Мансурова Амина Шакиртовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан Жамбылская область Т,Рыскуловский район
Регион:не указан
Ертеңгілік: "Айналайын,ақ анам!"

« Айналайын,ақ анам»

1.Жүргізуші:

Бүгінгі көктем күнінде

Барлық адам қуанар,

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

2.Жүргізуші:

«Жаным» дейсің мені

Жаратушым-бір сен

Жалғыз өзің,тегі

Жанашырым білсең

Айналайын ана!

Құрметті аналар сіздерді мерекелеріңізбен шын жүрктен құттықтай отырып сөз кезегін «Балауса»балалар бақшасының меңгерушісі Торланбаева Н.А. сөз береміз

Ұлбалалар жарты шеңбер жасап тұрады

1.Жүргізуші: Ұлдар,бүгін аналардың,қыздардың мерекесі ғой.Бәрі дайынба? Ешкім кешіккен жоқ па?Әне,қыздар келе жатыр.Қарсы алайық!

(Музыка әуені естіледі,қыздар залға кіреді)

2.Жүргізуші: Қараңдаршы біздің қыздар қандай әдемі болып кетіпті.

1.Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды,әжелерімізді,сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай.Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады.Бірақ,көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді.Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір,жылылылқ пен әсемділік сыйлайды.

2.Жүргізуші:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

Кезектібалалардың орындауында Әдемі әнге береміз «Құттықтаймын мама,туған күніңмен» Хор

Вальс биі: Нұржігіт-Айғаным,Жомарт-Ақсезім,Мирас-Балжан

1.Жүргізуші:

Анананың біз гүліміз,

Ана біздің күніміз

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз- деп келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

Айназ: Менің анам әдемі Аппақ оның жүрегі Күнде күліп баршаға Нұрын шашып жүреді.

Жан: Біз доспыз гүлдермен Текке оны жұлмаймыз Той күні оны бір-бірден Аналарға сыйлаймыз

Мейірхан: Ерлік еткен біз үшін Еңбек еткен біз үшін Еркелеткен біздерді Аналарға мың алғыс

Нұржігіт: Жылылықтан жаралған Құшағы оның таң мекен. Менің айдай анамнан Асқан сұлу бар ма екен.

Балжан Айналайын анашым Әлемдегі жаны асыл Құтты болсын әжетай Құтты болсын мерекең

Әли: Жанымызды жайнатқан Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Әділет: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мерекеңмен иқұттықтаймын

Алуа: Айналайын анашым Асқар таудай панасың

Күн көзіндей күлімдеп Құшағыңа аласың

Аягөз: Сегізінші наурыз күнін Мейрамдайды аналар Аналардың шаттығын Құттықтайды балалар

Айару: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт беріп өсірген Сәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын

Тосын сәт:

2.Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің ұлдарымыз қыздарға сюрприз дайындап келді ғой.Бізге қонақтарды шақырды.Олай болса ортаға шақырайық па?

(Ортаға екі Сайқымазақтар келеді)

1.Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме достар! Сәлеметсіңдер ме қыздар!Менің атым Тили.Мен сендерді сонау Америкадан құттықтауға келдім.Хеллоу!Хеллоу!Хеллоу

2.Сайқымазақ: Ал, менің атым Вили.Мен сендерді құттықтауға келдімБіз сендерді күлдіртеміз,би билеп береміз.Біз акробатикалық номерді көрсетеміз.(олар басына тұрайын деп, құлай береді)

1.Жүргізуші: Тили, Вили сендер мойындарыңды ауыртпаңдар,одан да біздің балалардың биін қабыл алыңдар:

Ой балалар,балалар. Ойналық та күлейік

Қане енді бұралып,

Би билеп те берейік- деп кезекті «Орамалдар биіне» кезек береміз

Орындайтындар:Шырай,Жансая,Сымбат,Амина,Ару,Саида

2.Жүргізуші:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән,беретін гүлім дайын «Әжетай сені жақсы көремін»деп Ақырын құлағыңа сыбырлаймын — деп келесі кезекті асыл әжелерімізге арналған тақпақтарына кезек береміз

Іңкәр: Әжетайым әжетай Сізді жақсы көреміз Сізге өлең тақпақты Жатқа айтып береміз

Диас: Шуағыңды сепкен Күнімізсің әже Жұлдыздарың боп Айналамыз әже

Айжарық: Ақ әжемді әрқашан Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны Өлең айтып беремін

Би барыс: Аналарды сүйеміз Сөзін ойға түйеміз Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз

Сымбат: Бізді өсірген әжетай Еңбегіңде зор екен. Құтты болсын әжетай Құтты болсын мерекең

Рысбек: Әже деген көп шығар Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі- Қандай ғажап күлкісі

Ару: Ертек қандай көп еді

Күнде айтып береді

Қуантатын балаша Әжем менің тамаша

Айғаным: Шашымызды өріп,тараған Қабағына қараған Үлкен кіші демейді Сыйлайды оны бар адам

Құр пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған

Тосын сәт: (Машинаның гуілдеген дыбысы естіледіМыстан бикеш кіреді)

Мыстан бикеш:Мен мыстан бикешпін,сендер мені таныған жоқсыңдар ма?Мен мыстан кемпірдің немересімін.Менің әжем пенсияда мен оның орынбасарымын.енді мен сендердің кештеріңді бұзамын.Болды қайтыңдар,үйлеріңе.Мереке болмайды.

1.Сайқымазақ:Мыстан сен өзің кет үйіңе(Оны үрлейді)

2.Сайқымазақ: Иә барған жеріңе бар (итереді)

Мыстан бикеш: Солай ма? Қазір сендерге көрсетемін.Менің шляпам сиқырлы қазір сендерді бақаларға айналдырамын.қане Сайқымазақтар бақаларға айналыңдар. (Сайқымазақтар бақа болып секіріп залдан шығып кетеді.) Ха-ха-ха енді сендерді ешкім күлдіртпейді.Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді.

Жүргізушілер: Мыстан бикеш сен біздің сайқымазақтарды қайтаршы.Сен біздің мерекені бұздың ғой.

Мыстан бикеш: сендер маған не бересіңдер

Жүргізуші : Біз саған гүлдерді жинап береміз

Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды келісемін.

Ойын: «Гүл жина» Ойын шарты: балалар ортаға шығып орындықтың үстіндегі жатқан гүлдерді кезекпен бір-бірден алып құмыраға салып жинайды.

Ойын соңында жүргізуші гүлдерді құмырадан алып Мыстан бикешке сыйлайды.

Жүргізуші: Мыстан бикеш біз саған гүл жинап бердік,енді сен бізге сайқымазақтарды қайтар

Мыстан бикеш: Жоқ қайтармаймын.

Жүргізуші: мыстан бикеш білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды.қазір біздің балаларымыз саған өмірде қандай болу керек және қандай болмау керектігін айтып береді

Жомарт:

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности