link7560 link7561 link7562 link7563 link7564 link7565 link7566 link7567 link7568 link7569 link7570 link7571 link7572 link7573 link7574 link7575 link7576 link7577 link7578 link7579 link7580 link7581 link7582 link7583 link7584 link7585 link7586 link7587 link7588 link7589 link7590 link7591 link7592 link7593 link7594 link7595 link7596 link7597 link7598 link7599 link7600 link7601 link7602 link7603 link7604 link7605 link7606 link7607 link7608 link7609 link7610 link7611 link7612 link7613 link7614 link7615 link7616 link7617 link7618 link7619 link7620 link7621 link7622 link7623 link7624 link7625 link7626 link7627 link7628 link7629 link7630 link7631 link7632 link7633 link7634 link7635 link7636 link7637 link7638 link7639 link7640 link7641 link7642 link7643 link7644 link7645 link7646 link7647 link7648 link7649 link7650 link7651 link7652 link7653 link7654 link7655 link7656 link7657 link7658 link7659 link7660 link7661 link7662 link7663 link7664 link7665 link7666 link7667 link7668 link7669 link7670 link7671 link7672 link7673 link7674 link7675 link7676 link7677 link7678 link7679 link7680 link7681 link7682 link7683 link7684 link7685
Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі "Рахмет саған, Әліппе!"

Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі:

Джуматаева Ақмарал Бөлегенқызы

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

«Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігі. №1 слайд
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Ата — аналарға балалардың қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.
Көрнекіліктері: «Рахмет саған, Әліппе!», нақыл сөздер, шарлар, оқушылардың үлгілі таза дәптерлері, Ы.Алтынсарин портреті. Презентация, фильм, кейіпкерлер.
№2 слайд. Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып-үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын — Әліппе оқулығы. Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Екі тоқсан бойы оқыған әліппемен қоштасатын сәт те келіп қалды. Алдарыңызда 1”ә” сынып оқушылары әліппеден алған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақшы. Қарсы алайық!

( әуенмен оқушылар кіреді.)

*Құттықтау сөзі мектеп әкімшілігіне беріледі.

Мөлдір:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Өсті білім, сан санат.

Аружан: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан "Әліппені” бітірдік.

Әдемі: Біз енді өзіміз — ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерімізді бөгетсіз оқи аламыз.
Бейне- Ән: «Тұлпарым»

(№ 3 слайд)

Дамиржан:

Бар кітапқа бас болған,

"Әліппе” ғылым ағасы, Әліппеден басталған, Даналықтың данасы.

Мұғалім:Қайда екен біздің Әліппе?

( әуенмен Әліппе келеді. Қолында сандық )

№4 слайд)

Әліппе:Армысыңдар жас достар,

Армысың ата-аналар. Болашаққа жол бастар, Әліппе келді ортаға. Менің атым әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен, Бауыржан да, Мәлік те.

Барлығы:Оны біз де білеміз.

Сондықтан да Әліппе. Мәңгілік сені сүйеміз.

Әліппе:Олай болса алғашқы.

Әліппені кім жазды?

(№5 слайд) Барлығы: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім:Білім туралы Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Дамиржан:
Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Барлығы: 42 әріп бар.

(№6 с) Әліппе : Ал әріптер қайдасыңдар, сапқа тұрыңдар!

( оқушылар кейбір әріптерге байланысты тақпақтарын айтады. )

Жания: А-дегенім ардақты, Ақ сүт берген апамыз.

Адиля: Ә-дегенім әнімнің, Әнге айналған әуені.

Диас: С-дегенді ел сәбидің, Сылдырмағы ұқпай ма?

Ерсултан: У жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл.

Дильназ: М дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.

Азиза: Ш Шытырмақ текше ғой
Алты қырын екшей ғой.

Мөлдір: Ғ Ғажап бояу жағады
Ғали сурет салады.

Әдемі: Р Ракета зымырап
Ғарышқа оны ұшырам.

Дамиржан: Б-дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой.


Аружан: Ұ Ұшақ ұшатын
Бұлтарды құшатын.

Азиза: Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.

Мұғалім: Әріптердің сыры бар,

Алфавитті біліп ал!

Ән: «Әнші балапан».

(№7 слайд.) Мұғалім: Ойын. «Жоғалған әріп»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к… гершін, лагерь, хоккей, т.с.с
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

(№8 слайд) "Сұрақ — жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар: 1 топқа сұрақтар
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->

2 топқа сұрақтар: 9. Күзде не сарғаяды?

10.Сен қайда тұрасың?
11.Сенің Отаның қай ел?
12.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

13.Орман дәрігері қай құс?

14.Қыста қоянның түсі?

15.Егінді қашан орады?

16. Иіс сезу мүшесі?

Әдемі: «Жарқын жүзді ұстазым.» Ш.Смаханұлы

Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып.

Жақын тарттың жаңына

«Шәкіртім» деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың,

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

(№9 слайд) Ән. "Рахмет саған, әліппе” (орындарына отырады)

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар!

Мұғалім: Қазақ халқы шешен халық.Шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы. Ата-бабадан балаларға жеткен баға жетпес байлық, асыл қазына.

(музыкамен залға екі пират кіреді )

(№10 слайд щелчокпен басу 1 рет) 1-пират:Естідіңбе, мына кітапта қазына, байлық бар екен!

2-пират: Тезірек алып қашайық! Іші толған алтын, ақша шығар! Бұл нағыз байлық!

(екеуі залды айналып ,Әліппені қоршап алады. Қолындағы сандығын ашады)

1-пират: Мынау не? Әріптер, суреттер?! Байлық қайда?

2-пират: Қазынаны қайда тықтың?

Комментарии пользователей /1/
  1. akma150878
    Құрметті әріптестер, кешіріңіздер небір қателіктерден екі рет жіберілсе де әзірлеме толық түспепті.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности