link13066 link13067 link13068 link13069 link13070 link13071 link13072 link13073 link13074 link13075 link13076 link13077 link13078 link13079 link13080 link13081 link13082 link13083 link13084 link13085 link13086 link13087 link13088 link13089 link13090 link13091 link13092 link13093 link13094 link13095 link13096 link13097 link13098 link13099 link13100 link13101 link13102 link13103 link13104 link13105 link13106 link13107 link13108 link13109 link13110 link13111 link13112 link13113 link13114 link13115 link13116 link13117 link13118 link13119 link13120 link13121 link13122 link13123 link13124 link13125 link13126 link13127 link13128 link13129 link13130 link13131 link13132 link13133 link13134 link13135 link13136 link13137 link13138 link13139 link13140 link13141 link13142 link13143 link13144 link13145 link13146 link13147 link13148 link13149 link13150 link13151 link13152 link13153 link13154 link13155 link13156 link13157 link13158 link13159 link13160 link13161 link13162 link13163 link13164 link13165 link13166 link13167 link13168 link13169 link13170 link13171 link13172 link13173 link13174 link13175 link13176 link13177 link13178 link13179 link13180 link13181 link13182 link13183 link13184 link13185 link13186 link13187 link13188 link13189 link13190 link13191 link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199 link13200 link13201 link13202 link13203 link13204
Жандельдинова Гульмайрам Серикбаевна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан г Астана
Регион:Астана
Қазақ тілі сабағында топтық жұмыстың тиімділігі

Жанделдінова Гүлмайрам Серікбайқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

білімі: жоғары, санаты: бірінші

Астана қ. № 32 мектеп-гимназия

Қазақ тілі сабағында топтық жұмыстың тиімділігі

Кәсіби білікті мұғалім болу –қазіргі заман талабы. Мұғалім ролі де өзгерді. Қазіргі кезде мұғалім — нұсқаушы, бағыт беруші. Яғни, мұғалімнің жұмысына қойылатын талаптар да өзгерді. Тәлімгер мектепте білім алып, біліктілік және дағды қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар (тұлғалық ерекшеліктеріне сай) жан-жақты білім жиынтығын алып шығуға міндетті. Дегенмен де қандай иновациялық әдістер енгізілгенімен , тек қана сабақта, жүздеген және мыңдаған жылдар бойы келе жатқандай оқу үдерісінің қатысушылары болады: мұғалім және оқушы. Бұл кездесудің қалай болуынан көп нәрсе байланысты. Қазіргі заманның мектептерінің мақсаты — тұлғаның өзінің білімділігі, қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сай, зерделік шығармашылық еңбекке дайын , өз ісін жүзеге асыруға жағдай жасайтын, білім қажеттілігін қамтамасыз ететін білім жүйесін жасау. Жаңа уақыт талабы бойынша, қарама-қарсы қатынас жасай алатын, бірлесе отырып істер атқаратын, басқаға қол ұшын бере алатын адамдар қажет. Яғни, қоғамның сұранысына сай, сабақтарда топтық жұмыстарды енгізу қажет болды. Тұлғалық-бағыттық оқытуды көрсететін топтық жұмысты ұйымдастыру менің іс-тәжірибемнен алынып отыр.

Әр оқушының таланты мен қабілеті бар. Сол қабілет пен мүмкіндіктерін біз, мұғалімдер дер кезінде байқап, қолайлы жағдай жасап, ашуымыз керек. Бұл біздің міндетіміз. Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері менің оқушыларымды басқа қырынан танытты. Оқушыларды жан-жақты ашуға, әрқайысысының мінез-құлқының ерекшелігін байқауға көмектесті. Әр сабақта топқа бөлудің алдында, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тырысамын. Топтасу барысында әр оқушы қамтылады.Топтық жұмыс әдісі мұғалімнің тарапынан мұқият дайындықты талап етеді. Мұндай сабақтың жоспары барлық екжей-тегжейіне дейін қаралуы керек. Мұғалім топтарға арналған негізгі және қосымша тапсырмаларды анық тұжырымдап, жұмысты қалай ұйымдастыру керектігін мұқият ойластыруы (топтың сыныптағы, тапсырманы орындау барысындағы құрылымы, жедел бақылау түрлерін және т. б.), кедергілерді ескеруі керек. Мен топтарды әртүрлі деңгейдегі оқушылардан құрамын. Бастапқы кезде топтарға бірыңғай жақсы оқитын немесе бірыңғай нашар оқитын оқушылар түсуінің нәтижесінде жұмыстың өнімі мен ойлағандай мақсатқа жеткізбеді. Бірақ келе-келе бұл олқылықтарды ескере отырып топтарды біркелкі жұмыс нәтижесін беретіндей етіп бөлуді үйрендім. Топтық жұмыс барысында Лев Выгодскийдің ЖАДА-сы жақсы көрініс табады. Басқаларға көмек бере алатын оқушыларды сарапшы ретінде алып отырамын.Оларды анық тану үшін сынып жетекшілерімен үнемі байланыста боламын.Сонымен қатар жоғары деңгейдегі даму қабілетімен тіл үйренуге құштарлығы бар, есте сақтау қабілеті де жоғары болады. Оған оқу үдерісі ұнайды. Топқа бөлу — міндетті түрде тақырыппен байланысты болады. Мысалы, «Біздің аула» тақырыбында аулаға байланысты заттардың суреттерін беріп, бөлемін. Немесе, «Ас үйде» тақырыбында ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, жиһаздың суреттері бойынша бөлінеді. Әрине, бастауыш сыныптар болғандықтан кейін, топқа бірден бөлініп, бірден үйреніп кеткен жоқ. Бұл жұмысты ұйымдастыру және оқушыларды жаңа жұмыс тәсіліне үйрету, бірталай уақыт алады екен. Бірақ, уақыт өтегелі, оқушылар жинақталып, топтық жұмысына да үйреніп кетті. Топтық жұмыс оң нәтижесін бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы арта бастады.Аталмыш тәсіл алдымен оқушыларды бірігіп жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, бірін-бірі оқытуға жетелеп, көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар бірінен-бірі үйреніп, өз ойын еркін айтуға оқушыларға ықпал етеді. Топтық жұмыста оқушыларым өздерін еркін ұстап, арасында күлкі де, әзіл болды, бірақ мен ескерту жасамаймын, еркіндікке мүмкіндік беремін. Байқағаным, балалар топтық жұмыстан кейін көңілденіп, араларында достық қарым-қатынас орнаған сияқты. Олар білмей жатқан жерлерін бір-бірінен сұрайды, өз ойларын басқаларға жеткізу үшін шешімдерін дәлелдеп береді.Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Топтық жұмыс қазақ тілі сабақтарында өте тиімді деп санаймын. Себебі орыс тілді аудитория болғандықтан оқушылар өз ойларын толық, еркін жеткізе алмаса да, олар негізгі ойларын сызба, сурет түрінде салып, шағын әңгіме құра бастайды. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салуда. Топтық жұмыста түрлі кикілжің жағдайлар да туындауы да мүмкін. Мысалы, Малика деген оқушым бір сәтте топқа араласпай, тапсырманы өзі ғана орындап отырғанын байқап қалдым. Содан кейін Маликаға топпен бірге жасаңдар жұмысты деп ескерттім. Сонда ол маған айтқан жауабы: «Олар мені тыңдамайды, мен барлығын өзім де айтып беремін» -деді. «Бұл топтық жұмыс болғаннан кейін, бірігіп жасау керек, сенің идеяң біреуге көмек болатын шығар, қайдан білесің?» - деген сөздерімнен кейін, Малика топпен бірге белсене араласып кетті. Жоғарыда айтылғандай осындай сәттерде әр оқушының мінез-құлқының байқап, тануға болады. Яғни, топтар арасында бәсекелестік туындап, ол бәсекелестік дауды тудыру мүмкін. Оның алдын алу үшін топтар құрамын үнемі ауыстырып отырған дұрыс, яғни ауыспалы топтар жасау. Топтарды құруда түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер ақылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері, жастары бойынша есімдерінің әріптері арқылы, мозаика т.б. тәсілдер қолданамын.

Топтың ішінде тиімді жұмыс ұйымдастыру мақсатында тиімді диалогты негізге алған жөн. Мерcер мен Литлтон (2007) еңбектерінде диалог cабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өcуіне үлеc қоcады дегендей оқытудағы жаңа тәcілдерді cабағымда қолданып, оқушылардың ауызекі тілдерін дамыту үшін диалогтік әдіcін қолданамын. Оқушылар жұппен, топпен cұрақтар құраcтырады. Менің байқағаным, бұл жұмыcты олар қызыға орындайды. Бұл тапcырмада оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруін, идеяларын дәлелдеуге және қандай деңгейде екенін түcінуіме оcы бірлеcкен cұхбат көмектеcетініне көзім жетті.

Топтық жұмыстан кейін, оқушылар рефлексия жазады. Кейде рефлексия ауызша да алынады. Сабақта не ұнады, қандай сәттерге көбірек көңіл бөлдіңдер деп сұрағанда, Батырхан деген оқушым: «Қазақ тілі сабағында топтық жұмыстарда біз бір-бірімізді тани бастадық, сабақ танымды болды» деген жауабымен мені өте таң қалдырды, яғни, бұл сабақтар балалардың бір-біріне қарым-қатынасын нығайтқанын түсіндімжәне топтық жұмыстың тиімділігіне көзім жетті.

Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлап алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.

Қолданылған әдебиеттер: «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности