link14640 link14641 link14642 link14643 link14644 link14645 link14646 link14647 link14648 link14649 link14650 link14651 link14652 link14653 link14654 link14655 link14656 link14657 link14658 link14659 link14660 link14661 link14662 link14663 link14664 link14665 link14666 link14667 link14668 link14669 link14670 link14671 link14672 link14673 link14674 link14675 link14676 link14677 link14678 link14679 link14680 link14681 link14682 link14683 link14684 link14685 link14686 link14687 link14688 link14689 link14690 link14691 link14692 link14693 link14694 link14695 link14696 link14697 link14698 link14699 link14700 link14701 link14702 link14703 link14704 link14705 link14706 link14707 link14708 link14709 link14710 link14711 link14712 link14713 link14714 link14715 link14716 link14717 link14718 link14719 link14720 link14721 link14722 link14723 link14724 link14725 link14726 link14727 link14728 link14729 link14730 link14731 link14732 link14733 link14734 link14735 link14736 link14737 link14738 link14739 link14740 link14741 link14742 link14743 link14744 link14745 link14746 link14747 link14748 link14749 link14750 link14751 link14752 link14753 link14754 link14755 link14756 link14757 link14758 link14759
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
А.Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі
  • Бейлова Маржан Серикбаевна
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
  • Орал политехникалық колледжінің
  • Орал қаласы, Қазақстан
  • доставкой запчастей из ОАЭ.

Пәні Қазақ әдебиеті

Тақырыбы А.Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі.

Оқу мақсаты - Әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау.

Студенттердің басым бөлігі: Абайдың қарасөздері туралы біледі

Кейбір студенттер : Он жетінші сөзінің мазмұнын түсінеді, кемел адам ұғымының мәнін аша алады

Бағалау критерийлері Көтерілген мәселені талдайды;Шығарма жазады;

Құндылықтарды тәрбиелеу:

Толық, кемел адам болу үшін сезу үшінжүрек, ойлау үшін ақыл, әрекет ету үшін қайратты өзара үйлесімде ұстап, ғылым мен мәдениеттің шыңына шығып, кемел болуға тәрбиелеу.

повышение квалификации бухгалтеров. термокружки оптом в самаре.

Тілдік мақсаттар: Лексикалық бірліктер:
- Ғақлия - көркем, дана сөз

- ғибадат - құлшылық ету, сиыну

- мәдмәладқа жету - мақсатқа жету

- ахирет - адамның о дүниеде сұралатын ісі.

- нәпсі - құмарлық

- залал - зиян

- күнәкәр - күнәлі болу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі

4. Сабақтың барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

(мұғалім мен оқушылардың қызметі)

Ресурстар

Сабақтың басталуы


I .Ұйымдастыру бөлімі

II.Қызығушылықты ояту «Жылы жүрек» әдісі арқылы бір-біріне жақсы лебіз айтып жүрек сыйлайды.

Он жетінші қара сөзінің аудионұсқасын тыңдату

Сыйынарым пірім Абай!

Сіз сыймайсыз ақынның жырына оңай.

Жырлар едім, қорқамын сөздерімнен,

Қалама деп, уа, дариғай бір ұнамай.

Сіз қалдырған ән даланы кернейді,

Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.

Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,

Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді.

Қарасөз – ғылым,философия, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.

https://www.youtube.com/watch?v=ClmZ2bIfS3w

(00:00-05:12)

Сабақтың ортасы




Қайрат

Ақыл

Жүрек

Айырмашылықтары




Не ортақ?




Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады.

Оқушыларды 4 топқа бөлу:

1-топ «Қайрат»

2-топ «Ақыл»

3-топ «Жүрек»

4-топ «Ғылым»

Тапсырма №1

Логикалық мағынаға негізделген эвристикалық жобалау технологиясы бойынша қара сөзде көтерілген мәселені талдау.

Дескритпор

  • Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Мәселенің өзектілігін табады;
  • Қарама-қайшылықтарды анықтайды;
  • Көзқарасын білдіреді;

Тапсырма №2

-Қазір үшеулерін бірге отырып, осы қарасөзді сатылай талдауға түсіре қойыңдар.

Он жетінші қарасөз

Тақырыбы: Адам бойындағы адамдық қасиеттер.

Идеясы:ізгілікке, ғылымды меңгерген көкірегі ояу

азамат болуға баулу, адам бойынан жақсы қасиеттерінің

табылуы; осы үшеуі де адам бойынан табылса, сол қасиетті адам.

Жанры: Көркем әдебиет;мақала, қара сөзбен жазылған еңбек.

Лексикалық сөз қолданысы: Ғақлия, ғибадат, мәдмәладқа

жету, ахирет, нәпсі, үлкеннен ұят сақтап

жаманшылықтан жирену.

Тартыс: үшеуінің тартысы.

Шешім:Ғылымның жүректі жақтауы.

Ғибрат: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда ғана боларсың елден бөлек.

/Интербелсенді тақтаға шығып бір оқушы талдайды/

-Міне, балалар өздерің талдап көрсеткендей, ақыл, қайрат, жүрек үшеуі де әрқашанда ынтымақты бірлікте болғанда ғана көкірегі ояу саналы азамат боласыңдар. Бірлік бар жерде-тірлік бар. Сонда ғана ғылым биік өресіне жетеді.

Енді сөздікпен жұмыс жасаймыз. Ғақлия, ғибадат, мәдмәладқа жету, ахирет, нәпсі сөздерінің анықтамасын түсіндірме сөздіктен тауып, сөздік дәптерлеріне жазғызу.

Он жетінші қарасөзі

Ғылым. Дүние де өзі мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Білгендердің сөзіне,

Махаббатпен ерсеңіз.

Қайрат.

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Ақыл.

Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Жүрек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек.






1.Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.

2. Қарасөз –арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.

3. Ғақлия-көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

4. Абайдың қарасөзінің саны -45.

5. Бұл қарасөздер 1890-1898 жылдар арасында жазылған.

6. Қарасөздер алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы Абай журналында жарық көрді.

7. Абайдың қарасөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.


Үйге

«Он жетінші қарасөздің» мазмұнын білу.

Рольге бөліп жаттау.

Оқушылар көтерілген мәселені талдаған соң,

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,....» тақырыбында эссе жұмысын жазу.

Дескриптор

Құрылымдық ерекшелігін сақтайды;

Тақырыпты ашады;

Ойын дәлелдеуде аргументтер келтіреді; (кемі 3)

Сөз санын ескереді; (200 сөз)



Сабақтың соңы


Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,… »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Рефлексия


Сабақ барысында оқушылардың қарқыны ескеріледі.Жоғары қарқынмен жұмыс істейтін студенттерге қосымша тапсырма ұсынуға болады

Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау қолданылады.Оқушылар бағалау процесіне қатысады, оқушылардың жұмыстары критерийлер мен дескрипторлар бойынша бағаланады.

Оқытушы тарапынан оқушыларға қолдау көрсетіледі, кері байланыс ұсынылады: жұмыстарға бағыт беріледі және түсініктеме беріледі

Әр түрлі сипаттағы белсенді іс-шаралар мен тапсырмалар, уақытты дұрыс бөлу оқушының денсаулығын сақтауды қамтиды

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности