link10680 link10681 link10682 link10683 link10684 link10685 link10686 link10687 link10688 link10689 link10690 link10691 link10692 link10693 link10694 link10695 link10696 link10697 link10698 link10699 link10700 link10701 link10702 link10703 link10704 link10705 link10706 link10707 link10708 link10709 link10710 link10711 link10712 link10713 link10714 link10715 link10716 link10717 link10718 link10719 link10720 link10721 link10722 link10723 link10724 link10725 link10726 link10727 link10728 link10729 link10730 link10731 link10732 link10733 link10734 link10735 link10736 link10737 link10738 link10739 link10740 link10741 link10742 link10743 link10744 link10745 link10746 link10747 link10748 link10749 link10750 link10751 link10752 link10753 link10754 link10755 link10756 link10757 link10758 link10759 link10760 link10761 link10762 link10763 link10764 link10765 link10766 link10767 link10768 link10769 link10770 link10771 link10772 link10773 link10774 link10775 link10776 link10777 link10778 link10779 link10780 link10781 link10782 link10783 link10784 link10785 link10786 link10787 link10788 link10789 link10790 link10791 link10792 link10793 link10794 link10795 link10796 link10797 link10798 link10799
Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»

«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм

Қазақстан тарихы пәнінің

мұғалімі

Ахметова Салтанат Муратовна

Эссе

«Менің педагогикалық ұстанымым»

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. (Мәлік Ғабдулин)

«Жер бетінде мекен еткен адам заттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара қасиетке ие болып, қандай бет - бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты»деген екен бір ғұлама.Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші - өз үйі жанұясы, екінші - өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға мектептің жүрегі - мұғалім. Мұғалім — берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол ұстамдылық , ол- ұстаздық». «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он бір жыл болды. Қиыны мен жеңілі,қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым-үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету. Ендеше, мұғалім жұмысының негізгі ісі өзінде. Қай қоғамда болмасын ұстаз жоғары болған.

Бір мұғалім бар-алдынан тез кеткің келеді,

Бір мұғалім бар-қуып жеткің келеді,

Ұстаз бар-алдынан мәңгі жүріп өткің келеді, - деп ақын жырлағандай мұғалім болу аса жауапкершілікті іс деп білемін. Осындай жаһандану заманында тұспа-тұс келген біздің шәкіртеріміздің бойында рухызды сіңіріп,тіл мен дінін, ділін берік ұстанған ұрпақ оқыту. Тәрбиелеу барысында тарих пәні мұғалімнің мойнына жүктелген міндет зор. Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым ұлттық тарихымызды оқушылар бойына сіңіріп, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қамдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу.

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз оқу «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман»,-деп (М.Дулатов) айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісінде шәкірттің білімге құштарлығын арттыру,өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптыстыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап. Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалім шеберлігін арттыру, жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеуге жауапкершілік артады. Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбилеп шығуымыз сөзсіз. Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? (Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланстырады. Соцологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде алып көрсетеді.) Педогогикалық ұстаным-бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқын басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Менің тарих пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жақсарту жағдайындағы педогогикалық ұстанымым: «Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жақтаса ол-нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой). Бұл жағдайда оқыту үрдісінде тарих пәнін меңгеруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану, оқушыларды құзыреттілікке бағыттау уақыт талабына айналып отыр. Құзыреттілікке жетелеп алған білімді тәжірбие жүзінде пайдалану, өмірде пайдалану, жеке басының қабілеттерін дамыту мақсатында қолдана білу мүмкіндігі де есептеледі. Тарих білімінің сапасын артырудағы ең маңыздысы тарих пәні мұғалілімінің біліктілігінде, ол дегеніміз оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуде оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру және алға қойған мақсатарының шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеру. Ондағы міндет оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында сабақтарында электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны, тірек сызба нұсқалары, сынтұрғыдан ойлану стратегияларын пайдалана отырып, оқушыларды өздіктерінінен шығармашылық ізденіске бағыттаймын. Біліммен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен жобаны іске асырып отырған елімізде білім жоғары деңгейде қарқынды дамитынында сенімім мол.

Ұстаз - әкең мен шешеңдей қолыңнан ұстап, талабыңды көріп жақсылыққа теліп, бағыт-бағдар беретін өміріңе жол ашатын жанашыр жан.

Ұстаз - шәкірттің рухани әкесі. демекші, Академик (М.Қозыбаев). Мен әрқашан оқушылармен бірге өмір сүремін.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности