link5544 link5545 link5546 link5547 link5548 link5549 link5550 link5551 link5552 link5553 link5554 link5555 link5556 link5557 link5558 link5559 link5560 link5561 link5562 link5563 link5564 link5565 link5566 link5567 link5568 link5569 link5570 link5571 link5572 link5573 link5574 link5575 link5576 link5577 link5578 link5579 link5580 link5581 link5582 link5583 link5584 link5585 link5586 link5587 link5588 link5589 link5590 link5591 link5592 link5593 link5594 link5595 link5596 link5597 link5598 link5599 link5600 link5601 link5602 link5603 link5604 link5605 link5606 link5607 link5608 link5609 link5610 link5611 link5612 link5613 link5614 link5615 link5616 link5617 link5618 link5619 link5620 link5621 link5622 link5623 link5624 link5625 link5626 link5627 link5628 link5629 link5630 link5631 link5632 link5633 link5634 link5635 link5636 link5637 link5638 link5639 link5640 link5641 link5642 link5643 link5644 link5645 link5646 link5647 link5648 link5649 link5650 link5651 link5652 link5653 link5654 link5655 link5656 link5657 link5658 link5659 link5660 link5661 link5662 link5663 link5664 link5665 link5666 link5667 link5668 link5669
Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
Ашық сабақ "Белсенді құқық танушы интелектуалдық құқықтық танымдық ойын"

«Ә. Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын

орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтыңтақырыбы: Белсенді құқық танушы интелектуалдық құқықтық танымдық ойын.

Тарих пәні мұғалімі: С.Ахметова

Тақырыбы : Белсенді құқық танушы интелектуалдық құқықтық танымдық ойын.

Мақсаты: Жас өспірімдердің құқықтық білімдерін тексере отырып, құқықтық сана сезімі мен мәдениетін қалыптастыру. Құқық пәнінен өткен сабақтарды іріктеп оларды әр түрлі әдіс тәсілмен білімдеу.

Дамытушылық: Оқушылардың берілген тапсырмаларды талқылап орындай білуге,өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой өрісін , ойлау қабілетін белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік : Адамгершілікке құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Қанатты сөздер. Қазақстан Республикасының конституциясы. Құқық оқулықтары.

Сабақтың түрі : Тренинг.

Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ — жауап, нәтижені талқылау.

Ойынға қатысушылар: 9а, 9б сынып оқушылары.

Ι тур. Қанат қақты — капитандар сайысы. Өз топтарын қорғау.

ΙΙ тур. Шынығу кезеңі 2-топқа конверттік сұрақтар.

1-сұрақ Әлеуметтік норма дегеніміз не?

2-сұрақ Құқық дегеніміз не?

3-сұрақ Моральді тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапқа тартылама? Тартылмаған жағдайда неге?

4-сұрақ Адамның жеке бас бостандығымен қадірі ҚР конституциясында көрсетілген қалай? Біздің мектебімізде адамның жеке бас бостандығына қол сұғушылық барма? Зорлық, қатігездік.

5-сұрақ Ар, намыс қадір заң жүзінде қорғалама?

6-сұрақ Кәмелетке толмағандар қандай қылмыс жасаған кезде жауапқа тартылады? Қылмысқа қанша жастан бастап тартылады?

7-сұрақ Кім ҚР президенті бола алады? Африкадан көшіп келген қазақ президент бола алама?

8-сұрақ Президенттің вето құқығы барма?

9-сұрақ Қылмыс дегеніміз не? Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар?

10-сұрақ Ұрлық қандай қылмыс түрі?

ΙΙΙ тур. Ой елегінен өткіз кезеңі. Ойлан тап.

1-топ

1. Конституция - еліміздің негізгі заңы .

2. Мемлекет — негізгі саяси ұйым.

3. Заңды білу — заман талабы.

4. Әр адамның құдайы — оның ары.

5. Құқық барда — Отан бар.

6. Құқық — заңдар жүйесі.

7. Әділ істің — арты игі.

8. Туғанды биде — иман жоқ.

2-топ

1. Президент — мемлекет басшысы.

2. Азамат — құқығы бар ел тұрғыны.

3. Парламент — Заң шығарушы орган.

4. Заңның құрығы — бәрінен ұзын.

5. Өш алғаннан гөрі — кешірген жақсы.

6. Таста тамыр жоқ — туғанды биде бауыр жоқ.

7. Туғанына бүрғаны — биді құдай ұрғаны.

8. Егемендік — тәуелсіздік .

ΙV тур. Өз құқығыңды біл кезеңі.

1-сұрақ Баланың азаматтық құқығы қай кезден басалады?

Бала туған кезден

2-сұрақ Оқушы неге міндетті?

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға

3-сұрақ Оқушы неге құқылы?

Білім алуға , емделуге, демалуға

4-сұрақ Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? 18

5-сұрақ Баланың өз пікірін білдіруге , ақпарат алуға, ақпарат идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме? Шектеусіз бе? Шектеусіз

6-сұрақ Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық

7-сұрақ Президент ауырған не қайтыс болған кезде, оның орнына кім келеді?

Сенат басшысы

8-сұрақ Саяхатшы орманға серуендеп барғанда отты сөндірмей кетуінен өрт шықса ол қандай қылмыс? Абайсызда жасалған.

9-сұрақ Қоғамның бастапқы ұясы не? Отбасы

10-сұрақ Ата-ананың қасиеті не? Балаларына қамқорлық жасау

11-сұрақ Құқықтың түрлерін ата? Жеке азаматтық , саяси, экономикалық,

әлеуметтік, мәдени.

12-сұрақ ҚР азаматтарының міндеті? Заңдарға бағыну, басқа заматтардың құқықтарын арын құрметтеу, тарихи мәдени байлықтарды сақтау, рәміздерді құрметтеу.

V тур. Құқық қорғаушылар сөйлейді.

- Марат пен Серік кеше қараңғыда Замираның үйіне келеді. Замираны шақырады, Замира шығады.

- Марат, Замира жүр көшеге шығып серуендейік деді. Серікте оны қоштады. Бірақ Замира әкесінің қыздардың көшеде жүретінін ұнатпайтынын айтып, олардың ұсынысын қабылдамады.

- Екеуі үйден алыстап кетті. Жолдан тағы да сыныптастары Ермек пен Жандос шығады. Олар сәлемдесіп , Замираның үйіне тоқтап , Замираны шақыра бастайды. Оны көрген әлгі екеуі бұларға келеді.

- Марат сендер не Замираға келіп жүрсіңдер ме? Ермекті жұлқылай бастайды. Екеуі жағаласа кетеді. Оларды Жандос әрең ажыратып алды.

-Мұғалім : Оқушылардан сараптама беру керек, өз пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салу керектігін ескертті.

VΙ тур. Тарих тереңіне үңілсек

1-топ. Құқық пәнінде тарихи ұғымдар, мемлекет функциялары құрылымдары, басқарулары бар. Сол термин сөздері айтып түсінік бер?

2-топ. Тарихта құқық бойынша негізгі заңдарды атап олардың ережелеріне түсінік бер?

VΙ тур. Шешендік өнер

Тақырыптары:

1.«Құқық барда — Отан бар»

2. «Мен - болашақ заңгермін»

3.«Ата –заңды құрметтейік»

Қорытынды. Ал оқушылар сайысымызды қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности