дайындау бағыты.

  1. 9 -,10-,11- сыныптарда:

Бисерден сувенирлер, паннолар, гулдер, ағаштар, пейзаж дайындау бағыты.

  1. 7- 11-сыныптарда:

Қазақ халқының ұлттық ою -өрнектерінен пайдалана отырып сыныптарда әр түрлі әшекей бұйымдарын

дайындау бағыты.

6. 5 — 9- сыныптарда:

Табиғи материалдармен істеу бағыты. (тамыр,шыбық, жапырақ, гербарийлер)

  1. 6 — 9- сыныптарда:

Әр түрлі дән өнімдері, макарон өнімдерінен пайдаланып панно немесе натюрморт жанрында істеу бағыты.

8. Сабақтан тыс уақытта. Оригамибағыты (қағазбен жұмыс).

9. 8 — 9- 10 - сыныптарда: Тәтті тағамдар өнімдері бағыты. (торт, пирог)

10. 9- 10 -11- сыныптарда:

Жібек ленталардан декоратив гүлдер,

Декоратив нақыштар мен панно дайындау бағыты

11. Крючокпен тоқу бағыты.

Жобалық жұмыс барысында мұғалім мен оқушы бірігіп жұмыс істеуі қажет.

Жоба жұмысын істегенде мұғалімнен әр бір оқушыға көп уақыт және бөлек жандасу талап етіледі.

Жобалық жұмыс барысында мұғалім негізгі мақсатты толығымен және әр бір кезеңді түсіндіріп оқушылардың шығармашылығын арттыруы тиіс.

Үнемі өз білімін берілген жобаға сай арттырып барады. Жұмыс орнында жаңа көрнекіліктер, анықтамалар, материалдар жаңаланып тұруы талап етіледі. Заманауи дизайн талаптарына сай келетін интерьерлермен қамтамасыз етуге әрекет жасалады. ХХІ ғасыр мектебінің оқушысы өмірдегі әр түрлі өзгерістерге, жаңалықтарға дайын болып, заманауи компьютер технологияларынан хабардар болуы қажет.

Мектеп тұлғасын тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Менің ойымша, жоба жұмысы да солардың ішіне кіреді. Жоба жұмысы барысында мұғалім :

Жоба жұмысының кезеңдері

Кезеңдер

Жұмыстың мазмұны

Оқушының әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

Басталуы

Тақырып, группаның мақсаты

Тапсырма туралы мәлімет

Жобаның мақсатын оқушыларға жеткізу

Жоспарлау

Проблемалардың шешілуі, мағлуматтар,натиже, жұмысты бөліп беру

Жұмыстың атқарылуы

Күзету, тексеру

Зерттеу

Мәліметтерді анықтау, вариант таңдау

Жоба жұмысын зерттеу, құжаттарды дайындау

Консультация

Жобаны жақтау

Баяндама, ұжымдық жақтау,баға

Ұжымдық жақтауда қатынасу

Жақтауда қатынасу, жоба жұмысын бағалау

презентация

Жоба жұмысын орындау,

Презентацияның көрінісі, формасы

Жалпылау

Жоба жұмысын орындау сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта орындалады,

Жоба жұмысының нәтижесі

Жобалық жұмыспен істеу — бұл пәнге қызығу, білу дәрежесін арттыру , оқушылардың еңбекке қызығуына алып келеді.

Жоба – бұл даму, бала белсенділігін арттыру.

С. Карпов жоба туралы — ол реал өмір талаптарынан келіп шыққан ғылыми технология, арнайы білімдерді нығайту, проблемалық сұрақтардың шешімін табуға бағытталған, деген қорытындыны айтады.

Сиденко А.С. –жобалық жұмыс нәтижемен аяқталуы қажет, деб есептейді.

Оқушылар не үшін жобалық жұмыспен айналысады?

Жауап: өз мүмкіндіктерін көрсету, жобамен жұмыс технологиясын толық меңгеру, өз теңқұрларымен бірігіп жаңалықтар табу үшін.

Жобалық жұмыс барысындағы қиын кезең?

Жауап: жұмыс кезеңдерін бөлу, жобаны қорғауға дайындық, презентация, мағлумат жинау, жұмысты жоспарлау.

Жобалау барысы неге үйретеді?

Жауап: өзі орындаған жұмысты бағалау, мақсатқа жету, ұжыммен істеу, жұмыс барысында қателік жібермеу, сарамандық жұмыс жасай білуге, өз бетімен ізденуге, бір пікірге келіп шешім қабылдауға үйретеді.

Қорытынды

Қазіргі кезде мектептегі технология сабақтарында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды өнерге баулу, адамзат қоғамында жасаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді. Қыз балалар мектеп қабырғасында қолөнерге бейімделіп, әр заттың жасалу технологиясын жетік меңгерсе, оны өмірінде бір қажетіне жаратары сөзсіз, деп ойлаймын.

Осы жерде Ж.Аймаутовтың мұғалімнің шеберлігі туралы төмендегі пікірін айтып кетуді жөн деп есептедім:

«Мұғалім әр дайым өзгеріп тұратын және дамып тұратын жанды «материал» болған балалармен жұмыс істейді. Сондықтан ол бір рет алған білімімен тоқтап қалуы, әр дайым бір әдісті қолдануы мүмкін емес, өмір одан білімдерін және білім беру әдістерін әр дайым жаңартып тұруын талап етеді».

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Еңбекке баулу бағдарлмасы. 5-7 сыныптар үшін. — Алматы:
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005
3. Мельникова Л.В. и др. Методика трудового обучения. –
4. Ортаев Б.Т. Технология пәнін оқытудағы политехникалық бағыттылық. Оқу-әдістемелік
5. Ортаев Б.Т. Кубенов М.А. Оқу шеберханасы. Оқу-әдістемелік құрал.
6. Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика:
7. Өстеміров К. Технология пәнін оқыту әдістемесі. — Алматы.
8. Пошаев Д.Қ. Мамандық таңдау негіздері. — Шымкент: ОҚМУ.
9. Пошаев Д.Қ. Педагогика, педагог және заман талабы. Оқу
10. Эрганова Н.Е. Методика профессионального обучения: учеб.пособие для студ.высш.учеб.заведений
11.О.Сыздықов, Д.Қ.Пошаев, Б.Т. Ортаев. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі: 5В012000

12.Технология 9 — класс Е. В. Ермилова И. А. Товченик Алматы мектеп 2013

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности