link10206 link10207 link10208 link10209 link10210 link10211 link10212 link10213 link10214 link10215 link10216 link10217 link10218 link10219 link10220 link10221 link10222 link10223 link10224 link10225 link10226 link10227 link10228 link10229 link10230 link10231 link10232 link10233 link10234 link10235 link10236 link10237 link10238 link10239 link10240 link10241 link10242 link10243 link10244 link10245 link10246 link10247 link10248 link10249 link10250 link10251 link10252 link10253 link10254 link10255 link10256 link10257 link10258 link10259 link10260 link10261 link10262 link10263 link10264 link10265 link10266 link10267 link10268 link10269 link10270 link10271 link10272 link10273 link10274 link10275 link10276 link10277 link10278 link10279 link10280 link10281 link10282 link10283 link10284 link10285 link10286 link10287 link10288 link10289 link10290 link10291 link10292 link10293 link10294 link10295 link10296 link10297 link10298 link10299 link10300 link10301 link10302 link10303 link10304 link10305 link10306 link10307 link10308 link10309 link10310 link10311 link10312 link10313 link10314 link10315 link10316 link10317 link10318 link10319 link10320 link10321 link10322 link10323 link10324 link10325 link10326 link10327 link10328 link10329 link10330 link10331
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Рационал бөлшектерді бөлу

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті

«Алакөл ауданының Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Мемлекеттік мекемесінің

Математика пәнінің мұғалімі

Орынгожинова Жанар Баукешовна

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп,

жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерді

бөлу алгоритмін қолдана білуге және қасиеттерін меңгерту.
Дамытушылық : Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын

жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал бөлшектерді бөлу

кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу

дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тез

шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра

отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне

сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі : Іздену сабағы
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
• Деңгейлеп оқыту ;

• Топпен жұмыс ;
• Сұрақ-жауап;
• Талдау,өз шешімдерін ұсыну, ішінара түсіндіру, рефлексия

Көрнекілігі : белсенді тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар, бағалау парағы


Пәнаралық байланыс: информатика, логика, халықтық педагогика, тарих.

Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын міндеттер :


Нені меңгеру керек:
- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын, натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдана отырып, бөлшектерді бөлу алгоритмін өз беттерімен қорытындылау.


Сабақтын барысы :


I. Ұйымдастыру кезеңі
IІ. Үй жұмысын тексеру(бағалау парағы арқылы)
IIІ. «Қайталау — оқу анасы». Өтілген материалдарды қайталау.

  1. Жаңа тақырыпты меңгеру.
  2. Жаңа сабақты қорытындылау.
  3. Сергіту сәті.
  4. Жаңа сабақты бекіту ( тақырып бойынша деңгейлік есептер шығару)
  5. Үйге тапсырма беру.

ІХ. Рефлексия(«Табыс ағашын отырғызу»)

Х. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі :

(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал — жабдықтардың барлығын анықтау)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Сабақта белсенді тақтаны қолданамыз. Алдыңғы сабақтарда алған білімдеріңді қолданып, ізденіспен жұмыс жасап, жаңа материалды өз беттеріңмен қорытындылап, меңгерулерің қажет.


Психологиялық дайындық:


- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілек тілейік (оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады).

ІІ. Үй жұмысын тексеру (бағалау парағы арқылы)

Оқушылар үй тапсырмасының дұрыстығын тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен тексеріп, өздері өздерін бағалайды. (тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына тиісті бағасын қояды).

Үй жұмысын тексеру

Дұрыс жауаптар :

2.

5 дұрыс есепке — « 5 »

4 дұрыс есепке — « 4 »

3 немесе 2 дұрыс есепке — « 3 »

Барлығы дұрыс емес — « 2 »

IІІ. Қайталау — оқу анасы

  1. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз ?
  2. Бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз ?
  3. Рационал бөлшектерді қалай көбейтеміз ?

– Балалар, алгебралық бөлшектерге амалдар қолданған кезде ең көп қолданатын қандай формулалар ? (қысқаша көбейту формулалары)
Сәйкестік тест өткізіледі. Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабыстырамыз(дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).
1. a2-b2= 1. a3-3a2b+3ab2-b3
2. (a-b)2= 2. (a-b)(a+b)
3. (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)
4. (a-b)3= 4. a2-2ab+b2
5. (a+b)3= 5. a3+3a2b+3ab2+b3
6. a3-b3= 6. a2+2ab+b2
7. a3+b3= 7. (a+b)(a2-ab+b2)

ІV. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Оқушылар, дәптерлеріңе бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазамыз.

17 — сәуір.

Рационал бөлшектерді бөлу.

Алдымызға қойған негізгі мақсатымыз рационал бөлшектерді бөлу, яғни

оларға амалдар қолдануды тиімді тәсілмен шешуді үйренуіміз керек.

Тапсырма : оқулықтың көмегімен топтаса отырып, жаңа материалды

меңгеру, мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

Жаңа сабақты қорытындылау :


– Балалар, информатика пәнін « Алгоритм » сөзінің мағынасымен танысасыңдар. Алгаритм - белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын реттелген әрекеттер жиыны.
- Ал бұл алгоритм математикада заңдылық болып есептеледі.
- Енді біз рационал бөлшектерді бөлу алгоритмін құрастырайық(оқушылар өздері құрастырады)

Рационал бөлшектерді бөлу алгоритмі:


Бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек

VІ. Сергіту сәті :

Балалар, бүгін сабақта сендер әр топта неше баладан бөлініп отарсыңдар ? (жеті )

Қысқаша көбейту формулалары нешеу ? ( жеті ) Қалай ойлайсыңдар, 7 саны жайында не айтуға болады ? Жеті саны киелі сан деп есептеледі. 7 санынан тұратын нелер жайында айтуға болады ?

Тәуке Ханның жеті жарғысы

Жеті жұт

Жеті ғалам, жеті қазына, жеті ата, жеті күн, Тәуке Ханның жеті жарғысы, жеті жұт, жеті жетекші.

Музыка сабағында сазгерлер, әншілер, күйшілер жайында оқыдыңдар. Айтыңдаршы, қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер ? ( Құрманғазы, Дина )

Қазіргі кезде шыққан күйшілеріміздің ішінен А. Еңсеповты естулерің бар шығар. Қазір Асылбек Еңсеповтың «Балалық шақ» деп аталатын күйін тыңдай отырып, қазақтың «Жеті қазынасымен» танысасыңдар. Тақтаға назар аударамыз.

Слайд. «Жеті қазына» көрсетіледі.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту ( тақырып бойынша есептер шығару)

Әр топқа деңгей бойынша дайындалған есептер беріледі. Оқушылар өз мүмкіндігі бойынша есепті таңдап шығарады. Дайын оқушылар есептерінің шығарылуын тақтада орындап, талдау жасайды. ( мұғалімнің қойған бағасын оқушы бағалау парағына қойдырады)

VІІІ. Үйге тапсырма беру:

Оқулықтан : № 547 (3,4), №552 (2,3), №553 (4).

Есептерін шығару.

ІХ. Рефлексия : « Табыс ағашы »


– Енді «Табыс ағашын »отырғызайық. (Әр топқа ағаштың суреті салынған плакат беріледі)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек — экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз (оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағашқа жапсырады).

• Қызыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
• Жасыл алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.


Х. Бағалау. ( бағалау парағына қойылған бағаларды жинақтап, оқушылардың сабақтағы қорытынды бағалары шығарылып, журналға қойылады)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности