link4896 link4897 link4898 link4899 link4900 link4901 link4902 link4903 link4904 link4905 link4906 link4907 link4908 link4909 link4910 link4911 link4912 link4913 link4914 link4915 link4916 link4917 link4918 link4919 link4920 link4921 link4922 link4923 link4924 link4925 link4926 link4927 link4928 link4929 link4930 link4931 link4932 link4933 link4934 link4935 link4936 link4937 link4938 link4939 link4940 link4941 link4942 link4943 link4944 link4945 link4946 link4947 link4948 link4949 link4950 link4951 link4952 link4953 link4954 link4955 link4956 link4957 link4958 link4959 link4960 link4961 link4962 link4963 link4964 link4965 link4966 link4967 link4968 link4969 link4970 link4971 link4972 link4973 link4974 link4975 link4976 link4977 link4978 link4979 link4980 link4981 link4982 link4983 link4984 link4985 link4986 link4987 link4988 link4989 link4990 link4991 link4992 link4993 link4994 link4995 link4996 link4997 link4998 link4999 link5000 link5001 link5002 link5003 link5004 link5005 link5006 link5007 link5008 link5009 link5010 link5011 link5012 link5013 link5014 link5015 link5016 link5017 link5018 link5019 link5020 link5021 link5022 link5023 link5024 link5025 link5026 link5027 link5028 link5029 link5030 link5031 link5032 link5033 link5034 link5035 link5036 link5037 link5038 link5039
Турагулова Балжума Темирбековна
Должность:преподаватель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:город Рудный
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ - БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Турагулова Б.Т.,

МКҚК «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі»,

Рудный қаласы.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ - БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды Ұлт-2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Бүгінде Қазақстанға «инновациялық қызметтің «жарылысы қажет, қоғамда мінез-құлықтың инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құру тиіс»-деп көрсеткендей, шапшаң өзгеретін, жоғары технологиялық бәсекелі әлемде өмір сүруге дайын, сапалы білім алуға ұдайы ұмтылатын интеллектуалды, физикалық және рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру кадрлар жүйесін дамытудың басты бағдарына айналуы тиіс [1].

Тұрақты даму үдерісінің даңғыл жолына түскен Отанымызға замануи инновациялық ілімдерді игерген креативті Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, жоғары білімді дамытудың негізігі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.Осы ретте мұғалімдер даярлайтын оқу орындары алдында үлкен де, салмақты мақсат-міндеттер тұр. Бұл мақсат-міндеттердің шешімі студенттерге мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламасына сәйкес ғылым салаларынан білім берумен де шектелмейді. Оқу орнын бітірушілер болашақ кәсібін терең түсінетін, меңгерген білім-біліктерін тәжірибеде қолдана алатын, сонымен қатар теориялық білімін мазмұнды, дәлелді түрде, кәсіби шебер жеткізе алатын маман болып шығуы тиіс. Сондықтан, оқу орнында оқытылатын білім беру салалары арқылы студенттің өз ойын жүйелі, түсінікті етіп жеткізе білу, алған білімдерін күнделікті өмірде іске асыра алу білігіне үйрету маңызды мәселе болып табылады. Білім жүйесіндегі әлемдік жаңалықтардан шет қалмай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың негізгі міндеті.

Болашақ мұғалімді даярлау өте күрделі іс. Ол - зерттеуші, озат тәжірибені насихаттаушы, үйренуші болуы керек. Оған үлгі - оқытушы, оның шығармашылық еңбегі. Ж.Аймауытов айтқандай: «Сабақ жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп, мен өз жұмысымда осы даналық ойды үнемі басшылыққа аламын [7].

Негізінен жұмысымда ұжымдық оқыту тәсілін қолданамын.«Пәнмен оқушыға емес, оқушымен пәнге бару» қағидасына сүйене отырып, болашақ мұғалімдерді ізденіп, зерттеуге үйрету; дидактикалық, коммуникативті және сөйлеу қабілеттерін шыңдау-басты мақсатым.Бұдан туындайтын міндеттер:

1. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді зерттеу және талдау;

2. Жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысып, оны насихаттау;

3. «Бастауыш білім беру» мамандығында педагогика пәнін оқыту барысында енгізу.

Нәтижесінде : өз кәсібін терең меңгерген,ойын жүйелі де түсінікті етіп жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті болашақ маман шығады деп ойлаймын.

Жаңалықты енгізу кезеңдеріне тоқталатын болсам:

1. Ақпараттарды жинап, өз білімім мен алдымдағы студенттердің дайындық деңгейлеріне сай келетін жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдадым;

2. Іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолдандым;

3. Оқудың нәтижесін көтеруге ықпалын анықтадым.

Ұжымдық өзара оқыту (ұйымдастырылған — диалог, оқудың ұжымдық тәсілі, оқушылардың жұппен жұмысы) А.Г. Ривин жасап шығарған. Мұндай технология оқу материалын дайындау оқу мәтіндерін, қосымша және анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу, мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты әр түрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады:

- Әрбір оқушы өзінің іс-әрекетін анықтайды;

- Ролдік ойын « мұғалім — оқушы » ережесі бойынша;

- Жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу және өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу және т.с.с.

Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында әрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше, жұппен, ауыспалы жұппен жұмыс жасайды. Онда тек қана өзінің жетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мәртебесі мен жұтаңдығын бағалау қалыптасады. Бір ақпаратты бірнеше ауыстырмалы жұптармен талқылау, ассоциативті байланыстар санын көбейтеді, олай болса, неғұрлым тереңірек меңгеруге әкеледі. Соңғы жылдары пайдаланып жүрген сабақтың жаңа түрлерінің бірі — сабақтағы жұмыстың топтық түрі. Яғни ұжымдық тәсіл. Топтық жұмыс кезінде шәкірттер бірінің білмегендерін екіншісінен біледі, біріне- бірі айтады, сыныпта өзінің қабілеттерін көрсетеді. Мұғалімнің іс — әрекеті сабақта оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде мақсатқа жету жолында жаңа, озық әңгімелерді кеңінен қолданып, нақты жағдайларды ескеріп түрлендіріп отыруға үйретеді.Сабақта топтық оқытудың педагогикалық мақсаты оқушылардың өз бетінше, әрбір оқушының жеке өзінің оқуын жүзеге асыруда, олардың танымдық белсенділігін арттыру, әрбір жеткіншектің қайырымдылығын дамыта түсу, бірін- бірі түсінуге жеткізіп, сезімталдықтарын жетілдіріп, қол ұшын беруге әзір екендігін күшейте беру. Қандай әдіс-тәсіл болса да, әр оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге, оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға тиіс. Өз ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.

Сондықтан жоғарыда айтылған сабақтағы топтық жұмыс, ұжымдық тәсіл ең тиімді. Себебі оқушыларды тегіс сабаққа қатыстыруға көмектеседі. Ұжымдық оқыту әдістемесін әр түрлі пайдаланады. Қарым — қатынас құрылымына сәйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері бар. Олар:

1. Жеке — дара ( жанама түрдегі қатынас );

2. Жұптық ( тұрақты жұптағы қатынс);

3. Топтық ( топтық қатынастың құрылымы);

4. Ұжымдық ( ауыспалы жұптағы қатынас).

Оқытудың ұжымдық тәсілінің ерекшелігі келесі үрдістердің сақталуына байланысты:

- Оқушылардың жұптарының ауысып отыруы;

- Олардың өзін — өзі оқытуы;

- Өзара бақылау;

- Өзара басқару.

А.Г. Ривин әртүрлі жағдайларда қолданылатын оқытудың ұжымдық тәсілінің бірнеше әдістемеін атап көрсетті:

- кез- келген оқу пәні бойынша мәтіндік материалды оқу;

- мәтінді өзара алмасу;

- тапсырмаларды өзара алмасу;

- оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару;

- өзара диктанттар;

- жұптасқан түрде өлең, тақпақтар жаттау;

- жұптасқан түрде жаттығуларды орындау;

- сауалнама бойынша жұмыс;

- шет тілін оқу.

Ұжымдық оқыту әдісінің артықшылығы — оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынасты өзгертеді. Ұжымдық оқытудың мақсаты: адамды жан — жақты тәрбиелеу ( таным үрдістері, жан құбылыстары ). Ал оның көрсеткіштері — рухани дүниесінің баюы, оқуға деген құштарлығының артуы, ауызша, жазбаша тіл мәдениетінің дамуы, ойлау, елестете алу қабілетінің қалыптасуы, көзқарасының тереңдеуі, өзінше бағалап, пайымдай білуге дағдылануы; сезім сергектігі, эмоциялық мәдениеттілігі, ойын еркін жеткізуі, талдай білуі, танымдылық оқу ауқымының кеңеюі, өмір мен өзіндік ойының байланысының нығаюы, шығармашылық ізденісіне жол ашылуы.

Енді практика жүзінде қолданылып жүрген топтық жұмыстың кейбіріне тоқталатын болсам, топтық өзара әрекеттің ең қарапайым түрі — «үлкен шеңбер». Жұмыс үш түрлі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — ол үлкен шеңбер болып орындықтарға отырғызылады. Оқытушы мәселені қояды. Екенші кезең — белгілі бір уақыт ішінде әр оқушы жеке, өз парақтарында мәселені шешу жолдарын жазады. Үшінші кезең — шеңбер бойымен әр оқушы өзінің ұсынысын оқиды, топ тыныш тындайды ( сынамайды ) және әр бөлім бойынша дауысқа салынады. « Үлкен шеңбер » тәсілі сұрақты шешу жолдары мен оның шешімін құраушыларды тез анықтау мүмкін жағдайда қолдану тиімді. Мұнымен жобаларды немесе нұсқауларды, бағдарламаларды жасауға болады.

Рөлдік ойындар, мұндай жобалардағы құрылым тек белгіленіп және жұмыстың аяғына дейін ашық болып қала бермек. Қатысушылар өздеріне белгілі бір рөлді, жобаның мазмұны мен сипатын алады. Бұл әдеби кейіпкерлер немесе іскерлік қарым — қатынасқа, қатысушылардың ойлап шығарған жағдайына қарай күрделенеді. Бұл жобалардың нәтижесі оның басында белгіленеді немесе тек соңына қарай айқындалады. Педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде барынша белсенді қолданылатын әлеуметтік — психологиялық тренингтер мен психотехникалық жаттығулар маңызды.

Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі.Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс- әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті — танымдық іс –әрекетті белсендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру.

Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып, берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және түсініктеме берілмейді.

Дөңгелек үстел әдісі педагогика ғылымында саяси және ғылыми саладан ауысқан. Дөңгелек үстел әртүрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жүргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бір арнаға тоғысуын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

«Топтағы зерттеушілік жұмыс» - бұл ынтымақтастықта оқыту әдісі. Мұнда басты әрекет — оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі. Оқушылар топтарда жұмыс жасайды. Олар жалпы тақырыптың бір тақырыпшасын таңдайды. Одан әрі бұл тақырыпша әрбір топта жеке оқушыларға тапсырмаларға бөлінеді. Осылай әрбір оқушы жалпы іске өз үлесін қосуы тиіс. Топта тақырыпты талқылау кез — келген оқушының жұмысымен танысуға мүмкіндік береді. Әрбір оқушы орындаған тапсырма негізінде топ ішінде бір баяндама дайындайды. Ол баяндама содан кейін тұтас топқа ұсынылып, баяндалады.

Топтық жұмысты презентациялау. Презентацияда оқушылар топтарға бөлініп, не берілген сұрақтар ( тақырыптар ) бойынша тақтаға немесе қағазға сурет, кесте т.б құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі бір уақыт беріледі. Жұмысқа мазмұндылық, көрнекілік, әдемілік , нақтылық, түсініктілік талаптары қойылады. Әр топ өз жұмыстарын ұсынғаннан кейін өзге топтар сұрақтар мен ұсыныстар беруіне болады. Бұл әдіс оқушылардың ойлауының, қиялының дамуына, материалды есте берік сақтауына ерекше ықпал етеді. Бұдан кейін ерекше кезеңнің уақыты келеді — өткен сабақтың рефлекциясы, мұнда оқушылардың коммуникативтік білігі мен дағдысы бағалануы жүреді.

Әр мұғалім өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап жүрем десе де өз еркі.Ал көшті дұрыс бағыттай білу — ол шеберлігіне байланысты.

Балалардың ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.

1. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен есте сақтау қабілеттерін және шешендігін дамытады.

2. Оқушылар өзара достасады, бірін бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарасады және құқықтар мен міндеттер туралы пікір алысады.

Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Осы орайда педагогика пәнінен мемлекеттік емтихан алдында өткізген ағымдағы әдеттен тыс емтиханға тоқталып өтсем. Емтиханға дейін екі рет дайындық жұмысы жүргізіледі. Онда студенттер сұрақтарды жан-жақты талдады. Емтихан мақсаты — педагогика пәнінен алған білім, білік дағдыларын жүйелеу, тексеру, бекіту. Өзін — өзі бірін-бірі бағалау арқылы адалдыққа, шыншылдыққа, өз іс-әрекетін талдай білуге тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс арқылы білімдерін жетілдіру, ізденуге қосымша материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру. Емтиханды басқа формада өткізу арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Кабинетті емтиханға сай жабдықтап, студенттердің үш жылдық шығармашылық еңбектерінен көрме ұйымдастырылады. Бір-бірімен жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін үстелдерді дөңгелете, алдына мұғалім немесе ассистент үшін орындық қойылады. Оқытушы 5-10 минут студенттердің сұрақтарына жауап береді. Одан кейін студенттерге нөмірлер, бағалау парақтары үлестіріледі, емтихан тапсыру тәртібі түсіндіріледі. Студенттер ауыспалы жұппен жұмыс жасайды. Бағалау парағында сұрақтар жазылған. Мысалы төмендегідей:

Емтихан сұрақтары

Бағасы

1.

Педагогика пәні, оның міндеттері

2.Негізгі бөлім. Ауыспалы жұппен жұмыс жасау арқылы бірде үйретуші, бірде үйренуші бола отырып, 30 сұраққа жауап береді және өз сұрағын топта неше студент болса, сонша рет тыңдайды. Менің ойымша мұндай әдіс мұғалім үшін де, студент үшінде тиімді. Оқытушы әдеттегі емтиханда билеттегі екі немесе үш сұраққа жауап береді, тест болса оның сөйлеу қабілеті байқалмайды, ал мұнда оқытушы 6-7 сұраққа дейін, өзінің таңдаған сұрағының кез келгенінің жауабын тексере алады, яғни студенттер білімінң қаншалықты терең, жан-жақты екендігін білуге мүмкіндік туады. Студент болса әдеттегідей «сен бірінші кір» немесе «осы билет келер-ау» деген болжау, стрестен құтылады. Бағалауға, басқаның жауабын тыңдауға үйренеді.

3.Қорытынды бөлімінде алған балдарын санап, өз бағасын шығарады. Соңында кері байланыс болды, яғни студенттер бағалау парағының артына емтиханнан алған әсерлерімен бөлісті. Бұл жұмыс мемлекеттік емтихан алдындағы дайындық іспетті. Студенттердің пікірі бойынша, бұл әдістің ұнағандығы және алдағы мемлекеттік емтиханды толық жақсы бағаға тапсыра алатындарына зор сенімде болды. Солай болды да, сапа да, үлгірім де-100 пайызды құрады.

Сонымен, сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылады.

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу баланың табиғи талабы, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу — оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақы білім алуына көмектеседі.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді.Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, төмен түсіретін де — білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

Әдебиеттер тізімі:

1. Интелектуалды Ұлт-2020 мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2009.

2. Григоров Н.В Психотехнологии группового тренинга.Учеб.пособие.-СПб: ГИПСР,2008. 176 с.

3. ДэвидЛ. Практика группового тренинга 3-е изд./ Пер. С англ.-СПб:Питер, 2009.224 с.

4. Оспанова Б.А. Научные основы формирования креативности будущего специалиста в условиях университетского образавания. Монография. — Туркестан, 2006.- 97 с.

5. Сидоренко Е.В Тренинг коммуникативной компентентности в деловом взаимодействии. –СПб., 2008. 208 с.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности