link5796 link5797 link5798 link5799 link5800 link5801 link5802 link5803 link5804 link5805 link5806 link5807 link5808 link5809 link5810 link5811 link5812 link5813 link5814 link5815 link5816 link5817 link5818 link5819 link5820 link5821 link5822 link5823 link5824 link5825 link5826 link5827 link5828 link5829 link5830 link5831 link5832 link5833 link5834 link5835 link5836 link5837 link5838 link5839 link5840 link5841 link5842 link5843 link5844 link5845 link5846 link5847 link5848 link5849 link5850 link5851 link5852 link5853 link5854 link5855 link5856 link5857 link5858 link5859 link5860 link5861 link5862 link5863 link5864 link5865 link5866 link5867 link5868 link5869 link5870 link5871 link5872 link5873 link5874 link5875 link5876 link5877 link5878 link5879 link5880 link5881 link5882 link5883 link5884 link5885 link5886 link5887 link5888 link5889 link5890 link5891 link5892 link5893 link5894 link5895 link5896 link5897 link5898 link5899 link5900 link5901 link5902 link5903 link5904 link5905 link5906 link5907 link5908 link5909 link5910 link5911 link5912 link5913 link5914 link5915 link5916 link5917 link5918 link5919 link5920 link5921
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жақсылықпен жаным дос

Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз қаласы
"№5 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Психолог-педагог
Мадиева Алия Заирқызы

Мақсаты:

Балалардың «жақсылық», «махаббат», «құндылықтар» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Білімділік: Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

2.Дамытушылық: Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Қайырымдылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, пікірлесу сұрақтары , мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, сахналау,шығармашылық жұмыс,дәптермен жұмыс, қорытындылау, үй тапсырмасын беру, жүректен-жүрекке әдісі.

Көрнекіліктер:дәптер,оқулық,суреттер.

Сабақ құрылымы

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

III.Жаңа сабаққа дайындық

IV.Жаңа білімді меңгерту

V.Жаңа білімді бекіту

VI.Қорытындылау

VII.Үй тапсырмасы

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі (1мин)

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Менің аты-жөнім:Тұрсынова Жанерке

Шаттық шеңбері (3мин)

- Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін»құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін сөздермен,көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік.

- Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,өте ұқыпты баласың,адал доссың.

Енді бәріміз қосылып «Біз өмірдің гүліміз»өлеңін айтайық,

Біз өмірдің гүліміз

Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз өмірдің гүліміз

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштыққа,

Нұр құшақта

Бақыттымыз біріміз.

II.Үй тапсырмасын сұрау.(5 мин )

5-6 баладан

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос» деп аталады.

Дәйек сөз

«Жақсы сөз-жарым ырыс»

III.Жаңа сабаққа дайындық.(5 мин )

Пікірлесу сұрақтары:

-Жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

-Жақсылық жасау деген не?

-Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

-Жақсылық жасау адамның міндеті ме?

-Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?

IV. Жаңа сабақты меңгерту. (25 мин )

1.Мәтінмен жұмыс

Жақсылыққа-жақсылық

27-бет

Сұрақтар:с

-Бала өзімшілдігінен қалай айырылды?

-Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?

-Өздерінің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

2. Шығармашылық жұмыс.

Ертегілерді оқып,жалғасын өз ойларыңмен аяқтаңдар

Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш ұя салып,балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп,ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды: Қарлығаш жыланды көріп,қатты қорқып,қорғап қалатын арашашы іздейді…

Арыстан мен тышқан

Бір күні арыстан ұйықтап кезде,тышқан келіп,оның үстінен жүгіріп өтеді.Арыстан оянып,тышқанды ұстап алады.Тышқан жалына бастайды:

«Егер мені жіберсең,мен де саған жақсылық жасармын»,-дейді ол.Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп,оны босатып жіберді.

3.Тапсырма

Өздеріңнің жасаған жақсылықтың туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.

4. Ойын

Әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазып,көрінбейтіндей етіп жайып қояды.Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздарың біреуін таңдайды.Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланың құлағына сыбырлап айтады.Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді.Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткеннен табу керек.

5.Дәптермен жұмыс

V.Жаңа білімді бекіту.

-Жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді.Қайырымдылық пен қамқорлықтан,махаббаттан,ізгілік пен игіліктен тұрады.Осы бар қасиеттер қай адамның бойында табылса сол адамды жақсы адам деп айта аламыз.Қолымыздан келгенше жақсылық жасау қажет.Жасаған жақсылығы- мыз алдымыздан шығады.Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып,көмектесе алсаң жақсылық жасағаның яғни «жарым ырыс»деген сөз.

VI.Үй тапсырмасы

27-бет оқу,мазмұадау

VII.Қорытындылау

Жүректен-жүрекке

Бір-бірімізге жылы лебіз,жақсы тілек айтайық.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности