Қазақстан,Алматы облысы
«Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Тарих-география пәнінің мұғалімі
Оспанбаева Сания Озановна
Жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйетін патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі мектептің басты міңдеті. Мектеп білім ошағы,тәрбие –ордасы,жеке тұлғаны қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Қай елде патриоттық тәрбие көрсеткіші жоғары болса,сол елде саяси тұрақтылық болатыны белгілі.
Партиоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарау мақсатында 9 сынып оқушылармен Черкасск ауылдық округі бойынша Ұлы Отан Соғысына қатысқан соғыс ардагерлерінің көзі тірісі Александр Федорович Галкинмен кездестік . Кездесу кезінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, соғыс ардагерінің өмірбаяны,майдан жылдарындағы кезін үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Галкин Александр Федорович 1927 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Сарқан ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген.Әкесі- Федор Данилович диірменші,анасы Степанина Тереньтьевна үй шаруашылығымен айналысқан.
17 жасында әскер борышын өтеуге шақырылады. Башқырстан жерінде әскери міңдеттін атқарады.
Біраз уақыт өткен соң 97- атқыштар дивизиясына алынады.
1945 жылы ерлігі үшін алтын медальмен марапатталады. 1946 жылы манчжур құрамында жұмыс жасайды.
1951 жылы өзінің туған ауылына қайтып келіп, бригадир қызметін атқарады. Сол жылы II дәрежелі “Еңбек” ардагер медалімен марапатталады.
Александр Федоровичтің 3 ұлы 1қызы бар. Олардан 11 немере,11 шөбере сүйіп отыр.
Ерлік пен елдікке ,білімге, ізгілікке,адамгершілікке,патриоттық тәрбиеге жетелеген атамыздың сөздері оқушыларды жігерлендірді.
Кездесу соңында атамызға Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, өмір жасы ұзақ , дені сау, немере-шөберелерінің қызығын көріп жүре беруін тіледік!!!