link6600 link6601 link6602 link6603 link6604 link6605 link6606 link6607 link6608 link6609 link6610 link6611 link6612 link6613 link6614 link6615 link6616 link6617 link6618 link6619 link6620 link6621 link6622 link6623 link6624 link6625 link6626 link6627 link6628 link6629 link6630 link6631 link6632 link6633 link6634 link6635 link6636 link6637 link6638 link6639 link6640 link6641 link6642 link6643 link6644 link6645 link6646 link6647 link6648 link6649 link6650 link6651 link6652 link6653 link6654 link6655 link6656 link6657 link6658 link6659 link6660 link6661 link6662 link6663 link6664 link6665 link6666 link6667 link6668 link6669 link6670 link6671 link6672 link6673 link6674 link6675 link6676 link6677 link6678 link6679 link6680 link6681 link6682 link6683 link6684 link6685 link6686 link6687 link6688 link6689 link6690 link6691 link6692 link6693 link6694 link6695 link6696 link6697 link6698 link6699 link6700 link6701 link6702 link6703 link6704 link6705 link6706 link6707 link6708 link6709 link6710 link6711 link6712 link6713 link6714 link6715 link6716 link6717 link6718 link6719
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы

Қазақстан Республикасы,Орал қаласы

Орал политехникалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Бейлова Маржан Серикбаевна

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасымен таныстыру, поэманың тақырыбы мен идеясын ашу арқылы поэманың әдеби құндылығына тоқталу.

2. Дамытушылық: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыра отырып, оқиғалар шиеленістерін зерделеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды өлеңді кешенді талдай білуге төселдіру, өздігінен ойланып түйінді ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру. Адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімнің өркендеуінетәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: іздендіру

Сабақтың әдісі: талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, оза оқыту, мазмұндау, сәйкестендіру, ұйқас құрастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Сәкен портреті, шығармалары, жұмыс дәптері, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, ағылшын.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сәкен Сейфуллиннің өмірдерегі

2. «Сыр сандық» мәнерлеп оқу

3. Өлең кімге арналған?

4. «Сыр сандық» шумақтарына талдау

5. Сатылай кешенді талдау.

6.Ұйқас құрастыру

III. Жаңа сабақ:

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы

Сабақтың эпиграфы: «Көкшетау» - Отан туралы поэма» С.Қирабаев

Сабақтың барысында жүргізілетін талдаулар:

1. Ән тыңдау. «Тау ішінде»

-Өлең қандай тақырыпта айтылған?

-Сәкен тек реалист ақын емес, ол — лирик ақын. Махаббат, табиғат тақырыбына да арнаған туындылары жетерлік. Сәкенді жан-жақты ақын, жазушы ,зерттеуші еткен сол заман, сол кездегі қоғам. Ендеше, Сәкенді ойшыл ақын еткен дәуір қандай болды екен?

«Көкшетау» поэмасы дүниеге келіп жатқан кез қандай кез? Тарихта ол кезеңдер қандай оқиғасымен қалды?

Тарихқа шолу.

- Сәкеннің өмір сүрген кезеңі Қазақстан тарихының қиын да, күрделі уақытына тап келді. Балалық шағы қазақ елінің патшалық Ресейдің отары болуымен тұспа-тұс уақытта өтті. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық –демократиялық революциясы, одан кейін қазан төңкерісі, яғни Қос өкіметтің орнауы, Сәкеннің саясатқа араласуы, Кеңес өкіметін қолдап, түпкілікті жеңуіне ат салысуы, осы кездегі тарихи оқиғалар өзінің «Тар жол ,тайғақ кешу» романында жақсы көрсетілген. 1918-1920жж. Азамат соғысы Кеңес үкіметінің ұжымдастыру, индустрияландыру саясатын жүргізуі, 1931-33 жж. ашаршылық, 1937-38жж. Кеңестік жаппай лаңкестік жазалау — осының бәрін басынан кешірді.

- Енді өзінің ең үздік шығармаларының біріне тақырып етіп алған Көкшетау елді мекені туралы мәліметті география пәнімен байланыста қарастыралық

- Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы, республикамыздағы өнеркәсіпті орталықтардың бірі. Өнеркәсіптің басты орындары машина жасау, тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығаруға маманданған.

Ірі кәсіпорындардан таразы шығаратын механикалық зауыт, Көкшетау автомобиль жөндеу зауыты, үй құрылысы комбинаты, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін ет комбинаты, сүт ,балық зауыттары, тігін және кереует фабрикалары бар.

Қала 1842 ж. құрылған. Бүгінгі таңда қалада тоқыма және өнеркәсіптік бірқатар басқа да салалары жұмыс істейді. Жеке бизнес пен кәсіпкерлік ісі қарқынды дамуда. Қала халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарында шамамен 140 мың адам болды.

Көкшетау қаласы облыстың мәдени орталығы болып табылады. Онда орыс драмалық театры, Ш.Құсайынов атындағы музыка-драма театры жұмыс істейді. Кеңес Одағы Батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы және т.б. бар.

«Көкшетау» поэмасы туралы әдеби түсінік.

«Көкшетау» поэмасы 1929 ж. жарық көрді. Бұл кезең кеңестік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма КазААП-тың сынағына көп ұшыраған. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді.

Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын ,көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады.

Поэманың негізгі арқауы — қалмақ қызы мен адақ батыр арасындағы сюжет. Жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын ,жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір-қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.

«Көкшетау» поэмасының мазмұнын талдау.

Поэма кейіпкерлері туралы мінездеме.

(Оқушылар өздері дайындаған Адақ, қалмақ қызы, Абылай туралы мінездемелерін оқиды.)

Поэманың негізгі бөлімдері туралы мәнерлеп оқу.

(«Оқжетпес», «Жеке батыр», «Жұмбақтас», «Бурабай» туралы мәнерлеп оқу.)

Негізгі бөлімдері:

Көкше сипаттары:

-Жеке батыр

-Бурабай

-Оқжетпес

-Жұмбақтас

-Қыз бен жігіт

-Адақ

-Адақ мерген

Тапсырмалар.

1. Графикалық тест.

1. С.Сейфуллин 1894ж. туған ба?

2. «Көкшетау» поэмасы 1930 ж. жазылған ба?

3. Поэма тұтқындағы қыз туралы ма?

металлические детали в кирове.

4. Әкесі Сейфолла, анасы Жамал ма?

5. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияға 1914ж. түскен бе?

6. Алғашқы өлеңдер жинағы 1915ж. Қазан қаласында басылып шықты ма?

7. Сәкен атаман Анненковтың азап вагонынан 9ай дегенде әрең қашып шыға ма?

8. 600 шақырым жерді жаяу жүріп еліне келе ме?

9. Есіл ер 44 жасында опат болды ма?

10. «Көкшетау» 48 тараудан тұра ма?

9. Сәйкестендіру

Сәйкестендіру.

«Талайға азаттықты бердім» дейді,

«Ақ жүрек көкті кезген ермін» дейді.

«Дөп келдің, шабытыма» деп күледі,-

«Тоймасам өздеріңді жермін» дейді.

Еңіреп,төрт балапан шуылдайды,

Қарақұс қоқиланып, қимылдайды.

Сол кезде аждаһардай көкте ысқырған,

Бірдеме жоғарыдан суылдайды.

Іздеуге жол-жобасын құрғанынша,

Безеніп көкке құлаш ұрғанынша,

Аспаннан бір ақ сұңқар ағып келіп

Сап етті кептер мойнын бұрғанынша

Ұйқының мұнарына шомып батып ,

Қара жер түн жамылып, қалғып қатып…

Жалғыз-ақ қара түнде жем аулайды

Кейбірі мақұлықтардың күндіз жатып.

IY. Жаңа тақырыпты бекіту

«Ділмәр»

1. «Көкшетау» поэмасы қашан жазылды?

2. «Көкшетау» тақырыбы не туралы?

3. Қалмақ қызы неге жауынгерлер ортасында?

4. Қыздың 3-шарты не?

5. Қыз шың басына не тікті?

6.Адақ неше тапсырма орындады?

7. Неше топ жігіттер бірін-бірі арқалап жарысты?

8. Абылай Адаққа шартты орындауға не берді?

9.Қыз жұмбағында өзін неге теңеді?

10. «Жеке батырды»қандай батыр түрінде суреттейді?

Y. Сабақты қорытындылау.

Эпистолярлық әдіс. «Сәкен ағаға хат»

YI. Үйге тапсырма.

1. Поэмадағы әдеби ұғымдарды табу.

2. Бөлімдеріне сурет салу.

3. Ойтолғау: «Көкшеге көкірек әлеміндегі саяхат»

YII . Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности