link12240 link12241 link12242 link12243 link12244 link12245 link12246 link12247 link12248 link12249 link12250 link12251 link12252 link12253 link12254 link12255 link12256 link12257 link12258 link12259 link12260 link12261 link12262 link12263 link12264 link12265 link12266 link12267 link12268 link12269 link12270 link12271 link12272 link12273 link12274 link12275 link12276 link12277 link12278 link12279 link12280 link12281 link12282 link12283 link12284 link12285 link12286 link12287 link12288 link12289 link12290 link12291 link12292 link12293 link12294 link12295 link12296 link12297 link12298 link12299 link12300 link12301 link12302 link12303 link12304 link12305 link12306 link12307 link12308 link12309 link12310 link12311 link12312 link12313 link12314 link12315 link12316 link12317 link12318 link12319 link12320 link12321 link12322 link12323 link12324 link12325 link12326 link12327 link12328 link12329 link12330 link12331 link12332 link12333 link12334 link12335 link12336 link12337 link12338 link12339 link12340 link12341 link12342 link12343 link12344 link12345 link12346 link12347 link12348 link12349 link12350 link12351 link12352 link12353 link12354 link12355 link12356 link12357 link12358 link12359
Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
8 наурызға арналған ертеңгілік "Рахмет, саған Анашым!"

Бастауыш сыныптарға арналған 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінің сценариі

Оқжетпес орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Джуматаева А.Б.

Тақырыбы: «Рахмет саған, Анашым». №1 слайд

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер , бейнефильмдер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: шарлар, бейнефильмдер, презентация,мақал-мәтелдер.

Барысы:

Мұғалім: №2 слайд

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар! - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Тасыбаева А.М. беріледі.

№3 слайд. Құрметті әжелер мен аналар, әпкелер! Біз сіздерді мерекемізге шақырған себебіміз, сіздерге зор махаббатымызды, сүйіспеншілігімізді, сыйластығымыз бен ілтипатымызды және шексіз алғысымызды білдіреміз. Бала деген ана үшін ең қымбат. Ананың махаббаты ең пәк, ең қасиетті. Ана- баланың бірінші мұғалімі және жақын досы. Әлемде анадан жақын , ыстық адам жоқ. Осы әдемі, қасиетті мереке тарихына шолу жасайық. Бұл мерекені тойлауды алғаш ұсынған неміс саясаткері Клара Цеткин екен. Себебі 8 наурызда Францияда болған әйелдер шеруімен тікелей байланысты. Ал 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 1910 жылдан бастап мерекеленетін болды.

№4 слайд. 1 сынып оқушылары. Ана туралы ән. «Құттықтаймын, мама», баянмен сүйемелденеді.

1 сынып. Әдеби монтаж. №5 слайд.

1 оқушы: Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

2-оқушы: Жарқын жузді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттык кетпес баладан

3 оқушы: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

айналайын ақ анам!

4 –оқушы: Ақ қабақты анашым,

күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

айналайын анашым.

5-оқушы: Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.

6-оқушы: Қозы бағып жүргенде,

Жаңбыр жауды.

Бір тамшысын әкелдім,

Анам, саған!

Гүлдер жауып кетіпті

Қырды, тауды.

Бір шоқ теріп әкелдім,

Анам, саған!

7 –оқушы: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

8- оқушы: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

9- оқушы: Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

10- оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ

Ана деген — асыл жаңдар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай

11-оқушы: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіретін

12- оқушы: Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орыны бөлек дара екен

№6 слайд. *Әжелерге арналған тақпақтар.

1. Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

2. Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамын мен құттықтаймын.

3. Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Балалар (хормен) . Құттықтаймыз! (3 рет) (құттықтау ашықхаттарын беру)

№7 слайд. 1 сынып. «Қуыршақтар» биі.

Мұғалім:

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті — ананы

№8 слайд. 2 сынып оқушыларына құттықтау сөз кезегін береміз. (Ән кезінде бейнефильммен сүйемелдеу)

<!-- [if !supportLists]-->1. <!--[endif]-->Ана туралы тақпақтар.

<!-- [if !supportLists]-->2. <!--[endif]-->Ән: «Ақ мамам» (әнді осы сыныптың аналары туралы бейнефильммен сүйемелдеу)

<!-- [if !supportLists]-->3. <!--[endif]-->Би: «Қазақ қыздары»

<!-- [if !supportLists]-->4. <!--[endif]-->Би : «Жастар биі»

Ойын: "Анаңды даусынан таны"

Алты ана өз балаларымен ортаға шығады. Балалар аналардан теріс бұрылып, «Құттықтаймыз, ана!» деп біркелкі дауыстайды. Жетекші нұсқаған ана «Рахмет!» -деп жауап береді. Кімнің анасының дауысы екенін бала танып айту керек.

№9 слайд. 3 сынып оқушыларына құттықтау сөзін береміз. (Ән кезінде бейнефильммен сүйемелдеу)

1. Ана туралы тақпақтар. (Құттықтаймыз!)

2. Ән: «Анашым» (бейнефильммен сүйемелдеу)

3. Би.

№10 слайд. Ойын:"Қолынан таны"

Бірнеше аналарды отырғызып қоямыз. Олардың балаларының көзін байлап кезекпен шығарамыз. Бала өз анасын қолды ұстау арқылы тани алу керек.

1 сынып. Бейне ән «Топ-топ, балақан» .

Мұғалім: №11-12 слайдтар.

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар.

№13-14 слайдтар.

4 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.(Ән кезінде бейнефильммен сүйемелдеу)

1. Ана туралы өлең жолдары. (құттықтаймыз!)

2. Ән: «Ана туралы жыр»

3. Күй. №15 слайд.

№16-17-18 слайдтар. 1 сынып. Би: «Көктемгі гүлдер»

№19 слайд. Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы АНА кім?

АНА - нұр, өмір сыйлаушы, дана. данышпан, кемеңгер, ұстаз, күн, тәрбиеші т. б.

- АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз?

- Иә, МАМА - бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.

- Ендеше аналарың қандай адам?

АНА - ақылды, сұлу, нәзік, мейірімді, ардақты, аяулы т. б.

- Ақылды да сұлу аналарға арналған мақал - мәтелдер айтайықшы.

(Ана туралы мақал - мәтелдер)

№20 слайд. Мұғалім: Ана туралы дана ойды аудио түрінде тыңдатады.

Мұғалім: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

1.Қыз өссе елдің көркі .Ата-ананың қадірін

Гүл өссе жердің көркі Балалы болғанда білерсің.

2.Баланың ұяты-әкеге 4.Ана сүтін ақтамағанды

Қыздың ұяты-анаға. Ешкім мақтамайды.

1.Атасыз үй-батасыз 3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар

Анасыз үй-панасыз. Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

2.Анаңа ауыр сөз айтпа 4.Аға әдепті болса іні әдепті

Атаңа ауыр жүк артпа. Апа әдепті болса сіңілі әдепті.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности